Спорт психологиясы



бет18/34
Дата20.11.2023
өлшемі0.72 Mb.
#483825
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34
Копия Учебное пособие Ким А.М. (1)

3.3. Спорт және денсаулық

Спорт пен денсаулықтың байланысы мәселесінде және спорттық жарақаттанудың психологиялық алдын алу мәселесінде спорттық психология спорттық медицинамен тығыз байланыста қызмет етеді. Сондықтан бұл сұрақты қарастыруды, спорттық медицина саласында аз ғана қазақстандық мамандардың біреуі, спорттағы жарақаттану мәселелеріне өзінің кандидаттық және докторлық диссертациясын арнаған медицина ғылымдарының кандидаты, волейболдың Халықаралық Федерациясының докторы деген сертификаты бар маман Дуйсенов Төлегенмен жүргізген интервьюден бастайық.


Сұрақ: «спорт және денсаулық» мәселесі қаншалықты өзекті, ол қазіргі спортшыларға ғана қатысы бар ма, жоқ әлде сонымен қатар спорт әуесқойларына, бұрынғы спортшыларға да қатысы бар ма?
Бүгінгі статистика спортпен айналысатын адамдар санының артуын көрсетеді. Спортпен айналысуды мемлекеттік жолмен ұйымдастыру түрлерімен қатар көптеген басқа да: коммерциялық, жеке спорттық клубтар, секциялар мен бапкерлермен жеке жаттығу түрлері байқалады. Сонымен қатар, әдеби және статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, жоғары деңгейдегі спортшылар арасында аурулардың артуы байқалады екен. Және де спорттағы ауыртпалықтардың адам ағзасына әсері туралы қарама-қайшы мәліметтер бар. Спорттағы жаттығулардың қазіргі жүйесінің адам ағзасына әсерін бағалау үшін жетекші спортшылардың белсенді спорт іс-әрекетін, жарыстарда өздерін көрсетуін бақылау жеткіліксіз.
Бұрынғы жоғары дәрежелі спортшылар мен бапкерлердің ауыру паталогиясын сапалы талдау және даму динамикасын қарастыру өзекті мәселелердің бірі. Әдеби мәліметтерді талдау бұл мәселелерге арналған жұмыстардың аз екендігін көрсетеді. Негізінен, олар ағзаның жеке жүйелеріне, мысалы, жүрек-тамыр және эндокриндық жүйеге арналған.
Спорттық медицина мәселелері қазіргі әрекеттегі спортшыларға және спортпен белсенді айналысуды аяқтаған жоғары дәрежелі спортшыларға (спорт шеберлері және жоғары) да қатысы бар.
Сұрақ: Сіздің зерттеуіңіз қалай өткізілді және жоғары деңгейлі волейболда спорттық мансап қалай жүзеге асырылады?
Біз республика, одақ және халықаралық деңгейлеріндегі жарыстарға қатысқан Қазақстан Республикасының құрама командыларының және шеберлер командыларының бұрынғы мүшелерін зерттедік. Олардың ішінде КСРО, Азия, Еуропа және әлем чемпионаттарының қатысушылары, олимпиадалық ойындардың жүлдегерлері бар.
Бақылау тобын ешқашан спортпен айналыспаған, «көшірме-жұптар» әдісі негізінде таңдалған ер адамдар құрады.
Зерттеу көлемі 450 бұрынғы жоғары дәрежелі 20-65 жас аралығындағы, 31 спорттық мамандану өкілдері және 450 адам бақылау тобын құрады.
Зерттеулер 1997 жылдан 1999 жылға дейін үш жыл аралығында төрт кезеңмен жүргізілді.
Өмірдің әлеуметтік-гигиеналық жағдайларын зерттеу және бағалау үшін «Зерттеу картасы» (бұрынғы спортшыларға арналған) және «Зерттеу картасы» (бақылау тобына арналған) құрастырылды. Бұрынғы жоғары дәрежелі спортшыларға арналған сұрақнама сұрақтары 7 бөлігін қамтыды. Мәліметтерді математикалық-статистикалық жолмен өңдеу үшін кодификатор дайындалды. Тіркелген формаларды көшіру кейін арнайы «Амбулаторлық емдеу» және «Стационарлық емдеу» бөлімдерге аудару арқылы үш жылда медициналық көмекке жүгінген адамдардың ауырулары туралы мәліметтер алынды.
Толық және нақты көріністі қалыптастыру үшін невропатолог, кардиолог, тіс дәрігері, эндокринолог, хирург, оташы, оториноларинголог және терапевт мамандарымен бұрынғы спортшылар мен бақылау тобындағы ерлердің денсаулығын тереңдетілген медициналық тексеруі жүргізілді. Қажет болған жағдайларда басқа мамандар (гастроэнтеролог, тамыр хирургы ж т.б.) шақырылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет