Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет126/222
Дата27.04.2024
өлшемі4.1 Mb.
#499953
түріСабақ
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   222
Жинак республ docx

 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.Акимова Т.А, Т.М.Копжасарова, З.Т.Кашкенова, Г.У.Дарменова «Разминки 


для тренингов» АОО НИШ ЦПМ, Астана, 2015 
2.Ақшолақов Т. Шығарманың кӛркем айшықтарын таныту. Алматы. 1993ж /2, 
63-бет/ 
3.Ақшолақов Т., Шығарманың кӛркем айшықтарын таныту, А., «Жазушы», 
1998. 
4.Ақшолақов. Т.Кӛркем шығарманың эстетикалық табиғатын таныту. Алматы. 
1975ж. 
5.Әбдезұлы Қ., С.Ч.Тұрсынғалиева «Қазақ әдебиеті әдістемелік нұсқау» «Арман 
ПВ», 2012 
 
 
ШӘКІРТТІҢ ШЫҢДАЛҒАНЫ-ҦСТАЗДЫҢ ШЕБЕРЛІГІ
 
Касимова Айнура Ильясовна 
№103 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мҧғалімі 
Шымкент қаласы 
 
Еліміздің жарқын болашаққа ұмтылуында әр қазақстандықтың ӛз үлесі 
бар. Сол жарқынды жақындату үшін әрбіріміз ӛзімізше еңбек етудеміз. Бұл 
жолда болашақтың қожайындары-мектеп оқушыларын-балаларды тәрбиелеп, 
білім нәрімен нұрландырып жүрген ұстаздар қауымының арқалар жүгі орасан.
Күннен-күнге жаңарып, дамып келе жатқан жаһандану дәуірінде заман ағысына 
ілесіп, озық елдердің озат тәжірибесіндегі тың дүниемен теңесетіндей 
жаңалықтар ашатын; кӛзі қарақты, кӛкірегі ояу, жан-жақты тұлға тәрбиелеу 
жауапкершілігі мұғалімнің мойнында. Сондықтан да әрбір ұстаздың бойында
педагогикалық шеберлік пен кәсіби құзыреттілік астасып жатқаны абзал.
Сонда ғана оның еңбегі жемісті болмақ. Тарата айту үшін «педагогикалық 
шеберлік», «кәсіби құзыреттілік» ұғымдарына тоқталайық.
Тілдік қабілеттіліктер-ӛз ойын және сезімін тілдің мимика және 
пантомимиканың кӛмегімен ашық та анық білдіре білу қабілеттілігі.
Қабілетті мұғалімнің тілі әсерлі, бейнелі, ырғақтық жағынан мәнерлі, 
эмоциялық тұрғыдан кӛркем, сӛйлеу дикциясы анық болады.


Ұйымдастырушылық қабілетіліктер- оқушылар ұжымын ұйымдастыра 
білуінен байқалады. 
Бедел қабілетіліктері-балалармен қарым-қатынас жасау, педагогикалық 
тұрғыдан қажетті қарым-қатынас орната білу.
Коммуникативтік 
қабілеттіліктер-шәкірттің 
ерекшеліктері 
мен 
мүмкіншіліктерін, педагогикалық ахуалды ескеріп отырудың қажеттілігі. Міне 
осы қабілеттерге ие ұстазды -шеберлігі басым ұстаз деуге негіз бар.
Педагогикалық шебеліктің тӛрт құрамды бӛлігін ажыратуға болады: 
оқушылардың жеке және ұжымдық қызметін ұйымдастыру шеберлігі; оларды 
сендіру шеберлігі, білім және іс-әрекет тәжірибесін меңгерту шеберлігі, 
педагогикалық техниканы меңгеру шеберлігі.
Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды 
оқыту мен тәрбиелеу ӛнері. Ол ӛнерге балаларды сүйетін және ӛз қалауымен 
жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог ӛз ісінің шебері, 
жоғары мәдениетті, ӛз пәнін терең меңгерген, ғылым мен ӛнердің тиісті 
салаларынан хабардар, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік меңгерген 
маман. 
Педагогикалық 
шеберліктің 
тағы 
бір 
кӛрінісі-мұғалімнің 
шығармашылық іс-әрекеті, яғни, оның тұлға ретінде жеке-даралығы . 
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген ұғымды қызметтік ұранына 
айналдырған ұлағаттылыққа жетуде шеберлігі мен талабын шыңдай білген 
ұстаздың бірі-ӛзіммін. Жиырма жылға жуық педагогтік тәжірибемде талай 
түлекті үлкен ӛмірге қанат қақтырдым, алдымнан неше түрлі оқушылар ӛтті. 
Олардың бірі оқуға зерек, білімге құлшынысы жоғары болса, екіншісі, 
керісінше, сӛзге түсінбейтін қанша айтсаң да ұқпайтын жалқау болды, ал 
үшіншісі бірде бар, бірде жоқ дегендей «кӛңіл қошына қарай» оқыды. 
Дегенмен, ұстамдылықтың, ерінбей еңбектенудің арқасында алғысқа бӛленіп 
отырған жайымыз бар. Мен сабақ барысында әр оқушының ӛзіндік ерекшелігін 
ескеруге тырысамын, талап қоя отырып, берілген тапсырманы жан-жақты 
орындауларын қадағалаймын. Менің бірінші ұстанымым тәртіп пен талап. 
Оқушыдан темірдей тәртіпті, таудай талапты күтемін. Ӛйткені тәртіп бар жерде 
білім бар.
Әр сабақта тақырыпқа орай әдіс-тәсілдерді түрлендіру үлкен жетістікке 
жетелейтіні сӛзсіз: біріншіден, пәнге деген қызығушылықты арттырады; 
екіншіден, білімді жүйелі етеді; үшіншіден, оқушы белсенділігін 
жоғарылатады, тӛртіншіден, оқушының еркін және жылдам ой-түйіндеуін 
қамтамасыз етеді. Ӛздеріне ұнаған әдіс-тәсілдерім бойынша сабақты 
жүргізуіме қолқа салатын оқушылар да болады. Ондайда ӛтініштерін 
орындауға тырысамын. Топтық жұмыс барысында оқушылардың толық 
қамтылуын, берілген тапсырманы түгел меңгеруін бақылаймын. Алдыңғы 
оқуда «зымыран сұрақтар», «миға шабуыл», «еркін микрофон», «диалог» 
әдістерін пайдаланамын. Пәніме байланысты «мағынаны тану» кезеңінде 
«тұжырымдамалық картаны» кӛп пайдаланамын. «Белсенді сабақ-табысты 
сабақтың кепілі» дейді, сол себепті оқушылардың белсенділігін ояту және 
арттыру мақсатында жұмыс жасаймын.
Кез-келген жұмыстың ӛз қиындығы бар. Мұғалімдікті таңдаған тұлға: 
-Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын; 


-Педагогикалық ӛзгерістерге тез тӛселетін; 
-Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын; 
-Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын; 
-Оқушыларды еркін ойланта алатын; 
-Білімді, іскер, шебер болуы керек. 
Жаңа педагогикалық технологияларды және әдіс-тәсілдерді жүйелі пайдалана 
отырып оқушының ынтасын арттыру ең маңызды қадам. Бұрынғы оқушы тек 
тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы –ӛздігінен білім іздейтін жеке 
тұлға, еркін ойлаушы азамат екендііне ерекше мән беруіміз керек. Қазіргі 
оқушы: 
-Дүниетаным қабілеті жоғары; 
-Дарынды, ӛнерпаз, 
-Ізденімпаз, талапты; 
-Ойы ұшқыр; 
-Еркін ойлай отырып, ойын еркін жеткізе алатын; 
-Ӛз алдына мақсат қоя білетін оқушы болып қалыптасуы қажет.
«Ізденген жетер мұратқа» демекші оқушының ізденісі жеміссіз болмақ емес, 
сондықтан сабақ барысында тапсырманы меңгерте отырып, проблемалық сұрақ 
тастап, жауабын ізденуге бағыт беремін, бұл оқушының жан-жақтылығына жол 
ашады. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сӛйлесуге, пікір 
таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, ӛзекті мәселені шешу 
жолдарын іздене отырып, қиындықты жеңуге баулыдым. Ол мына әрекеттер 
арқылы іске асты: 
-еркін ойлауын қалыптастыру үшін уақыт керек; 
-оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру; 
-әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау; 
-үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау; 
-кейбір оқушыларда болатын қолайсыз жағдайларды күлкіге айналдырмау; 
-оқушылардың бір-бірінің жауабына берген ойының дәлелді, дәйекті болуын 
талап ету; 
- еркін ойлай отырып ӛздерінің жасаған жұмыстарын бағалау 
Жоғарыда сӛзді ұқпайтын, қанша айтса да түсінбейтін шәкірттерімнің 
де болғандығын тілге тиек еттім. Мұғалімнің шеберлігі тентекті жуас етуінен 
емес, талапты етуінен кӛрінсе керек. Сондықтан да «Қалауын тапса қар жанар» 
демекші, ондай «ӛзгеше» шәкірттердің тілін тауып, оңайынан күрделіге қарай 
тапсырма беремін және, ең бастысы, сеніммен тапсырамын. Ә дегеннен 
қолынан келмейді, дегенмен тырысады, соны бағалаймын. Жаңартылған 
бағдарламамен сабақ ӛту барысында бағалауға кӛп назар аударған жӛн. 
Оқушының әр жұмысына баға беру сабаққа қызығушылықты арттырудың бір 
жолы.
Мақаламды А.С.Макаренконың сӛзімен «Менің тәжірибе жүзінде кӛзімнің 
жеткені-оқу-тәрбие ісі біліктілік пен іскерлікке негізделген шеберлік мәселесіне 
тіреледі» деп қорытындылағым келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Смятских А.Л., Туркина Т.М. Формирование 
профессиональный компетентности студентов педколледжей-М: Издат. Центр 
НОУ ИСОМ, 2003-С 


2. Кузьмина Н.В. Профессионализмличности преподавателя и мастера 
производственного обучения-М: Высш.шк-119с 
3. Прохорова М.В. Теоретическиеи методические основы формирования 
управленческой компетентности специалистов по физической культуре и 
испорту в условиях высшего физкультурного образования: Дис.д-ра пед наук-
СПб 1992. -449 с 
4. Набиева Е.. Формирование исследовательской компетентности студентов 
педагогическогоуниверситета через систему спецкурсов по единойтеме: 
Автореф. Дис...канд. пед. Наук.-Иркутск, 2001-30с 
5. Қаңлыбаева Д.Т. Оқушыларға коммуникативтік құзыреттілік білім берудің 
негізждері// Білім әлемінде-№4 (4).-57-60 б.
6. К.С.Құдайбергенова «Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары» Алматы
2007 жыл 
7. М.И.Саткин «Зерттеу мәдениеті-педагогикалық қабілет» 2008 жыл 
8. К.Д. Богаева «педагогикалық қызметтегі кәсіби шеберлілік» 2009 жыл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет