Созылмалы панкреатиті бар науқастардың күтімі



бет4/4
Дата23.11.2022
өлшемі49.5 Kb.
#465498
1   2   3   4
Станддарт өт шығару жолдарының аурулары

Ситуациялық есеп.


Бөлімде емделген науқастың шағымдары-оң жақ қабырға астында толық және ауырлық сезім, тәбетінің төмендеуі, жүрек айну,дене салмағының төмендеуі. Бірнеше жыл бұрын гепатит В мен ауырған,диетаны сақтамаған.
Объективті- арықтаған, тері қабаттары және слералары сарғайған,іші жұмсақ,оң жақ қабырға астында шамалы ауырсынады. Биохимиялық қан анализінде-АЛТ, АСТ, холестерин, билирубин жоғарылаған.
Клиникалық диагноз-созылмалы: Гепатит.
1 - мейірбикелік диагноз қойыңыз
2- мейірбике араласу жоспарын құрастырыңыз


Ситуациялық есеп
ФАП-қа 45-жастағы А есімді науқаc « жедел жәрдем» бригадасымен стационарға жеткізілді
Шағымдары: бас ауру, лоқсу, құсу, іш қатпасы, кейде іш өтеді. Оң жақ қабырға астында сыздағандай керіп тұрғандай ауырсыну. Науқастың айтуы бойынша кеше тойда болып, қуырылған тағамды көп мөлшерде жеген. Науқаста жүктілік саны сегіз.
Қарағанда: пальпацияда оң жақ қабырға астында өт қабының проэкциясында ауырсыну анықталады.Температурасы 37-37,5 ЭТЖ- жоғарлаған, лейкацитоз
1 - мейірбикелік диагноз қойыңыз
2- мейірбике араласу жоспарын құрастырыңыз


Ситуациялық есеп

42 –жастағы науқас «жедел жәрдем» бригадасын шақырды.


Шағымы: жүрек айну, лоқсу, құсу, сыздағандай ауырсыну. Науқастың айтуы бойынша майлы қуырылған тамақтан кейін басталған. Одан кейін шаншу ұстамалары болған. Ауырсыну біртіндеп басталып күшейе түскен.
Қарағанда: науқас сарғайған, зәрі қарайып, үлкен дәреті ағарған ЭТЖ-жоғарлаған.
1 - мейірбикелік диагноз қойыңыз
2- мейірбике араласу жоспарын құрастырыңыз
Ситуациялық есеп
Сізге ФАП-қа қаралған науқастың шағымдары: жүрек айну, тәбеттің төмендеуі, оң қабырға астында сыздаған ауырсыну, ауамен кекіру.
Объективті: тілі ақ тұтықпен қапталған, пальпацияда оң қабырға астында ауырсыну.
1 - мейірбикелік диагноз қойыңыз
2- мейірбике араласу жоспарын құрастырыңыз


Ситуациялық есеп

Терапия бөліміндегі науқас оң қабырға астындағы тұйық ауырсынуға, әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, ипохондрияға, қозғыштыққа, жұмысқа қабілетінің төмендігіне шағымданады. Қанның биохимиялық анализінде холинэстераза мөлшерінің көбеюі, альбумин, протромбин мөлшерінің азаюы.


1 - мейірбикелік диагноз қойыңыз
2- мейірбике араласу жоспарын құрастырыңыз

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет