Спорт психологиясы


Спорттағы адамның жүйелі сипаттамасы



бет3/34
Дата20.11.2023
өлшемі0.72 Mb.
#483825
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Копия Учебное пособие Ким А.М. (1)

Спорттағы адамның жүйелі сипаттамасы

Спорттық іс-әрекет нәтижелерін анықтайтын көрсеткіштер бар, олар - «голдар, ұпайлар, секундтар». Алайда, бұл нәтижелердің құнын түсіну үшін, спортттағы адамға талдауды жүйелі түрде жүргізу қажет.


Қазіргі жалпы психологияда адам туралы жүйелі көзқарас қалыптасқан, бұл адамның спорттағы, еңбектегі, қарым-қатынастағы тиімділігінің механизмдерін түсінуге мүмкіндік береді. Бұл көзқарастың негізінде жалпы жүйелік категориялардың тетрадасы жатыр – уақыт, кеңістік, қуат, ақпарат. Бұл категориялардың қайсысы болса да жалпы жүйеге ортақ – тіл жүйесі мен жұлдыздар шоғырлануынан бастап адамға дейін. Сондықтан оларды әр зерттеуші, оның ішінде спорттық психолог та әмбебап және түсінікті құрал ретінде қолдана алады /1/. Жүйелі амалдың деңгейлері болады. Ең төмеңгі деңгейде жүйенің құрамдары ғана анықталады, яғни құрамдық бөліктері. Екінші деңгейде, одан басқа, зерттелуші жүйенің құрамды бөліктері арсындағы байланыстар талданады, яғни оның құрылы қарастырылады. Үшінші, жоғары деңгейде, тұтас жүйе қарастырылады, бұл жерде жүйенің әр бір бөлігі жалпы жүйе қағидасына сәйкес ұйымдастырылады («қарғадан бүркіт тумайды» қағидасына сәйкес). Бұл деңгей адамды зерттеуге сәйкес келетін оңтайлы дейгейі болып табылады. Яғни, «Адам» жүйесіндегі әр бөлігін жоғары көрсетілген жалпы жүйелік категориялар негізінде қарастырған жөн: уақыт, кеңістік, қуат, ақпарат.
«Адам» жүйесі қандай жүйелі бөліктерден құрылған?
Бұл индивид, тұлға, іс-әрекет субъектісі және даралық.
Ерік-жігер- - - -Ойлау Өнімділік- - - - даралық
ерекшеліктері
! ! !
! қуат ! ақпарат !
! СУБЪЕКТ---- !---------------! ДАРАЛЫҚ
! ! ! ! ! !
! ! ! ! ! !
Аффект- Перцепция Жеке өмір тарихы - - - -Тәжірибе
! !
! !
! АДАМ !
! !
! !
Нейродинамика- Жыныс Бағытталу ------ - - - Қабілеттер
! ! ! ! ! !
! ! ! ! !
! ИНДИВИД------------------------------ТҰЛҒА -- !
! уақыт ! ! кеңістік !
! ! ! ! !


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет