Справочник по электротехническим материалам. В трех томах/ Под. Ред. Корлицкого Ю. В. Пасыкова В. В, Тареева Б. М



бет4/4
Дата27.03.2022
өлшемі54.91 Kb.
#456495
түріСправочник
1   2   3   4
Үй тапсырмасы
Бағалау

  1. мин

Берілген бақылау сұрақтарға жауап беру

  1. Техникалық эксплуатацияның негіздері міндеттері

  2. Техникалық эксnлуатацияның принциптері дегеніміз не?

  3. Техникалық эксплуатацияның үш принципі

  4. Бұзылғаннан кейінгі жөндеу принципін қолданатын жағдайлар:

  5. ГОСТ 18322-78 бойынша негізгі эксплуатациялық жұмыстар




Тапсырманы дәптерлеріне жазып алады.






Еңбекті адамның табиғатқа қатынасы жағынан анықтау ғана жеткіліксіз, сондықтан еңбек үрдісін сипаттайтын, бірақ қоғамдық нысанға қатыссыз категорияларды айқындау керек. Оларға еңбек өнімділігі, интенсивтілігі және еңбек өнімділігінің күші жатады.
Осылардың ішіндегісі ең маңыздысы еңбек өнімділігі болып табылады. Еңбек өнімділігі дегеніміз уақыттың бір өлшем бірлігінде (1сағатта, 1күнде, 1айда, 1жылда) шығарылған өнімнің көлемін немесе бір өнімді өңдеуге кеткен еңбек уақытысы. Басқа сөзбен айтқанда берілген еңбек көлемінің тұтынушы құндарының көп немесе аз мөлшеріне айналу қабілеттілігі. Мұнда еңбек көлемі тұрақты, ал өндірілген тұтынушы құндарының мөлшері өзгермелі болады. Еңбек өнімділігі өскен сайын, өнімнің бір бірлігіне кететін еңбек үлесі қысқарады.
Кез-келген кәсіпорында оның мөлшеріне және меншік нысанына қарамастан, еңбек көрсеткіштері мен еңбекақы бойынша бірыңғай жүйе қолданылады. Ол кадрлар мен еңбек күшінің жағдайын және оларды қолдануын сипаттайтын көрсеткіштерден тұрады. Жүйе астылардың ең бір маңыздысы еңбек өнімділігі болып табылады. Ол өндіріске адам факторының, техника мен технологияның, өндіріс үрдісінің ұйымдастырылуы мен өндіріс құрылымына әсер ететін көрсеткіштермен сипатталады.
Адам факторының әсер етуі жалпы және арнайы білім деңгейінің, біліктілігінің және өндірістік тәжірибесінің өзгерісі арқылы көрсетіледі. Техника мен технология-еңбек өнімділігіне әсер ететін негізгі факторлар, олар еңбек механизациясы, прогрессивті технология, жаңа конструкторлау мен модернизациялау, еңбек құралдарының өзгерісімен және табиғи жағдайлармен бейнеленеді.
Нарық экономикасына көшу жағдайында еңбекті қолданудың тиімділігін бағалау үшін актуалды болып аналитикалық пікірлер табылады. Біріншіден, олар еңбек өнімділігі өсуінің ішкі өндірістік резервтерін қолдану мен іздеу үшін теориялық негіз береді. Екіншіден, олар еңбек өнімділігін жоспарлау мен болжау тәжірибесін жақсартуға жәрдемдеседі. Үшіншіден, өнім өндірісіне және баға құрауға еңбек шығындарын есептеуді жетілдіруге мүмкіндік береді. Төртіншіден, кәсіпорындағы еңбекақыны жоспарлау мен реттеу кезінде еңбекті сақтау көрсеткіштерін толық қолдануға жағдай жасайды.
Еңбек өнімділігін жоғарылату өнім көлемінің өсуінің басты факторы болып табылады. Ал, өнім көлемінің өсу темптері бүкіл өндірістің даму темптері мен оның тиімділігінің өсуін анықтайды.
Қазіргі жағдайларда еңбекті ұйымдастыру және оның өнімділігін жоғарылатуға көп көңіл бөлу керек, себебі олар экономикалық өсудің және прогрестің жалғыз көзі болып табылады.
Қалыптасқан экономикалық жағдайда еңбек тиімділігінің өсу мәселесі ең қиыны болып отыр, бірақ оны шеше отырып әлеуметтік бағытталған нарық экономикасын тұрғызуда жетістікке жетуге болады. Ол мәселені шешу үшін ұлттық өндіріс дамуына бағытталған қаржы-несиелік және экспортты-импортты саясатты жүргізу керек, мемлекетте жиналған интеллектуалды және еңбек потенциалына қорғанышпен қарау. Сондықтан да еңбек өнімділігінің өсуіне әсер ететін негізгі факторларды оқып білу және оның өсу резевтерін анықтаудың үлкен мәні бар

    1. Еңбек өнімділігінің түсінігі және мәні.

Еңбек өнімділігі әртүрлі жағдайлармен анықталынады, соның ішінде жұмысшы өнерінің орташа деңгейі, ғылымның даму деңгейі, ғылымда технологияны пайдаланудың дәрежесі, өндірістік үрдістің қоғамдық комбинациясы, өндіріс құралдарының өлшемі мен тиімділігі, табиғи жағдайлар. Еңбек өнімділігінің индексі бірден аз, бірге тең, бірден көп болуы мүмкін, ол өнім бірлігін өндіруде еңбекті үнемдеу деңгейіне тәуелді. Мысалыға өнім бірлігін өндіруде еңбек шығындары 20%-ке азайса, еңбек өнімділігі 25%-ке көбейеді. Егер өнім бірлігін өндіруде еңбектің шығындары сол қалпында қалса, онда еңбек өнімділігінің индексі 1-ге тең болады. Өнім бірлігін өндіруде еңбек шығындарының көбейуі кезінде еңбек өнімділігінің индексі бірден аз болады. Бұл құрал-жабдықтардың ескіруі кезінде, табиғи жағдайлардың күрделенуі кезінде және т.б. болуы мүмкін. Өнім өндірісінің еңбек сыйымдылығының өзгеруі мен еңбек өнімділігі көрсеткіштерінің тәуелділігі мынадай гиперболамен көрсетіледі: у=1/х
Еңбек өнімділігі деп отырғанымыз материалдық игіліктерді өндіру сферасында адамдар қызметінің жемісті (нәтижелі) дәрежесі. Демек, еңбек сияқты еңбек өнімділігі де материалды өндіріс сферасына қатысты болады. Еңбек өнімділігі-белгілі бір еңбектің уақыт бірлігінде белгілі бір өнім көлемін өндіру қабілеттілігі. Еңбек өнімділігі материалды өндірістегі еңбек шығындарының тиімділігін сипаттайды және жұмыс уақытының бірлігінде өндірілетін өнім көлемімен немесе өнім бірлігін өндіруге кеткен еңбек шығындарымен анықталынады.
Еңбек өнімділігі-бұл жалпы көрсеткіш. Ол бір жұмысшының немесе өндірістік коллективтің уақыт бірлігінде өндіретін өнім көлемін бейнелейді және өндірістің тиімділігін сипаттайды.
Еңбек өнімділігі-бұл еңбек шығындарының тиімділігі. Ол жұмысшының уақыт бірлігінде өндіретін өнім көлемімен немесе өнім бірлігін құрастыруға кеткен жұмысшының уақыт шығындарының шамасымен белгіленеді.
Еңбектің жеке өнімділігін (берілген өнімді шығаруға кеткен тек тірі еңбектің шығындары) және қоғамдық өнімділігін (өнім өндіруге кеткен жиынтық шығындар: тірі еңбек шғындары, затталған шығындар) ажыратып көрсетуге болады.
Техникалық прогресстің дамуына байланысты затталған еңбек шығындарының үлесі көбейеді, алайда өнім бірлігіне кететін тірі еңбек шығындары мен затталған еңбек шығындарының абсолютті мөлшері қысқарады. Бұл қоғамдық еңбек өнімділігін жоғарылатудың мәні. Қоғамдық еңбек өнімділігі қоғамдық өндірістің тиімділік критерийі болып табылады. Ал жеке еңбек өнімділігіне келетін болсақ, ол бұл функцияны толық мөлшерде орындай алмайды. Мысалыға, шығарылатын өнімнің сапасын жақсарту немесе оның ассортиментін жетілдіру мақсатында еңбек шығындарын ұлғайту қажеттілігі туады, бірақ бұл ұлғайту келесі кезекте сапалы өнімді қолдануда еңбекті көп үнемдейді.
Еңбек өнімділігі өсуінің мағынасы ол өндірісті кеңейтудің негізгі шарты болып табылады. Шығарылатын өнімнің көлемін ұлғайту, жұмысшылардың санын ұлғайту нәтижесінде жетуге болады, егер де әрбір қосымша алынған жұмысшы өнімнің өсімшесін ғана емес, табыстың өсімшесін де берсе.
Жұмысқа алынатын адамдар саны шектеулі болады. Жұмысшылар санының ұлғаюы, яғни әрбір қосымша бірлігі өнімнің сомасына аз мөлшерін қосады да өнім өсімшесі әрбір адам үшін азырақ болады. Сондықтан адамдар саны шекті өнімнің, яғни өнімнің максималды өсімшесімен, максималды мәнімен анықталынады.
Еңбектің шекті өнімі дегеніміз өндіріске қосымша бір еңбек бірлігін енгізу есебінен болатын шекті өнім (МР). Өнімнің көлемін үздіксіз көтеру еңбек өнімділігінің жоғарылауын білдірмейді. Еңбек өнімділігі шекті өніммен анықталынады. Ал шекті өнім (МР) еңбектің шекті өнімі болып табылады. Еңбек өнімділігі еңбек етушілердің өмірлік деңгейін сипаттайды. Өмір деңгейі өндірілген өнімнің жалпы санының өсуі есебінен жоғарылайды. Мемлекет бойынша еңбек өнімділігінің өсу темптерін басқа мемлекеттермен салыстырып отыру керек. Мысалыға АҚШ-та шығарылатын өнім көлемінің өсу темптерінің тенденциясы халықтың жан басына шаққанда 1984 жылы басқа Жапония, Франция, Германия сияқты мемлекеттерге қарағанда жоғары. Бірақ еңбек өнімділігінің өсу темптері бойынша ең төмен. Бұл деп отырғанымыз еңбек өнімділігі өсуінің басты көзі болып жиналатын капитал өсімі табылады. Оның көбеюі құрал-жабдықтардың сандық және сапалық өзгерісін білдіреді. Өз кезегінде бұл-әрбір жұмысшы 1 жұмыс сағытында өнімді көбірек өндіреді деген сөз. Еңбек өнімділігі өсуінің ең жоғары темптері Германия мен Жапонияда, ол экономиканы құрылымдық қайта құру есебінен болды.
Сонымен қатар еңбек өнімділігінің өсуі экономиканың шикізаттық бағытымен байланысты. Мұнай, табиғи газ, түсті металлдар және т.б. шикізат ресурстарының запастары азайғанынан бір жұмысшыға шығатын өнім азаяды.
Нарықтық экономикада орташа өнім (АР) өнім сомасының (Q) еңбектің бір бірлігіне қатынасымен анықталады: АР= Q : L Осылайша кәсіпорындағы өнім саны алғашында динамикалық түрде өседі, содан кейін төмендейді. Бұл орташа өнімге өз әсерін тигізеді. Өндіріске қосымша еңбек бірлігін енгізу есебінен өнімнің сомалық мөлшері өзгереді, бұл еңбектің шекті өнімін көрсетеді: МР=▲ Q :▲ L . МР мәні алғашында жоғарылайды, содан кейін төмендейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет