Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет119/222
Дата27.04.2024
өлшемі4.1 Mb.
#499953
түріСабақ
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   222
Жинак республ docx

 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.Байтұрсынұлы 
А., 
Тіл 
тағылымы, 
А, 
«Жазушы», 
1992. 
2.Байжұманова Қ. «Оқуға ынталандыру-мұғалім біліктілігінде»// 
Қазақстан мектебі,2008ж.№1 
3.Белинский В. Г // «Балалар кітапшалары туралы бірер сӛз» 12-17б.1989. 
4.Бітібаева Қ.. Әдебиетті оқытудың тиімді жолдары, А., «Жазушы», 1990. 
5.Бітібаева Қ.. М. Әуезов шығармашылығын мектепте оқыту А., «Жазушы»,
6.Ермекова Т.Н, А.А.Қасымбек, Н.О.Абдижаппапрова, А.Б.Бипажанова «Қазақ 
тілі мұғалім кітабы» «Арман ПВ», 2016 
 
 


 
 
ДАМЫТА ОҚЫТУ ТҦРҒЫСЫНАН АЛЫНҒАН ПӘН МАЗМҦНЫНЫҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 
Дуйсенова Куля Абдикаимовна 
№99 мектеп-гимназиясының 
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мҧғалімі 
Шымкент қаласы 
Дамыта оқыту технологиясы - оқушының алған білімін ӛзіндік ойлаумен 
ұштастыратын бірден-бір әдіс. Бұл технологияларды қолдану кӛркем 
шығармалардың мәтіні арқылы сӛздің мағыналық - қисындық құрылымына 
назар аударуды қажет етеді. Әдеби мәтіндердің кӛркемдік- тілдік 
ерекшеліктерін ажыратуға негіз болады. Кӛркем туындының мазмұнын түсініп, 
оны талдау барысында проблемалық сұрақтарға жауап беруді қамтамасыз етеді. 
Дамыту технологиясы әдебиетті оқытуда оқушыны жан-жақты ізденуге, ӛзіндік 
ой-тұжырымдарын жасай алуға, сонымен қатар, тұтас кӛркемдік талдау 
жасауды үйретеді. 
Дамыта оқыту технологиясы - оқушының оқу, білім алу процесінде жан- жақты 
дамуын оқытудың басты мақсаты ретінде қабылдайды. 
Дамыта оқыту идеясын әдіскер ғалым В:В Давыдов ұсынған. Даму дегенде 
оқушының ойлауы, табандылығы, зейіні, оқу дағдысы мен іскерлігі тағы басқа 
да қабілеттерін дамытуды айтамыз. 
Оқушының ойлауы дамуының маңызды шарты - оқушыда ойлау мәдениетінің 
болуы. Сондықтан оқу процесі оқушылардың анализдеу, синтездеу, себеп - 
салдар байланыстарын табу, жалпылау, қорытынды жасау, түрлерге бӛлу, 
салыстыру - сияқты интеллектуалдық дағдыларын дамытуы тиіс. 
«Дамыта оқыту»-деген термин психология ғылымының қойнауында туып, 
баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін 
(Л.В.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн) және басқа да психиканың 
функциясын 
зерттеген 
(Б.Г.Ананьев, 
Г.С.Костюк, 
А.А.Люблинская, 
Н.А.Менчинская) және т.б.іс-әрекет теориясының психологиясын жасаған 
(А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде 
дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның 
бірін Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, ал екіншісін Л.В.Занков басқарады. 
Кейінгі жылдары дамыта оқыту психология мен педагогика 
ғылымдарының келелі мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары «дамыта оқыту 
деп - оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына 
сәйкестендірілген оқытуды» атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында 
жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық ӛзгерістер болуы тиіс деп 
есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі- баланы оқыта отырып жалпы 
дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, ӛз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға 
дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай 
ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау. 
Дамыта оқыту - дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп 
қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы ӛзін-ӛзі ӛзгертуші субъект 


дәрежесіне кӛтерілуі кӛзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар 
жасау үлкен нәтиже берді. 
Дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (сандық, мазмұндық) 
әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық 
(интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға болады. Дәстүрлі 
оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол 
ақылға дайын білімді құю керек деген кӛзқарасқа, ал дамыта оқыту бала 
бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге кӛтеруді мақсат 
тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал 
дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді. 
Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор. 
Біріншіден - дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы ӛз оқу 
әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа 
ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені ӛз беттерінше шешуге 
талпынады. Сӛйтіп олар осы мәселе туралы ӛз білімдерінің жеткіліксіз, таяз 
екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері 
пайда болады. 
Екіншіден - дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше 
отырып ӛзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының ӛзінің деңгейіне 
дейін дамуға қол жеткізе алады. «Жақсы оқушы», «Жаман оқушы» ұғымының 
болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын 
арттырады. 
Үшіншіден - оқушының жеке басын дамытатын басты құрал - ол ӛзінің әрекеті. 
Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс 
жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды. 
Тӛртіншіден - дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің 
арасындағы жаңаша қарым-қатынасы арқасында ғана ӛз жемісін береді. Сол 
себепті дәстүрлі жүйедегі әміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз, оқушы - 
орындаушы‖, «мұғалімнің тасасындағы» объект емес. 
Оқу - адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту 
белгілі бір мӛлшерде адамды дамытады. 
«Даму» ұғымы сӛздікте «... мӛлшерлік ӛзгерістердің белгілі бір ӛлшем шегінен 
шығып, сапалық ӛзгерістерге айналуы,»-деп түсіндіріледі.
«Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы-жаңарту процесі, жаңаның 
ӛмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат 
құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, 
ӛзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге ӛтіп отырады. 
Ал адам ұғымының психологиялық анықтамасы - жаңару процесс жаңаның 
ӛмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны білдіреді. Барлық табиғат 
құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі даилектикалық жолмен дамып, 
ӛзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге ӛтіп отырады. Ғалымдардың зерттеулері 
баланың даму процесіне үш түрлі күш пен үш түрлі фактордың 
қатысатындығын дәлелдейді. 
1. Биологиялық фактор. Бұл ата-анадан ауысқан, туа біткен және ӛмір сүру 
барысында қабылданған дененің барлық мүшелерінің, оның барлық жүйелі 


құбылысының ерекшелігін білдіретін, бала организмінің ортамен қарым-
қатынасының нәтижесі. 
2. Әлеуметтік фактор. Бала ӛмір сүретін орта, ең алдымен адамдардың ортасы. 
Бұл сондай-ақ баламен қарым-қатынас жасайтын адамдардың сипаттары, мінез-
құлық және ақыл-ой бейнелері, олардың мүдделері мен пікірлері, істері мен 
сӛздері, талаптары мен дағдылары, ұмтылыстары, яғни бала ӛсіп дамитын 
рухани орта. 
3. Баланың ӛз белсенділігі. Даму процесіне әсер ететін бұл үшінші күш болып 
саналады. 
Оқитын пән қандай да жаңа, бағалы болмасы, мұғалімнің шеберлігі қаншама 
жоғары болмасы, егер мұғалім баланың ӛз белсенділігін туғыза алмаса, оған 
ұсынылған іс пен еңбекте баланың әрекетке қатынасуы әрекет күткеннен 
нәтиже бермейді. Баланың организмі дамуы мен жеке басы ретінде қалыптасуы 
белсенділік арқылы жүзеге асады. 
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар. Ғалымдар алғаш рет бала 
дамуының екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынады. 
1. Бала дауының жақын аймағы - баланың тек үлкендердің кӛмегі арқылы 
атқара алатын істері. 
2. Бала дамуының қол жеткен аймағы - баланың үлкендердің кӛмегінсіз істей 
алатын істері. 
Дамыта оқытудың В.В.Давыдов жасаған жүйесінің кӛздеген мақсаттарына жету 
тек баланың белсенділігіне байланысты. Осыған орай, бұл жүйенің әдіс-
тәсілдері де оқушының белсенділігін ұйымдастыруды, талдап, кӛмектесіп 
отыруды кӛздейді. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін 
ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала ӛзінің бұған дейінгі білетін 
амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей 
жағдайға түсу керек. Содан барып, оның білім алуға деген ынта-ықыласы 
артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мынадай жағдайда үш құрамдас 
бӛліктерден тұратын болады: 
1. Оқу мақсаттарының қойылуы. 
2. Оны шешудің жолдарын бірлесе қарастыру. 
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу. 
Бұл үшеуі - дамыта оқытудың В.В.Давыдов жасаған жүйесінің негізгі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет