4. СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТАР ПСИХОЛОГИЯСЫ
4.1. Жарыстарға психологиялық дайындық
Бұл сұрақты үстел теннисі мен үлкен теннис мысалында қарастырайық. Бұл бөлім үстел теннисі бойынша ССРО спорт шебері және үстел теннисіндегі спортшылардың психологиялық дайындығы туралы сұраққа арналған әдістемелік нұсқаулардың авторларының бірі З.П Ананьевадан алынған интервьюге, сонымен қатар жарыстар алдындағы психологиялық дайындыққа байланысты теннисшілермен көп жұмыс жүргізген американдық спорт психологы Дж. Лоэрдың тәжірибесіне негізделген.
Сұрақ: спортшы үшін жарыстың мәні неде, спортшының жарыс кезіндегі психологиялық күйі мен оның жаттығу барысындағы күйінің қандай айырмашылықтары бар?
«Спортшы үшін жарыстар әрдайым маңызды, себебі: а) жарыста көрермендер болады, жарыстар теледидар мен радиодан хабарланады, олар туралы газет пен журнал беттерінен мәлімет алуға болады, яғни бұл көпшілікке арналған көрініс, оған қатысатын спортшылардың қоғамдық беделі артуымен қатар, олар қоғамдық тұрғыдан бағаланады;
ә) жарыс – әрдайым дайындық дұрыстығын және жұмсалған күш–жігер мен уақыттың мақсатқа сәйкестігін тексеру болып табылады, жарыс нәтижелері ресми түрде тіркеледі және жаттығу кезінде көрсетілген нәтижелерге қарағанда, спорт дәрежелері мен атақтарға ие болу құқығын береді – бұл жарыстардың жеке тұлға үшін маңызыдылығының белгісі;
б) жарыстарда әрқашан бәсекелес бар және қорытынды сол бәсекелеспен қарым–қатынас нәтижесі ретінде анықталады (спорт ойындарында бұл тікелей қарым–қатынас);
в) жарыстарға спортшы әрекеттерінің жарыс ережелеріне сәйкестігін қадағалайтын және бағалайтын қазылар қатысады;
г) жарыстарда есепке алынатын мүмкіндіктер саны шектеулі болады (спорттың кейбір түрлерінде тіпті бір ғана мүмкіндікпен шектеледі);
д) спортшының жарыс жағдайын бағалап, өз бетімен шешім қабылдауына арналған уақыт жиі шектеулі болады (жаттығу барысында оған жаттықтырушы көмек бере алады);
е) жарыс қолайсыз метеорологиялық – климаттық, мезгілдік жағдайларда, бәсекелестердің, әділқазылардың, командалық достардың, жанкүйерлердің сөзбен әсер ету барысында, үйреншіксіз спорт алаңында, жаңа спорт қаруларын қолдана отырып өтуі мүмкін;
Жарыс шарттарының жалпы әсері спортшыларды жаттығу жағдайында болмайтын немесе әсері айтарлықтай болмайтын жүйкелік–психикалық қысым күйіне ұшыратуы мүмкін.
Яғни, жарыстарда өзінің барлық мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін спортшы:
Басқа адамдардың сөзбен әсер етуіне, сәттілік немесе сәтсіздікке қарамастан, түрлі жағдайларда әрекет жасауға тиісті;
қателер санын қысқарту мақсатында, қажет қимылдар мен әрекеттерді дәлдікпен мұқият орындауы қажет;
жарыс жағдайын жылдам және дұрыс анықтап, шешімдер қабылдауға және оларды күдіктенбестен жүзеге асыруы тиісті;
жүйкелік-психикалық күйін өз бетімен бағдарлай білуге тиісті.
Достарыңызбен бөлісу: |