ҚОСЫМША Г.
Ким А.М., Ким В.С.
ТУРИСТТЕРДІҢ ТАУ ШАҢҒЫСЫНДА ЖАРАҚАТТАНУЫНЫҢ АЛДЫН АЛЫНУЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҚТАРЫ
//Вестник КазНУ.Серия психологии и социологии, 2003.-№1(10).-С. 39-45
Соңғы кездерде тау шаңғы туризмінің әйгілігі артып келеді, осыған орай тау қыраттарына шығатын жаңадан келгендер саны да артуда және, сәйкесінше, жарақат алған жағдайлардағы медициналық көмекті қажет ететіндер саны да артуда.
Сонымен, екі жағдай – жарақаттану қауіптілігі мен туризмнің бұл түрімен жаппай қызығушылық тау шаңғысындағы жарақаттанудың алдын алу шаралары туралы сұрақтың өзектілігін тудырады, ал салыстырмалы түрде қарастырғанда оның психологиялық аспектілерінің жете зерттелмегендігі осы тақырыптың ғылыми жаңалығын анықтайды. травмоопасность и одновременно массовость этого вида туризма делают.
Осы мақаланың мақсаты болып Шымбұлақ тау шаңғы курорты (Шымбұлақ ТК) мысалына сүйене отырып, жарақаттану түрлері туралы кқрсеткіштердің талдануын және олардың психологиялық себептерінің болжамын жүргізу табылады.
Мұндай талдаудың тәжірибелік маңызы психологиялық алдын алу нұсқауларын жасау арнасында жатыр. Біздің міндетімізге өзіне тән ерекшеліктері бар кәсіби спортшылардың жарақаттану факторларына талдау жүргізу енбейді /1/, алайда кәсіпкерлер де жарақаттанудан сақтандырылған емес.
Сонымен, В.Ф. Башкированың мәліметтері бойынша тау шаңғы спорты жарақаттардың сынықтар сияқты түрі бойынша спорттың басқа түрлерінен едәуір алға кеткен (тау шаңғы спорты – 28,3%, суға секіру – 9,78%, су шаңғысы – 9, 25%, спорттық гимнастика – 8,12% және т.б.) /2, 12б./)
Бүгінгі тау шаңғысындағы жарақаттанудың әлемдік статистикасы мынадай: соңғы 30 жылда ол 50% төмендеді, негізінде жетілдірілген бәтіңкелерге және жетілдірілген бекітулерге орай. Жарақаттардың сипаты да өзгерді – сынықтар саны азайды, оның есесіне тізе мен тізе буынының жарақаттары көбейді.
Осыған қарамастан, жыл сайын 525 тау шаңғышылары жарақат алады. Жағдайлардың 80% адамдар дайындалған қыраттарда жарақат алады, ал таңбаланған трассалардан тыс жерде алынған жарақаттардың 10-ның 9 жағдайы адам өлімімен аяқталады. Тіпті белгілі бір стереотип те қалыптастып қалды: адам қырға қарай барады, одан сырғанайды, аяңын сындарды да, содан кейін балдақтардың көмегімен (шаңғының емес!) тау табиғатының әсемдігіне тамсанады /3/.
Қазіргі уақытта тау шаңғысындағы жарақаттанудың алдын алуға ұйымдастырушылық–техникалық және медициналық шаралар кешені жатады /1/. Бұл, алғашқыдан, трассалардың дайындығы, таудағы жүріс – тұрыс ережелері туралы нұсқама беру, көтеру – тасымалдау механизмдерінің іске жарамдылық күйі, дұрыс іріктелген және реттелген жабдықтар туралы сұрақтар.
Сонымен, тау шаңғышысының киіміне алдын алу талаптары егжей– тегжей жасалған: ол бос болуы тиісті, тығыз, су және жел өтпейтін және сырғанамайтын матадан жасалуы тиісті.
Бүгінгі медицинада жарақат алған тау шаңғышысын бұрынғыға қарағанда 2 есе жылдам емдеуге мүмкіндік беретін әдістері енгізілген, алайда «қазіргі медицананың қандай болмасын үздік әдістері болғанына қарамастан, ең жақсы әдіс болып жарақаттар мен аурулардың алдын алу табылады» /4, 2б./.
Стандартты медициналық нұсқаулар әдетте аяқтың, арқаның, іш бұлшық еттері мен сіңірді жаттықтырумен, бұлшық ет теңгерімі мен төзімділікті дамытумен, жаттығуларды таза ауада өткізумен, жаттығудың қажеттігімен шектеледі.
Шынымен, бұлшық ет күші мен төзімділік жарақаттану деңгейін елеулі төмендетеді және бұлшық ет қаншалықты қыздырылған болса, соншалықты дене икемді және жарақат алу қаупі төмен болады.
Сонымен қатар, медициналық әдебиеттен бөлек психологиялық жағдайларға қатысты нұсқауларды кездестіруге болады: «тауға, өз денсаулығыңызға, басқа тау шаңғышыларына сыйластық білдіру», тау шаңғышысына таныс емес трассасын алдын ала тексеру («камикадзе болмаңыз!»), өз мүмкіндіктеріңізді бағалау мен өз күйіңіздің бақылау.
Шынында, «әдетте шаңғышылар оларға сырғанауға әлі ерте таулардан түскенде сәтсіздікке ұшырайды. Біз жиі, өз мүмкіндіктеріміз туралы ұмытып, достарымыздың шақырғанына еріп кетеміз» /4, 3 б./.
Бұл жағдайларда қарапайым нұсқаулар беріледі: «Өзіңіздің мүмкіндігіңізге лайық трассамен жүруге қысылмаңыз. Трассадан техникалық қабілеттері сізге қарағанда жақсы, шеберлігі сіздің деңгейіңізден жоғары адаммен өтіңіз. Қысқасы – егер өзіңізге сенімсіз болсаңыз, қатты жүрмеңіз».
Әдетте, таза ауа, адреналин және шабыттану тау шаңғышысының шаршағандығын сезіндірмейді, соның салдарынан ол төтенше жағдайлардағы өзін-өзі бақылауын жоғалтады /3, 3 б./.
Тау шаңғысындағы жарақаттанудың психологиялық жақтарының нақты маңыздылығын бағалау үшін біз жинақтаған медициналық-статистикалық көрсеткіштерді қарастырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |