Создание благоприятного психологического климата в детском коллективе и способы урегулирования конфликтов



бет2/7
Дата02.10.2023
өлшемі133.46 Kb.
#479415
1   2   3   4   5   6   7
3 Дәріс-АЖ-3МПКО-2023-24

Мәтін түрлерінің түсініктемесі

Оқулық

Оқу бағдарламасына сәйкес пән бойыншат ғылыми негізде толықтай зерттеп жазылған бір немесе бірнеше автордың ой-пікірі жинақталған мемекет деңгейінде ресми бекітілген оқу кітабы кітабы.

Оқу құралы

Оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша нақты тақырыптарды ғылыми негізде зерттеп-талдап жазылған, әдістемелік кеңестерде ресми бекітілген оқу кітабы.

Монография

Өзекті тақырыпты (бағдарламаға сәйкес) зерттеу барысында ғылыми негізде жазылып, ізденіс бағыты бойынша жүйелі баяндалатын еңбек

Ғылыми баяндама

Белгілі бір зерттеулердің қорытындысы, нәтижесі жазылып, конференция немесе семинарларда жасалған баяндама

Ғылыми мақала

Арнайы бір ғылыми бағыттағы мәселені талқылауға арналып, ғылыми журналдарда, конференция жинақтарында жарияланған мәтін.

Академиялық бағытта жазылған мәтіннің ерекшеліктері:
Күрделі
Жазба тілі ауызекі тілге қарағанда біршама күрделі. Жазба тілінде күрделі сөйлемдер мен сөз тіркестері және лексикалық мағынасы терең сөздер кеңінен қолданылады.
Объективті
Академиялық бағытта жазылатын жұмыс субьективті пікір негізінде емес ғылыми негіздерге сүйеніп тұжырым жасауды көздейді
Формальды
Академиялық жазылым барысында әр түрлі қысқарған сөздер мен диалект, жаргон және т.б. сияқты ауызекі сөйлеу барысында кездесетін сөздерді қолдануға болмайды.
Нақты
Академиялық хатта ақпаратты қолдану барысында нақты мәлімет беру міндетті.
Шектеулі
Академиялық мәтін тақырыпқа байланысты мәселені ғана қамтуы тиіс. Басқа жағдайда жұмыс сапасы төмендейді.
Жауапкершілікті
Автор қашанда өз жұмысы үшін жауапты. Мәтіндегі түрлі қателіктер мен келтірілген тұжырымдар үшін автор өзі ғана жауап бере алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет