Создание благоприятного психологического климата в детском коллективе и способы урегулирования конфликтов


Институционалды дискурс мысалдары



бет5/7
Дата02.10.2023
өлшемі133.46 Kb.
#479415
1   2   3   4   5   6   7
3 Дәріс-АЖ-3МПКО-2023-24

Институционалды дискурс мысалдары:
  • Педагогикалық;
  • Ғылыми;
  • Діни;
  • Саяси;
  • Медициналық;
  • Жарнамалық

  • Тұлғаға бағытталған дискурс тыңдаушылармен жеке әңгімелесуді көздейді. Мұнда айтушының мүддесі бірінші орында тұрады.
    Ғылыми дискурс компоненттері:
  • когнитивті (ұғымдыр; схемалар; объектілер; әдістер; бағдарламалар; парадигмалар; эпистэмалар);
  • Лингвистикалық (сөйлеу жолдары мен формалары; терминалогия; сөйлеу актілері; тілдің синтаксисі; семантикасы және прагматикасы);
  • саяси (тыйымдар мен ережелер; педагогикалық ықпал ету, әлеуметтік өзара әрекеттесу және тәртәп формалары).

Ғылыми дискурс стратегиялары:
  • Проблемалық жағдаятты анықтау және зерттеу пәнін (предмет) бөлектеу;
  • Қарастыратын мәселе тарихына талдама жасау;
  • Зерттеу болжамын және мақсатын тұжырымдау;
  • Зерттеу әдітері мен материалдарын негіздеу;
  • Зерттеу пәнінің теориялық моделін құру;
  • Бақылау мен эксперимент нәтижелерін дайындау;
  • Зерттеу нәтижелерін баяндау жіне талқыға салу;
  • Жүргізілген зерттеуге эксперттік баға беру;
  • Алынған ғылыми нәтижелердің практикалық қолданыс аясын анықтау;
  • Мамандарға және маманеместерге (студенттерге және көпшілік қауымға) қолайлы болатын формада алынған нәтижелерді баяндау.

Бұл стратегияларды келесідей топтастыруға болады: орындау, экспертиза, зерттеуді практикаға енгізіу.
Ғылыми дискурс келесідей жанрда жүзеге асырылады: ғыыми мақала; монография; диссертация, ,ылыми баяндама; конференцияда баяндау, ғылыми-техникалық есеп, рецензия, рефераат аннотация, тезистер.
Ұлттық тілдің функционалдық саласы болып табылатын ғылым тілінің негізгі арқауы – термин. Басқаша айтқанда термин ғылымдағы “орталық” ұғым, түпқазық ұғым. Қазіргі кезде мамандық тілінің тілдік, тілдік емес ерекшеліктері барған сайын күшейе түсуде. 
4.Ғылыми мәтіннің коммуникативтік міндеті
Мәтіннің коммуникативтік міндеті (коммуникация – байланыс орнату) – байланыс орнату тасырмасы, яғни автордың оқырманға қоятын тапсырмасы және оның мәнін ашу үшін құралған мәтін.
Коммуникативті тапсырма берілген сөйлем әдетте мәтіннің басында тұрады. Кей жағдайда коммуникативті тапсырма міндеті нақты сөйлемдерде анық қойылмайтын жағдайлар да кездеседі, ол бар деп есептеледі. Бұл жағдайда сипаттау пәнін (объектісін, затын) анықтау қажет, оның сипаттамаламаларының ерекшеліктерін (құрылымы, формасы, құрамы және т.с.с) айыру керек, содан соң ғана мәтіннің коммуникациялық міндеттері тұралы қорытынды жасау керек.
Өте жиі кездесетін ғылыми мәтіндер типінің коммуникативтік міндеттерін логикалық анықтау мысалын қарастырайық.
Егер мәтінде пән қандай бөліктерден тұратыны берілсе, онда оның коммуникативті міндеті – пәннің құрылуын көрсету болып табылады.
Егер мәтінде пәннің сипаттамасы берілсе - коммуникативтік міндет пән сипаттамасы болады. Мәтінде пәннің әтүрлі сипаттамасы берілуі мүмкін және соған сәйкес коммуникативтік міндет тұжырымдалады.
Егер мәтінде пәннің ішкі контуры, сыртқы сыртқы формасы сипатталса, онда коммуникативтік міндет- пәннің формасын сипаттау болып табылады.
Ал егер, мәтінде пәннің қандай рөл атқаратыны, не үшін қажет екендігі, айтылса, онда коммуктивті міндет- пәннің атқаратын функциясы тұралы болады.
Егер мәтінде пәннің кластар,түрлер, разръдтар, типтер, топтар және т.с.с бойынша жіктемесі берілсе, онда мәтіннің коммуникативті міндеті – заттардың классификациясы болып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет