Кӛптеген қабілетті балалар қызығушылық пен ұмтылыстың жоқтығынан негізгі
тапсырманы ӛте баяу орындағандықтан, мүмкіндігінің болуына қарамастан
қосымша тапсырмаларды орындауға үлгермейді. Кей жағдайларда кейбір
балаларға барлық тапсырманы орындамай («тығыздау» деген атпен белгілі
болған әдіс), қосымша жұмысқа бірден кірісуге рұқсат етуге болады.
Балалар жалпы тапсырманы орындайды, бірақ олардың кейбіреуіне басқаларға
қарағанда кӛп немесе кем қолдау кӛрсетіледі. Қабілетті балаға білімнің кейбір
салаларында жеке кӛмек қажет болуы мүмкін, мысалы, жазба, ақпараттық-
коммуникациялық
технологияларды пайдалану, оқу машықтарын немесе
бірлесіп оқу машықтарын дамыту. Балалар ортақ тапсырма орындайды, бірақ
айтарлықтай дамыған оқу немесе зерттеу машықтарын қажет ететін әр түрлі
ресурстар беру арқылы тапсырманы сатылатып орындау арқылы оқушының
ойлау деңгейін дамытуға болады.
Оқушылардың кейбіреуіне ӛзі жасаған жұмыстарын таныстыру үшін оқытудың
балама әдістерін ұсынуға болады.
Сыныпта
оқушыларды
топтастырғанда
оқушылардың
танымдық
қажетттіліктеріне қарай гомогенді гетерогенді топтар арқылы топтастыра
отырып, ортақ тапсырма беруге болады. Қабілетті оқушылар құрдастарымен
тапсырманы әртүрлі ақпарат кӛздеріненала отырып, айтарлықтай жоғары
деңгейде орындап шыға алады. Сондай - ақ олар ортақ тапсырманы орындауда
әрқайсысысы әртүрлі роль атқарады.
Cыныпта мұғалім оқушылардың деңгейіне қарай ӛзі
қоятын сұрақтары мен
оқушылар қоятын сұрақтарға жауаптарын саралайды.
Сыни тұрғыдан ойлау сұрақ қоюдың, дәлелдеудің басты дағдыларын және
тӛмендегі қабілеттерді дамытуды кӛздейді:
Айтқандарын негіздеуге және ӛзіміздің ӛмірлік тәжірибемізге қарай оны
тәртіпке келтіріп, мәнін құруға әзірлік;
Күн ілгері кесіп-пішіп қоюға ұмтылмай, сұрақ қою, тапсырма беру және
басқалардың идеяларын сыни бағалау;
Басқалардың ӛзіңнің пікіріңді сыни бағалауына және ӛз пікіріңнің қате
болуына ашық болу;
Идеяларды сынау және «шындықты» іздеу.
Балаларға негізделген, әділ сыни тұрғыдан ойлауды
қалай дамыту керектігін
кӛрсету қажет. Оларға сұрақ қою, негіздеу, болжам жасау мен үлгілеу
дағдыларын жаттықтыру қажет. Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту мыналар туралы
негізді бағалауға үйрету дегенді білдіреді:
Қалай, қашан және қандай сұрақтарды қою қажет.
Қалай, қашан және қандай негіздеу әдістерін пайдалану керек.
Мысалы: «Қыз Жібек» жыры» тақырыбында ӛткізген сабағымда жырдың
тақырыбын, мазмұнын, идеясын ашу үшін 4 топқа тӛрт түрлі тапсырма бердім:
I топ: «Қыз Жібек» жырының зерттелуі; II топ: Жырдың мазмұны; III топ:
Жырдың ерекшелігі; IV топ: Жырдың композициялық жоспары. Мұндағы
мақсатым, жаңа білім бойынша ӛз болжамдары
мен жобаларын талқылату,
ӛзіндік қорытындыларының қаншалықты ғылыми шындыққа жақын екенін
саралату, білімді ӛз бетімен алуға деген ынтасын, топтық жұмыстарға деген
белсенділігін арттыру болатын. Нәтижесінде бұл жырдың 15 нұсқасы бар
екенін, бірақ кӛп нұсқалы болса да мазмұндық жағынан бір-бірінен алшақ
еместігін, жырға сценарий жазылып, фильм түсірілгенін және оны әлемнің 43
елінде кӛрсеткендігін, жыр оқиғасының ӛмірде болған оқиғаға негізделгенін
және адал махаббатқа құрылғанын т.т. мұғалімнің қатысуынсыз ӛздері тауып,
дәлелдеп айтып берді.
IV топ, жырдың композициялық құрылымын
жоспарлауда жырдың қалай
басталатынын, оқиға қалай дамитынын, байланыс қай кезеңінде орын
алатынын, жырдың ең шиеленіскен тұсы қай сәт, шарықтау шегіне қай оқиға
кіретінін, шешімі қалай аяқталатынын сыни тұрғыдан ойлану арқылы ортақ
шешім табу қажет болатын, топ мүшелерінің жобалауы,
бірлесе отырып
қабылдаған шешімдері дұрыс шықты, тек шарықтау шегін нақты жеткізе
алмапты. Осы сабақта кестемен жұмыс арқылы кейіпкерлер бейнесін ашу
тапсырылды.
Кейіпкер
Қандай?
Жырдан дәлел үзінді
1. Тӛлеген
Уәдесіне
берік
Кӛктем
шыға
қазбен
бірге келем
2. ...
...
...
3. ...
...
...
4. ...
...
...
Оқушылар кейіпкерлерді талдағанда, кейіпкерлердің іс-әрекетіне жан-жақты
талдау жасап, олардың жан дүниесін ашатын сӛздерді тауып сыни тұрғыдан
баға беріп, ӛз пікірлерін жырдан үзінді келтіре отырып дәлелдеп жазып шықты.
Нәтижесінде: оқушы сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің тәсілдерін қолдана
отырып, алған
біліміне рефлексия жасауды, бірлесіп, ұйымшылдықта топтық
жұмыстарды орындауға, бірін-бірі үйретуге, білгенін ортаға салуға, сабаққа
енжар қатысып отыратын және ӛз-ӛзіне сенімсіз оқушыларда ерекше
белсенділік пайда болды.
Достарыңызбен бөлісу: