Созылмалы панкреатиті бар науқастардың күтімі


Холецистографияға науқасты дайындау алгоритмы



бет3/4
Дата23.11.2022
өлшемі49.5 Kb.
#465498
1   2   3   4
Станддарт өт шығару жолдарының аурулары

Холецистографияға науқасты дайындау алгоритмы
Холецистография – өт қабының рентгенологиялық зерттеу әдісі
Мақсаты :өт жолдарының диогностикасы
Көрсеткіші :өт қабының аурулары
Кері көрсеткіші:бауырдың ауыр түрдегі патологиялары, дене қызуының көтерілуімен өтетін бауырдың жедел қабынуы
Жабдықтар: контрастық заттар
Іс-әрекет алгоритмы:



  1. Пациентке алдағы тексеру мақсатымен және дайындау мағынасын түсіндіріңіз.

  2. Тексерер алдында табиғи жолмен ішекті босату.

  3. Тексерер алдында 14-17 сағат бұрын 1 сағат ішінде 10 мин аралығында контрастық заттарды тәтті шәймен ішкізіңіз.

  4. Аш қарынға рентген бөлімшесіне апару.

  5. Ренткен бөлімшесінде жалпы сурет жасайды ,содан кейін пациент өт айдайтын тағам ішеді.

  6. Әрбір 10, 20, 30, 45 мин сайын, содан кейін 2 сағат аралығында 20 мин кейін ренткен суреттерін жасайды.

  7. Пациентке ренткен суреттерін дәрігерге әкелуін сұраймыз.

Ескерту: -іші тырсылдаған кезде 2 сағат бұрын тазарту клизмасын жасаңыз.

  • Кейбір жағдайда контрастық заттың түрімен дозасы рентгенологпен тағайындалады.

  • Өтті айдайтын тағам арқылы өттің тарылу қабілетін анықтайды.

  • Ауруханалық жағдайда пациентті палатаға апарып, тыныштықта болуын бақылауды қамтамасыз етіңіз.



Бауыр шаншуында шұғыл көмек.
Мақсаты: ауырсыну синдромын басу.
Құрал жабдықтар: тонометр, фонендоскоп,
Стерильді: бір рет қолданылатын шприцтер, мақта домалақтары, этил спирті 70%, резеңке жгут, қолғап, дезерітіндіге салынған пинцет, лоток.
Дәрілік заттар: 2мл Но-шпа, папаверин 2% 2,0мл, атропин 0,1% 1,0мл, 5мл баралгин, 1мл 24% эуфиллин, 10мл 40% глюкоза ерітіндісі, 2мл 1% морфин ерітіндісі
Іс- әрекет алгоритмі:
1.Науқасқа психикалық және физикалық тыныштық және қатаң төсек режимін сақтау.
2.Б/е 2мл Но-шпа, папаверин 2% 2,0мл, тері астына атропин 0,1% 1,0мл енгізу.
3.К/т 5мл баралгин енгізу.
4.Эффект болмаса баяу к/т 10мл 2,4% немесе 1мл 24% эуфиллин ерітіндісін 10мл 40% глюкоза ерітіндісіне қосып бес минут енгізу.
5.Тері астына 2мл 1% морфин ерітіндісі және 0,5-1мл 0,1% атропин ерітіндісін енгізу.
6.Науқас жағдайын бақылау.
7.Науқасты хирургия бөліміне тасымалдау.

9 Есеп


Науқас С, 40 жаста, созылмалы холецистит диагнозымен өршу сатысында ауруханаға түсті.
Оң жақ қабырға астында сыздап ауырсыну, майлы тамақ ішкеннен кейін күшеетін, жүрек айну, таңертең аузындағы ащы дәм, бір рет өт құсу, жалпы әлсіздікке шағымданады. Ол өзін шамамен 7 жыл ауру деп санайды, жағдайының нашарлауы соңғы аптада пайда болды, оны көп мөлшерде майлы тағамдарды қабылдаумен байланыстырады.
Науқас мазасызданады, депрессияға ұшыраған, шаршауға шағымданады, ұйқысы нашар. Қарым қатынасқа қиындықпен түседі, емдеудің сәттілігіне сенбейтінін айтады, денсаулығына алаңдаушылық білдіреді.
Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, тері астындағы май тіндері шамадан тыс көрінеді, терісі құрғақ, таза, склераның сарғаюы байқалады, тілі құрғақ, ақ-сұр жабындымен жабылған. Пальпация кезінде оң жақ қабырға астында ауырсыну. Ортнер мен Кера белгілері «оң». Пульс 84 рет/ мин. АҚ 130/70 мм с.б.б.
Тапсырмалар
1. Науқастың мәселелерін анықтаңыз, мейіргерлік диагнозды қойыңыз.
2. Мейіргерлік үрдісті ұйымдастырыңыз.


Жауабы:
Науқастың мәселелері, мейіргерлік диагноз:
Қазіргі: оң жақ қабырға астындағы ауырсыну, аузындағы ащы дәм, ұйқының бұзылуы,
аурудың нәтижесі туралы алаңдаушылық.
Потенциалды, болжам: - асқынулардың даму қаупі (калькулезды холецистит; өт қабының перфорациясы; өт қабының эмпиемасы; өт қабының гангренасы).
Науқастың басым мәселесі: оң жақ қабырға астындағы ауырсыну.
Қысқа мерзімді мақсат: науқаста стационарлық емдеудің 7-ші күнінің соңында ауырсынуы басылады.
Ұзақ мерзімді мақсат: науқас шығарылған кезде оң жақ қабырға астындағы ауырсынуға шағымданбайды.


Тәуелсіз көмек:
1. № 5А диетаны қамтамасыз ету. Өт қабын мүмкіндігінше аяу.
2. Аурудың мәні және оны диагностикалаудың, емдеудің, алдын-алудың заманауи әдістері туралы айту. Емдеудің нәтижесі және болашақ үшін алаңдаушылықты азайту.
3. Пациетпен УДЗ және дуоденальды зондтауға дайындық туралы әңгіме жүргізу.
4. Өт шығару препараттарды қабылдау ережелерін оқыту. Дәрілік заттың әсер ету тиімділігі үшін.
5. Науқастың туыстарымен майлы, тұзды, қуырылған, ысталған тағамдарды шектеу арқылы тамақтану туралы әңгіме жүргізу. Ауырсыну синдромының алдын алу үшін.
6. Пациентті тюбаж жүргізу әдістемесіне үйрету. Өт жолдарының құрысуын, өт ағынын жеңілдету үшін.
7. Науқастың жағдайы мен сыртқы түрін бақылау. Ерте диагноз қою және асқынулар туындаған жағдайда шұғыл көмек көрсету үшін.


Тәуелді көмек:
Дәрігер тағайындауы бойынша дәрмекті ем:
1.Кең спекторлы антибиотиктер: эритромицин, олететрин левомицетин, фуразолидон 1-2 апта уақытқа
2.Спазмолитиктер: но-шпа, папаверин, баралгин, спазган, церукал
3.Өт айдайтын препараттар: аллахол, холензим, фламин
Ауырсыну басылғаннан кейін физиотерапиялық процедуралар.
Бағалау: науқас ауырсыну шабуылының қарқындылығының төмендеуін атап өтеді. Мақсат орындалды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет