Спорт психологиясы



бет2/34
Дата20.11.2023
өлшемі0.72 Mb.
#483825
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Копия Учебное пособие Ким А.М. (1)

1. ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ СПОРТ



    1. Спорт психологиясы психологиялық ғылым мен тәжірибенің арнайы саласы ретінде

Кез келген қолданбалы психологиялық пән сияқты спорт психологиясы да жалпы психологиядан бөлініп шыққан. Сонымен қатар оның дамуына спорт теориясы мен әдістемесі саласындағы зерттеушілер де үлесін қосқан.
Сондықтан да спорт психологиясы жеке қолданбалы ғылым ретінде ГЦОЛИФК (жетекші - профессор П.А. Рудик) және П.Ф. Лесгафт атындағы ГДОИФК (жетекші - профессор А.Ц. Пуни) негізінде пайда болғаны кездейсоқ емес. Оның ғылыми-теориялық аппарты жалпы психология мен спорт теориясы және әдістемесінің тоғысқан жерінде жасалып шығарылды.
Бастапқыда спорт психологиясы сипаттаушы сала ретінде қалыптасқан.
Психологиялық дайындық пен жаттықтыру жұмыстарында психологиялық ерекшеліктерді ескеру қажеттілігі бастапқыдан айқындалған болатын, бірақ бұл алғашқы жекеленген зерттеулер нәтижесі болды. Зерттеу объектісі бір қырлы ғана болды. Яғни тек қана спортшы тұлғасы қарастырылатын. Спорт әрекетінің психологиялық ерекшеліктерінің теориялық талдануы және осы саладағы әдістемелік құралдардың қажеттілігі қомақты тәжірибелік жетістіктерге қол жеткізілумен анықталып шартталды.
Қазіргі жалпы психология өзінің пәнін анықтауда жүйелік амалдың қажетттілігін, сонымен қатар күнделікті ғылыми тәжірибеде әдестемелік, зерттеушілік қорды қолданудың табыстылығын айқын түсінеді. Спорт психологиясының пәні бүгінгі таңда едәуір кең анықталады: оған спорттық, сонымен қатар бапкерлердің жұмысының психологиялық ерекшеліктері және спортқа қатысты барлық мамандардың іс-әрекеті мен тұлғасы енеді. Қазіргі заманда спорт саласы жеке спортшыларды ғана емес, сонымен қатар командаларды, спорттық ұжымдарды, тіпті жанкүйерлерді де зерттейді.
Зерттеулердің жалпы психологиялық мәселелері болып табылатын спорт іс-әрекетіне қатысты тұлға және таным сұрақтары әлі де негізгі орынға ие болады. Жалпы психология дәстүрлі түрде теориялық-әдіснамалық аппаратқа, яғни спорт психологиясының күнделікті ғылыми айналымында қолданылатын түсініктер мен концепцияларға «жауапты». Атап айтқанда, спорттағы «түсіну» туралы көзқарастардың жалпы психологиялық және әлеуметтік-психологиялық жағынан өзектілігі арта түсуде. (Қосымша В тарауында берілген). Бүгін спорттық ұжымдарда басқару психологиясы сұрақтары, сонымен қатар медицинамен тоғысқан жерінде пайда болған (денсаулық сақтау ұйымымен) (Қосымша Г тарауында қарастырылған) спорттағы жарақаттардың алдын алу мәселесі үлкен тәжірибелік қызығушылық туғызады. Спортшыларды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық зерттеулері және бапкер еңбегінің психологиясы да қызығушылық туындатады.
Кейбір мамандардың ойы бойынша, спортта денсаулық сақтау мен білім беру салаларында сияқты психологиялық қызметті ұйымдастыру қажет. Мектеп психологтары бүгін жалпы білім беретін мектептерде және гимназияларда оқушылармен, ұстаздармен, ата-аналармен, мектеп әкімшілігімен біріге отырып жұмыс жүргізеді. Мүмкін, республиканың спорттық мектептерінде, командаларында және ұйымдарында сондай психологиялық қызмет ұйымдастыру қажеттілігі бар шығар.
Белгілі шахматшы, психология ғылымдарының докторының кандидаттық диссертациясында қарастырылған мәселе еске түседі. Ол түрлі кезеңдердегі, атап айтқанда, цейтнот жағдайында болатын ойындардың психологиялық стильдерін зерттеген. Ол шахматшы әлемдік шахматтық тақ үшін ойнаған Т. Петросянның Б. Спасскиймен белгілі жарысының кеңесшісі болып, шынымен де оның жеңісіне себепші болды. Кейін шахмат әлемі тікелей ойын барысында шахматшыға психологиялық әсер етуге болады ма, әлде жоқ па деген мәселе төңірегінде пікір алысқан.
Осы сияқты зерттеулер психологиялық факторды спортшы мен бапкердің толық пайдаланбайтындығын, бірақ өте маңызды ресурс екендігін дәлелдейді. Бұл жағдайдың басқа адамдармен өзара әрекеттестік бар жерде, күшті бәсекелестік шартында өтетін спорттың ойындық түрлеріне ерекше қатысы бар. Мұндай білім мен ресурстар үнемі уақыт тығыздығында, қарсыластардың алдамшы немесе ұрындыру әрекеттерінде оңтайлы, кейде ерекше шешім қабылдауды талап ететін, сонымен қоса, шаршау күйін және жағымсыз эмоцияларды жеңіп шығуды талап ететін күтпеген жағдайларда қажет болады.
Ағымды мәселелерді шешуге зейін қоя отырып, спортшы сол мезгілде ойынның жеке сәттерінде демалып және бойын еркін ұстай білу дағдыларын меңгеруі қажет.
Біздің ойымызша, зейін қоюды басқару психологиялық жұмыстың негізгі бағыты болуы керек. Кәсіпкер адамның әуесқой адамнан айырмашылығы, ал шебердің жаңа келген адамнан айырмашылығы жалпы физикалық дайындықтан және техникалық-тактикалық шеберліктен ғана емес, сонымен қоса оларға тән зейін қою деңгейінен байқалады. Психологтар зейінді барлық психикалық үрдістердің қызметіне ортақтасатын психикалық үрдіс деп анықтайды, өйткені ол адамның барлық психикалық іс-әрекетін қадағалау функциясын орындайды. Осыған орай зейінді басқару қабілетінің себептері туралы түбегейлі сұрақ пайда болады. Зейін қою деңгейінің төмендеуінің жалғыз ғана себебін іздеу, бұл шаршау болсын, немесе темперамент ерекшеліктері болсын, дұрыс болар ма екен? Ең дұрысы, әр түрлі себептердің жиынтығы бар екендігін мойындау, олар спортшылармен де, жаттығу әдістемесімен де, спортшыға ықпал жасайтын маңызды адамдармен де байланысты. Тәжірибелік психологиялық жұмыстың негізгі бағытын таңдау үшін спортшының қателіктерінің себептерін жүйелі қарастыру жолы тиімді болар. Спорттағы адамды жүйелі қарастыру – біздің алдағы талдаудың негізгі бағыты болады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет