ҚОСЫМША Б. СПбМУ қорғалған спорт психологиясы бойынша бітіру жұмысы, (Ресейде қорғалған) (қысқа сипаттамасы)
Авторы
Ларикова Анастасия Васильевна (маман)
Тақырыбы
«Спорттың төтенше түрлерімен айналысатын тұлғалардың психологиялық ерекшеліктері (спелеотуризм мысалында)»
Ғ. жет.
Воробьев И. А., аға оқытушы. Дағдарыстық және төтенше жағдайлар кафедрасы (кешкі бөлім) СПбМУ, Ресей
Мамандануы
«Дағдарыстық және төтенше жағдайлар психологиясы»
Негізгі терминдер
Тұлғалық мінездеме
Белсенділік, көңіл-күй
Жүйкелік-психикалық тұрақтылық
Агрессивтілік таныту
Сәттілікке немесе сәтсіздікке бағытталған мотивация
Тәуекелге және есепті әдістер қолдануға бейімділік
Копинг-стратегиялар
Үрейлілік деңгейлері
Зерттеу болжамы
Спорттың төтенше түрлерімен айналысатын, қатардағы спортшылардың және спортпен айналыспайтын тұлғалардың жеке психологиялық ерекшеліктерінің айырмашылықтары бар.
Зерттеу жоспары
Корреляциялық
Зерттеу әдістері
"1. «Мини-мульт» (Практическая психодиагностика. Методики и тесты. Под ред. Д.Я. Райгородского. Самара: Изд. дом ""Бахрах"", 2001. – 672 с.).
«Личностные характеристики» (Первин Л., Джон О. Психология личности: Теория и исследования.– М.: Аспект Пресс, 2001. – 607 с.).
«Мотивация успеха и боязни неудачи (опросник Реана)» (Практикум по возрастной психологии-. СПб: Речь, 2001. – 688 с.).
«САН» (Практикум по возрастной психологии. -СПб: Речь, 2001. – 688 с.).
«Копинг-тест Лазаруса» (Вассерман Л.И.,. Щелкова О.Ю. Медицинская психодиагностика: Теория, практика и обучение. - СПб.: Филологический факультет СПбГУ; М.: Издательский центр ""Академия"", 2003. - 736с.).
«Шкалы тревоги и тревожности Спилберга» (Практическая психодиагностика. Методики и тесты. -Самара: Изд. дом ""Бахрах"", 2001. – 672 с.).
«Прогноз» (Практикум по возрастной психологии. -СПб: Речь, 2001. – 688 с.).
«Методика измерения степени агрессивности» (Психологическое обеспечение деятельности органов внутренних дел в экстремальных условиях: Методическое пособие. – М.: ЦОКП МВД России. 2000. – 309 с.).
«Личностные факторы принятия решений (ЛФР-25)» (Корнилова Т.В. Психология риска и принятия решений. М., 2003. – 286 с.).
Методика экспертной оценки Фрумкина-Зинченко (Фрумкин А.А. Психологический отбор в профессиональной и образовательной деятельности. СПб.: Речь, 2004. – 210 с.)."
Таңдау тобы
83 адам, олардың арасында 30-спелеолог, 30-спортшы, 13-спортшы емес, 10-сарапшы
Сьюденттің t-критерийі
Дисперсиялық талдау
Факторлық талдау
Зерттеу нәтижелері
"1. Спорттың төтенше түрімен айналысатын спортшылардың (спелеологтардың) «қатардағы» спортшылармен салыстырғанда, «әлеуметтік қолдауды қажет ету» копинг-стратегиясы мен есепті әдістерді қолдануға бейімділіктері елеулі төмен дамыған. (р=0,07) тенденциясы деңгейінде спелеологтардың тұлғалық «ынтымақтастық» сияқты ерекшеліктері бойынша жоғары көрсеткіштері бар.
2. Спортшы-спелеологтар спортшы емес тұлғалармен салыстырғанда «әлеуметтік қолдауды қажет етуі» бойынша көрсеткіштері төмендеу, бірақ «гипомания» мен F («расталған») шкалалары бойынша көрсеткіштері жоғарылау.
3. Ер спелеологтардың ер спортшыларға қарағанда дене дамуының агрессивтілігі төмендеу. Әйел спелеологтар, керісінше, спортшы әйелдер мен спортшы емес әйелдерге қарағанда дене дамуының агрессивтілігі жоғарылау.
4. Ер спелеологтар ер спортшыларға қарағанда дербестігі жоғарылау. Осылайша, әйел спелеологтар спортшы әйелдер мен спортшы емес әйелдерге қарағанда дербестігі жоғарылау.
5. Спелеологтар спортшылардан « Шығармашылық, дербестік» факторы бойынша жоғары көрсеткіштермен және «Интроверсия, тәуекелшіл емес» факторы бойынша төмендеу көрсеткіштермен ерекшеленеді.
6. Біз спортшы-спелеологтың психологиялық үлгісін құрастырдық. Спелеотурист үшін тиімсіз қасиеттер қатарына агрессивтілік пен конфликтіге бейімшілдік жатады. Міндетті қасиеттері: эмоционалдық-еріктік тұрақтылық; коммуникативтілік; ұйымдастырушылық қасиеттер; әлеуметтік сезімталдық; жүріс-тұрыс бағдарлануы.
7. Спелеологтардың ақпаратты өңдеудің «бейнелік» әдісі, қабылдаудың өріске тәуелділік түрі, әсер берудің рефлективті түрі басымдау. Сонымен қатар, спелеологтардың ойлауы салмақты сарапшылық-синтетикалық болып табылады.
Вывод
Спорттың төтенше түрлерімен (спелеотуризм) айналысатын тұлғалар, қарапайым спортшылар мен спортпен айналыспайтын тұлғалардың арасында жеке психологиялық ерекшеліктері бойынша айырмашылықтары бар.
Аннотация работы
"Спорттың төтенше түрлерімен айналысатын тұлғалардың (спелеологтардың) психологиялық ерекшеліктерін анықтау үшін 73 адам (30 спелеолог, спорттың төтенше емес түрімен айналысатын 30 спортшы спортпен айналыспайтын 13 тұлға) зерттелді.
Барлық зерттелінушілердің тұлғалық сипаттамалары (әдістемелер - Мини-Мульт, Тұлғалық сипаттамалар), жүйкелік-психикалық тұрақтылығы («Болжам»), агрессивтілік танытуы («Агрессивтілік деңгейін өлшеу әдістемесі»), сәттілік немесе сәтсіздік мотивациясы (Реан сұрақнамасы), тәуекелге және есепті әдістерге бейімділіктері («ЛФР-25»), копинг-стратегиялары («Лазарустың копинг-тестісі») және үрейлілік деңгейлері (Спилберг әдістемесі) зерттелді. Осы зерттеумен бірге сарапшылық бағалануы жүргізілді (Фрумкин-Зинченко әдістемесі бойынша). Көрсеткіштердің өңделуі Стьюденттің t-критерийінің, дисперсиялық және факторлық талдаулар кқмегімен жүргізілді. Нәтижелер. Спорттың төтенше түрімен айналысатын спортшылардың (спелеологтардың) «әлеуметтік қолдауды қажет ету» копинг-стратегиясы мен есепті әдістерді қолдануға бейімділіктері елеулі төмен дамыған; «гипомания» және F («расталған») шкалалары бойынша кқрсеткіштері елеулі жоғары. . (р=0,07) тенденциясы деңгейінде спелеологтардың тұлғалық «ынтымақтастық» сияқты ерекшеліктері бойынша жоғары көрсеткіштері бар. Ер спелеологтардың ер спортшыларға қарағанда дене дамуының агрессивтілігі төмендеу. Әйел спелеологтар, керісінше, спортшы әйелдер мен спортшы емес әйелдерге қарағанда дене дамуының агрессивтілігі жоғарылау. Спортшы-спелеологтың психологиялық үлгісін құрастырылды. Спелеотурист үшін тиімсіз қасиеттер қатарына агрессивтілік пен конфликтіге бейімшілдік жатады. Міндетті қасиеттері: эмоционалдық-еріктік тұрақтылық; коммуникативтілік; ұйымдастырушылық қасиеттер; әлеуметтік сезімталдық; жүріс-тұрыс бағдарлануы. Сонымен, спортшы-спелеологтардың агрессивтілігі төмен, дербестігі мен белсенділігі жоғарылау, олар қарым-қатынасшыл және эмоционалдығы мен жүріс-тұрыстары тұрақты.