2 . Саяси режимнің түрлері мен олардың ерекшеліктерін ашып көрсету.
Саяси режим – мемлекеттің белгілі бір типі үшін тән саяси қатынастардың, билік қолданатын құралдар мен әдістердің, билік пен қоғамның қалыптасқан қатынастарының, идеологияның үстемдік етуші формасының, әлеуметтік және таптық өзара қарым-қатынастың, саяси мәдениет жағдайының жиынтығы.
Саяси режим бойынша демократиялық және антидемократиялық (тоталитарлық, авторитарлық) саяси жүйе болып бөлінеді.
Тоталитарлық режим – бұл зорлық көрсетуші саяси үстемдік етудің жүйесі, қоғамның басқарушы билікке толық бағынуы.
Тоталитарлық режимнің негізгі белгілері:
– қоғамды жалпыға ортақ саясаттандыру және идеологияға айналдыру (мемлекеттің қоғамға толық бақылау жасауы);
– азаматтардың саяси құқы мен бостандығы қағаз жүзінде болады, іс жүзінде жоқ;
– бірпартиялық жүйе болады;
– БАҚ деген қатаң цензура;
– полиция, армия, түрлі арнайы қызметтер тек тәртіпті қамтамасыз етіп қоймайды, сонымен қатар қоғамда жазалаушы қызметті атқарады;
– билік көбінесе басқарудың зорлық көрсету әдісін қолданады;
– экономика толығымен мемлекетке бағынады;
– ұлттық мәселе қағаз жүзінде шешілген, ұлттық азшылықтың құқы
негізінен болмайды.
Авторитарлық режим- демократиялық және тоталитарлық режим арасында аралық орынды иеленеді. Ол «Саясаттан басқаның бәрі шешілген» деген ережемен сипатталады.
Авторитарлық режимнің негізгі белгілері:
– сайланған органдар болады;
– саяси құқық пен бостандық шектелген;
– ашық оппозиция болады, бірақ ол қоғамда белгілі бір рөлді ойнамайды;
– көппартиялық жүйе болады;
– БАҚ цензураның бақылауында болады;
– жазалаушы шаралар өткізілмейді.
Демократиялық режим – халықтың басым көпшілігінің шешімі арқылы билік ерікті түрде жүзеге асырылатын режим.
Демократиялық режимнің негізгі белгілері:
– демократиялық құқық пен бостандықтың болуы;
– демократиялық сайлау жүйесі болады;
– билікті үш салаға бөлу;
– қоғамның барлық саласында заңның басшылық етуі;
– көппартиялық жүйе;
– цензураның болмауы;
– пікірдің әр алуандығы;
– жеке меншіктің түрлі формалары болады;
– дамыған азаматтық қоғам.
Қоғамның саяси жүйесі типінің сан алуан болуы саяси әлемнің көп өлшемділігі туралы дәлел болады. Саяси жүйенің күрделілігі сонда, бірде-бір жекелей алған көзқарас немесе әдістер толық картинаны беру үшін жеткіліксіз. Көп өлшемді саяси жүйеге талдау жасау үшін көп өлшемді көзқарас талап етіледі. Отандық және шетелдік құқықтық және саяси әдебиетерде саяси режим түсінігіне байланысты әр түрлі көзқарастар айтылып жүр. Олардың қатарына саяси режимді Қазақстанда зерттеген заңгерлер С.Н. Сәбікенов, С.Зиманов, Сапарғалиев, А.С. Ибраева, С. Табанов, Г.Сапаргалиев, Баймаханов М.Т., Д.А.Булгакова. Ал шет елдік ғалым заңгерлер А.В.Малько, М.Н.Марченко, Б.А. Страшун, С.С.Алексеев, В.Н.Хропанюк және саясаткерлер америкалық ғалым Д.Истонды, америкалық саясаттанушы Г.Алмондты, Т.Парсонстың теориясын жатқызуға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Залысин И.Ю. Политическое насилие в системе власти // Социально- политический журнал, 1995, №3.
2. Краснов Б.И. Теория власти и властных отношений // Социально- политический журнал, 1994, №3-6.
3. Пушкарева Г.В. Власть как социальный институт // Социально- политический журнал, 1995, №2
4. Әбсаттаров. Саясат негіздері. А. – 2011.
5. Рахметов Қ.Ж., Болатова А.Н., Исмағанбетова З.Н. Саясаттану. А. – 2009.
6. Жамбылов Д. Саясаттану негіздері. А. – 2000.
Түркістан 2023
Достарыңызбен бөлісу: |