Спорт психологиясы


Спорт психологы және бапкер



бет7/34
Дата20.11.2023
өлшемі0.72 Mb.
#483825
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34
Копия Учебное пособие Ким А.М. (1)

1.3. Спорт психологы және бапкер
Бір қарама-қайшылық бар: бапкерлер спортшылардың сәтсіздіктерін жиі психологиялық себептермен түсіндіреді және сонымен қатар спорт психологтарымен өте сирек бірлесіп жұмыс жүргізеді. Іс жүзінде психологиялық ықпалдарды ескеру көп жағдайда бапкерлерге байланысты. Түрлі мемлекеттерде осы мәселеге байланысты көзқарас та түрлі сипатта болады.

Мадрид «Реалында» бір уақытта үш психолог жұмыс істейді, итальяндық «Миланда» - екеу, Сиднейде өткен Олипиада кезінде, мысал үшін алатын болсақ, әр спортшыға бір психолог бікітілген, Олимпиаданың жеңімпаздары - АҚШ құрама командасымен бірге 30 психолог келген. Ал Ресей құрама командасында бір де бір психолог болған жоқ /2/.

Шынымен де, Сиднейде Өткен Олимпиадаға Ресей құрама командасында бір де бір спорт психологы болған жоқ. Бірақ Грециядағы Олимпиадаға 2 (екеу ғана) спорт психологы барды.


Осындай қарама-қайшылықтың себебтері қандай? Р.М. Загайновтың көзқарасын қарастырайық /7/.
Бірінші – бапкердің қаламауы. Солайша, хоккей бойынша жоғарғы лиганың бір бапкері психологиялық көмек көрсетуге берілген ұсынысқа, ол спорт факультетінде психология пәні бойынша «үздік» баға алғанмын, сондықтан оған психологиялық көмек керек емес екендігін айтады. Шындық керек, спорт факультетінде спорт психологиясы 60-80 сағат көлемін құрайды, және де бұл білімдер 10-15 жылғы ескі білімдер, әсіресе бәріміз әрекеттегі спортшылар ол сабақтарға қалай қатысатындарын білеміз.
Екінші себеп - спортта жұмыс істеген және істеп жүрген спорт психологтарының кәсіби біліктіліктері жеткілікісіз. Солайша, жоғарғы лигадағы бір хоккей командасында психолог ретінде нарколог жұмыс істеген. Оның жұмысын еске алғанда, бапкерлер мен спортшылар әрқашан күлетін.



Үстел теннисі бойынша бір қазақстандық бапкермен әңгімемізді мысал ретінде келтірейік. Жасөспірімдер жаттығулар барысындағы ойынның жоғарғы деңгейін көрсетумен барлығын таңдандырады, бірақ жарыстарда нашар ойнайды, командасына қажет ұпай әкелмейді, олардың ойындары тұрақты емес. Осындай жағдайдың себебі психологиялық ықпалға байланысты шығар деп ұйғарған бапкер психолог шақырады. Бапкердің психологтан күткен үміті зор екендігі түсінікті ғой! «Міне, психолог келеді де, бұл мәселені шешеді!». Психолог келді, жарты жыл жұмыс істеп ешқандай нәтиже шығара алмады. Бапкер мен спортшылардың психологтардан көңілі қаншалықты қалғандығын айту қажет пе осы жағдайда?


Спорт психологтары ретінде медициналық психология саласының мамандары, психотерапевттер, психоконсультанттар шақырылады. Олардың жұмыстарының тиімді болмауы - спортшы олар үшін ұзақ мерзім барысында коррекциялық жұмыс жүргізуді талап ететін «пациент» ретінде қарастырылады. Көп жағдайларда бұл мамандар жеке спорт түрлерінің, жалпы спорттың, ең бастысы - жарыс әрекетінің психологиялық еркешеліктерін түсінбейді. Релаксацияға ғана бағытталған жұмыс жүргізу мұндай жағдайларда орынсыз болар (дегенмен, белгілі бір нақты жағдайларда тиімді болуы мүмкін) /6/.
Спортта әсері іс-әрекет барысындағыдай белсендірудің деңгейін көтеру, «форма шыңы» күйіне ене білу дағдылары қажет. Бапкердің, спортшының басқа мамандармен кездесуі тек сол маманның ғана емес бүкіл спорт психологиясының беделін төмендетеді.


Спорттағы психологтың қызметінің психотерапия кезінде жүзеге асыратын қызметінен айырмашылығы болып психологтың тәжірибелік жұмысына және өзіне сипаты мүлдем басқа және өте қатаң талап қоя білуі табылады. Спорт психологтан нақты нәтижелерді жиі нақты мерзімде көрсетуін талап етеді. Спорт психологы өзінің физикалық келбетін қадағалап, спортшылардың жаттығуларына және белсенді демалыстарына міндетті түрде қатысуы қажет. Өзінің шексіз тесттерін, зерттеулерін өзімен-өзі жүргізіп жүрген «психолог-профессор» командада күлкілі көрінеді.


Бапкер сияқты спорт психологы да бірнеше рет «жеңіліске ұшырағанға» дейін жұмысын жалғастырады, сондықтан күнделікті өмірде қолданылатын белгісіз нәтижелерге бағытталған ұзақ мерзімді жұмысқа деген ұмтылыс бұл жерде орынсыз. Ол алғашқыдан физикалық және қызметтік дайындыққа, техникаға, тактикаға арналған нақты көрсеткіштерге негізделе отырып жаттықтырушының жұмысын нақты жоспарлайтын және болжамдайтын бапкер тарапынан қабылданбауы мүмкін.
Орындау уақыты, қайталау саны, жүктемелердің көлемі және күші – бапкер осындай сөздерді қолдана отырып сөйлейді, сондықтан психолог баркермен біріге отырып жұмыс жүргізгісі келетін болса, кемінде оның тілін түсіне білуі қажет. Психолог өз жұмысының нақты жоспарлануын жасауға және психологиялық ықпалдарға қатысы бар (психологиялық тұрақтылық, сенімділік, өзіне сенімділік, жарыстарға дайындық, т.с.с.) нақты ұсыныстар мен болжамдар беруге дайын болса, бұл жұмыстың нәтижесі тамаша болатындығы сөзсіз. Әрине, ақырғы нәтижені қамтамасыз ететін барлық ықпалдар спорта бір-бірімен байланыстырылып, ұштастырылып жатады.
Бапкер мен спорт психологының ынтымақтастық аясындағы жағымсыз жағдайдың үшінші себебі олардың бір-бірін түсінбеуі және бір-біріне сенбеуінде жатыр. Соның салдарынан олар ынтымақтастықта бірлесіп жұмыс жүргізе алмайды. Француз спорт психологы жүзушілермен жұмыс жүргізуде бапкерлермен тек қана жыл бойы өткен 1-2 күнгі семинарлар топтамасын жүргізгеннен кейін ғана бапкерлердің шүбәланып қарауын және сенбеулерін жеңе алғанын айтады. Содан кейін ғана нәтижелі бірлескен жұмыс басталды, психолог пен бапкер бір-бірін түсіне бастады. Кейде бапкер психологты өзінің бәсекелесі ретінде бағалауы мүмкін, әсіресе, егер ол басшылар атарапынан шақырылған болса.
Бәлкім, зара сенімділікті және ынтымақтастықты жоғарылататын арнайы семинарлардың ұйымдастырылуы қажет шығар. Сонда да осыған орай соншалықты қарапайым емес бір сұрақ туындайды – мүмкін бапкерлердің психологиялық дайындығын жоғарылату қажет шығар? Спортшы жаттығу әрекетінің түрлі бөліктеріне байланысты бапкерлердің бағдарларға бағғытталғандығы да болады. Егер бассейн, уқалау сияқты психологиялық жұмыстың бөлігі жаттығу тәртібіне енбейтін болса, онда спортшы бұл дайындықтың бұл бөлігін маңызды деп санамайды. Мәселені осылай қоюдың жөні бар, өйткені ресей мамандарының айтуына қарағанда, қазіргі кезде бүкіл Ресейде спорта нәтижелі жұмыс жүргізе алу тәжірибесі бар және қажет білім деңгейі бар спорт психологтарының саны 20-дан аспайды. Оларға спортшыларға белгілі бір пайдасын тигізе алатын, бірақ толығымен спорт психологтары деп атауға болмайтын 15-20 психологтарды қосуға болады. Осындай мамандарды жаппай дайындаудың жеткіліксіздігі бапкерлер мен спортшылардың психологиялық білімдерін жетілдіру қажеттілігі мәселесінің өзектілігін арттырады. Мәселе осындай оқытуды ұйымдастыруға байланысты /6/.
Өмір осы мәселені шешудің күтпеген мысалдарын ұсынады. Психолог спортшыға қашан келетінін сарғая күтіп, спортшының өзі психологияға келеді. Бір кіріспеде шахматшы Н.Н. Крогиустың тәжірибесін айтқанбыз. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ психологтарды дайындауға қатысты да бүгінгі күн мысалдары да бар.
Осылайша, қазақстандық «Локомотив» атты футбол командасының ойыншысы Е. Бегімбетов, командада психологиялық жұмыстың маңыздылығын түсіне отырып, бірақ оны қалай атқаруды білмегеннен кейін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің психология бөліміне түсуді ұйғарып, 2007 жылы психолог маманындығын меңгеріп шығады. Психолог ретінде ол спорттағы жоғарғы жетістіктер – бұл халық генофондының объективті көрсеткіштері екендігін, спорт – әлемдік тайталас, ал спортшы – әлем дипломатиясының иеленушісі екендігін атап көрсетеді. Әрине, бұл жағдайда спортшының мотивациясы тек қана жүлдеге ие болу емес.
Сол сияқты үстел теннисі бойынша СШК М. Абуалина психологиядан бітіру жұмысын «үздік» бағаға қорғап шықты. Ол жарыстарда өзін сәтті көрсете білуге жағымды әсер ететін өзін-өзі бағалау, бақылау локусы және басқа да психологиялық мінездемелердің өзара байланысын зерттеген. Психология бөлімінің соңғы жылдарғы түлектерінің арасында халықаралық жарыстарда елімізді көрсете білген түрлі спорт саласында маманданған спортшылар бар (сырықпен секіру, су астында жүзу бойынша Қазақстан рекордсмені). Қазіргі кезде де психология бөлімінде спортшылар оқып жатыр.
Көп жағдайда психологтың жұмысы спортшының кейбір психологиялық мінездемелерін (жиі өзінің таңдауы бойынша) тесттілеу, одан әрі қарастыратын болсақ, психолагиялық бағыт-бағдарлау сабақтарын жүргізумен шектеледі. Мұндай жұмыстын әлсіздігі неде? Бапкер алғашқыда 2-3 рет осындай диагностиканың нәтижелерін қызығушылықпен қарайды, кейін қызығушылығы жойылады. Бапкерге спортшының қандай да болмасын психологиялық қасиеттерінің деңгейін білу жеткіліксіз, оған спортшыны нақты жарысқа болмаса да, жалпы жарысқа дайындауда нақты көмек беру қажет. Мұнда бапкер мен спортшы бүгін, ертең, бір аптадан кейін жұмысты қалай ұйымдастыруы қажет және бұл жұмыста психолог қандай көмек бере алатындығын білуі маңызды.
В.Р. Малкиннің /7/ көзқарасы бойнша, спорт психологы өз жұмысын бапкердің психологиялық жұмысты жүргізуге мотивациясын қалыптастырудан бастағаны жөн. Ол үшін жұмыстың нақты бағдарламасын ұсынып, оның ішінде нақты немен айналысатынын, бағдарламаның тиімділігінің көрсеткіштері қандай екендігі анықталған болуы қажет. Бұл бағдарламаға бапкердің өзі жүргізетін немесе қатысатын жұмыстарының еңгізілуі тиімділік деңгейін арттырады. Психологиялық жұмыстың жаттықтыру тәртібіне жаттығу үрдістерінің бір бөлігі ретінде енуі (мысалы, психологиялық өзін-өзі бағыт-бағдарлау сабақтары) психологиялық жұмыстың нәтижелілігін немесе түрлі психологиялық көрсеткіштерін өлшеумен және ақпаратты бапкер мен спортшыға жеткізумен толықтырылуы тиіс.
Алайда, жұмыстың жоспарын құру және бекіту бұл бірінші және ең оңай жұмыс (олай болса да ондай жоспар жоқ болса, жоғары деңгейде жұмыс атқару туралы және бапкердің мотивациясы туралы айта алмаймыз).
Бапкердің, спортшының мотвациясын жоғарылатудың екінші ықпалы әр спортшыны дайындаудың жеке бағдарламасын дайындау және бұл бағдарламалар мен жоспарланатын нәтижелерді бапкерлермен, спортшылармен, психологтармен талқылау болып табылады. Бұл жағдайда бапкер өзі жоспарлау үрдісіне және жүзеге асыруына және осы жұмыстың нәтижелерін қадағалауға қатысуға мәжбүр болады. Сол кезде оның психологиялық жұмысқа деген мотивациясы, қызығушылығы айтарлықтай жоғарылайды. Егер бапкер бастапқы кезеңде қызығушылық танытып, кейін бұл қызығушылығын жоғалтса, онда бұл алғашқыдан психолог жұмысының дұрыс болмауына, командамен жұмысты ұйымдастыра білмеуіне әкеліп соқтырады. Бұл жағдайда өзінің қателігін түсініп, болашақ сәттілікке жол таба білу қажет. Ең тәжірибелі және әйгілі психологтар өз жұмыстарының барысында осындай сәтсіздіктер, қателер көп болған деп жауапкершілікпен айта аламыз демек. Олар тек өзінің қателерінен сабақ алып, осы қателерді қайталамауға қабілетті болды. Ал өзінің қателерінің себептерін бапкерлерден іздегендер нағыз спорт психологы бола алмады /7/.
«Бапкер-спортшы», «спортшы-спортшы» қарым-қатынастарының жүйесін қайталап тексеру өте пайдалы. Бұл тексеру спортшының жаттықтыру жұмысына қатынасы туралы, ұжымдағы психологиялық көңіл-күй туралы ақпарат алуға, спортшылардың жарыстарға сәтті қатысуға кедергі болатын түрлі психологиялық мәселелерінің себептері туралы өз көзқарастарын түсінуге көмектеседі. Тәжірибеден байқағанамыздай, басым жағдайда осындай мәселелерге бапкерлер мен спортшылардың көзқарастары өзгеше болады. Ал бұл болашақта спортшы мен бапкер арасында өзара түсінбеушілікке және қатынастардың қиындауына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Сондықтан бапкерге дұрыс берілген психологиялық ақпарат көптеген психологиялық мәселелердің алдын алуға мүмкіндік береді және мұндай ақпараттандыру спортшы үшін бір жағынан маңызды, ал басқа жағынан қарағанда маңыздылығы жоқ сияқты болып көрінетін жағдайлар туралы ойлауға мәжбүрлейді. Ақпаратты талдауды хат түрінде берген тиімді.
Мұнда талдау барысында психолог нақты білмейтін жағдайларды қозғамауы өте маңызды, өйткені бұл мәселелерде психологтың нағыз маман емес екендігін бапкер мен спортшы бірден байқайды. Ал ол психолог беделін төмендетеді, әсіресе техникада, тактикалық дайындықта кәсіпқойлықтың жоқ болуы психологтың жалпы біліктілігіне ауыстырылады. Бұл жағдайда психологтың бапкер ретінде тәжірибесі өте құнды болады, әрине, ондай тәжірибе бар болса. Бапкердің мотвациясын қалыптастырудың үшінші әдісі – онымен және спортшымен психологиялық қасиеттерді қалыптастыру технологиясы бойынша талқылаулар жүргізу және өзгерістер еңгізу, жүйелі түрде осы қасиеттердің қалыптасу динамикасын тексере отырып және осы динамиканың сапасына қарай (жағымды немесе жағымсыз) ортақ талқылаулар жүргізу.
Бапкерді қызықтыратын (мотивациясын қалыптастыратын) төртінші ықпал - егер психолог бапкердің сұрақтарына жауап беріп, жай ғана түсіндірумен шектелмей, оларды шешудің жолдарын тапса, жұмыстың тиімділігінің жоғарылауы сөзсіз. Сұрақ қойылғанша күтпей, белгілі мағыналы сұрақтардың болуын алдын ала болжай білген дұрыс болар /7/.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет