Қазақ мақал-мәтелдерінен жүйелі ойға құрылған шешендік сөзді ғана емес, одан халықтың тұтас өмірін көруге болады.
Ғасырлар бойы ұрпаққа ауыздан-ауызға тарап, мәнін жоймай сақталған мақал-мәтелдерден қазақ халқының тұмыс-тіршілігін, дүниеге деген көзқарасын, арман мүддесіне дейін байқауға болады. Мағынасы терең, ойды дәл берген мақалды кез келген дау-жанжалда, халық өміріне қатысты қажетті шешім қабылдағанда орнымен қолданудың маңызы зор болған. Ал ондай кезде "Аталы сөзге арсыз жауап береді" деп, қандай жғдайда болмасын орнымен айтылған жүйелі сөзге тоқтаған.
Қағаз бетіне XIX ғасырда ғана түскен
Десек те, қазақ халқының өмірінде маңызды рөл атқарған ауыз әдебиетінің бұл жанры қағаз бетіне XIX ғасырдың екінші жартысында ғана түскен. Филология ғылымының докторы, профессор Дандай Ысқақ "мақал әр кезеңнің оқиғасынан сыр шертеді" дейді.
– Мақал – үлкен толғау, образ арқылы берілген логикалық ой қорытындысы. Оны адам өміріне, тұрмыс–тіршілігіне, қоғамдық жағдайларда кездесетін әр түрлі құбылыстарға, тарихи оқиғаларға берілген даналық баға, тұжырымды түйін есебінде қолданады. Мақал-мәтел ғылымын зерттейтін паремиология ғылымы осындай тұжырым жасайды, – дейді ол.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
«Мақал-мәтелдер- халық қазынасы» / Нұрбаева, М.
«Әлем халықтарының мақал-мәтелдері» Көркем әдеб. бас.,
«Кейбір қазақ мақал-мәтелдеріндегі көне сөздердің этно-лингвистикaлық сипаты»/Аронов Қ.
«Қазақ және ағылшын тілдеріндегі гендерлік қатынасқа байланысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық сипаты»/Қабден М.
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том
Қазақтың мақалдары мен мәтелдері [Мәтін] / - Алматы : Қаз. мем. көркем әдеб. бас., 1957 . - 232 б. - (мұқ.)
Достарыңызбен бөлісу: |