Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет212/222
Дата27.04.2024
өлшемі4.1 Mb.
#499953
түріСабақ
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   222
Жинак республ docx

Кӛрнекілік әдістер оқу материалын оқушылардың кӛзімен кӛріп, 
нақтылы түсінулеріне мүмкіңдік береді. 
Бұған демонстрация, иллюстрация тәсілдері жатады. 
Тәжірибелік әдістердің ішінде ең кӛп қолданылатыны - жаттығу 
әдісі.Оқу барысында теориялық ережелер мен қағидаларды қайта пысықтап, 
тиянақты меңгеру жаттығу арқылы орындалады. 
Ауызша жаттығу оқушының оқу материалын ауызекі баяңдауға 
дағдылану мақсатын кӛздейді.
Оқушы бірінші сыныптан бастап қазақ тілін үйрену барысында тілдегі 
түрлі қолданылатын атауларды (әріп, дыбыс , буын, сӛз, сӛз тіркестері, сӛйлем, 
сӛз бен сӛзді байланыстыратын жалғау, жұрнақ, тыныс белгілері – нүкте, үтір, 
леп белгісі, сұрау белгісі, сызықша, қос нүкте, түрлі грамматикалық анықтама, 
ережелерді оқып үйренеді. 
Қабілеті әр түрлі оқушы тілдің мұндай белгілері мен атауларын бірден 
меңгеріп кетуі мүмкін емес, тек оның негізгі, қажеттілерін(анықтама, ережесін) 
есте сақтауы мүмкін. 
Қазіргі сабаққа қойылатын талап тұрғысынан техникалық құралдарды,
кестелер, сызбалар, үнтаспа жазбаларын пайдалану арқылы оқушылардың есту, 
кӛру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың ойлану қабілетін дамытуға кӛңіл 
болінеді. 
Қолданылатын кӛрнекіліктер оқушылардың сабаққа деген ынтасын
арттырады, түсіндірілген материалдарды саналы меңгертуге ықпал жасайды. 
Оқушылардың білім сапасының кӛп жағдайларда тӛмен болуы, осындай түрлі 
ойлау әрекеттеріне бейімделмеуден, дағды бермеуден деп айтуға болады. 


Қазіргі кезде қазақ тілін қандай бағытта, қандай мазмұнда оқыту керек? 
Меніңше, коммуникативті функционалды бағытта болуға тиіс. 
Сондықтан тілдің коммуникативті механизмін ашу қажет . Яғни, оның сӛйлеу 
процесіндегі, сӛйлем құрудағы, мәтін бойынша әңгіме құрастырудағы рӛлі 
амал - құралдар арқылы меңгертіледі. 
Мектептерде қазақ тілін үйрену, білу қазіргі таңның басты мәселесі. 
Сабақта бұл мәселені шешу жолдарының бірі- әр түрлі әдіс- тәсілдерді тиімді 
қолдана отырып, жаңа технологияларды енгізу.Қазір технологиялардың 
түрлері ӛте кӛп. Орыс мектептерінде қазақ тілін үйрену, лексикалық және 
грамматикалық тақырыптарды меңгеру күрделі жұмыс. Сондықтан басқа ұлтқа 
қазақ тілін оқыту, ауызекі сӛйлеуге үйрету қиын да, қызық жұмыс.
Грамматикалық материалдарды және лексикалық тақырыптарды оқытуда 
тірек сызбалардың қолданылуы тілді дамытуға, сӛздік қорды молайтуға, бір- 
бірімен, қарым- қатынас жасауға (сӛйлеу, айту, жазу, оқу) ойлау қабілетін 
дамытуға, ойын қазақша жеткізе білуге үйретеді.
Бүгінгі таңда әрбір жаңашыл ұстаз үшін, оқу және жазу арқылы сын 
тұрғысынан ойлау әдісі кез келген стратегияларға құнды, әрі бағалы. Бұл 
стратегиялар оқушылардың қызғушылығын арттыра отырып, ұстаздың 
тығырыққа тірелетін сәттерінен арылтады. Сұрақ қою, ой шақыру, білім кӛпірі, 
бес жолды ӛлең, еркін жазу, білемін, үйренгім келеді, білгім келеді, Венн 
диаграммасы, пікірталас , болжау, Автор орындығы , топтастыру, т.б, 
стратегияларын қолдану оқушылардың мотивациясын оятып, ынталандыра 
түсері сӛзсіз. Сонымен қатар бұл стратегиялар оқушының қӛзқарасын, түсінігін 
дамыта түседі, жалықтырмайды. 
Бір сыныпта отырған балалардың ұлты, оқу ынтасына қарай тілді білу 
дәрежесі де әртүрлі болып келеді. Сол себепті де нақты нәтижеге жету үшін 
модульдік оқыту технологиясының тиімді екенін күнделікті іс- тәжірибемнен 
кӛріп келемін. М. Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясының негізі 
баланың тұлғасын алға қояды, бұл жаңа білім парадигмасына сай келіп отыр. 
Модульдік технологиясының басты ерекшелігі - оның тек қана білімді 
меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді, 
яғни жадының алуан түрлерін ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы 
жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай- ақ 
тұлғаның қауіпсіздігін, ӛзін- ӛзі ӛзентілендіру, ӛзін - ӛзі бекіту, қарым- 
қатынас, ойын танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттануға 
белсенді сӛздік қорын дамытуға бағытталады. 
Сондай-ақ, профессор Ж. Караевтың «Деңгейлеп оқыту» 
технологиясының маңыздылығы зор. Деңгейлеп оқытуда күтілетін нәтиже: 
Алдына қойған мақсатына жете алатын оқушы тәрбиелеу
Әр оқушы ӛз білім деңгейін, мүмкіндігін, іскерлігін біліп қана қоймай, оны 
дамыту; 
Ӛз бетімен ізденіс дағдыларын, іскерлік қабілетін жетілдіретін 
шығармашылық тұлға қалыптастыру; 
Деңгеймен оқытудың ерекшелігі: 
1.Таланттылар ӛздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, 
әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады. 


2. Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады. 
3. Білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі жеңілдейді. 
Қазақ тілін үйретуде іскерлік, рӛлдік ойын түрлерін қолдану, диалог, 
монолог, сұхбат, сұрақ - жауап, кӛрініс қою, тақпақ оқу, ән айту, мәнерлеп оқу, 
жұмбақ , сӛзжұмбақ шешу, пікір айту, пікірсайыс, тірек схемасын пайдаланып, 
жүйелі түрде әңгімелеу, т.б. әдіс-тәсілдерді сабақта пайдалану, оқушының 
басқа тілді үйрене алмаймын деген сенімсіздігін сейілтіп, тілді үйренуге 
ынтасын арттыратынын ӛз іс–тәжірибемнен күнделікті жұмыс барысында 
байқаймын.
Қорыта келе осы әдіс-тәсілдерді қолдану нәтижесі: 

Оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға; 

Оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға; 

Белсенді сӛздік қорын, ауызша және жазбаша тілін ұстартуға; 

Тұлғаның қиындықтарға даяр болу және оны білу, қарым - 
қатынас, ойын, танымдық, ӛзін-ӛзі бекіту қажеттіліктерін 
қанағаттандыруға ықпал етеді. 
Оқу үдемелілігі.
Біріншісі - сапалы, жақсы мәтіннің маңыздылығы және оқушылар ӛз 
«дауысын» іздеу арқылы оқылым үдерісінде шабыттана алатыны.
Екінші - жазылымның барлық аспектілерін үйрету барысында
мәнмәтіннің астарлы мәнін мойындау, нақты айтқанда, жазылым 
мәнмәтінсіз - тақырыпсыз, мәтінсіз немесе тәжірибесіз тиімді бола алмайды.
Үшінші идея - оқушыларға тек «дауыс» қана емес, сонымен қатар, 
жазылатын шығарманың мазмұны мен белгілі бір детальдарын бере отырып, 
жазылым үдерісі басталғанға дейін идеяны жан-жақты зерттеу мен дамытудың 
қажеттілігі. Сондай-ақ оқу үдемелілігінде жақсы мұғалімдер оқылым мен 
жазылымды дамыту үшін айтылым мен тыңдалымды қолдану мүмкіндіктерін 
қарастырады. Барлық оқушылар оқу мен жазуды үйренуден бұрын алдымен 
тыңдау мен сӛйлеуді үйренеді. Сонымен қатар, оқушылар әлеуметтік ӛзара 
әрекет үдерісінде жазылым мен оқылым дағдыларына қарағанда, ӛздерінің 
айтылым және тыңдалым дағдыларын кӛбірек жетілдіреді. Сондықтан
оқушыларға бұл дағдыларын шынықтыруға айтарлықтай уақыт бере отырып, 
білім беру бағдарламасы оларға: 
• идея мен жазба жұмысының жоспарын ойластыруға уақыт береді;
• олардың түсініктерін нақтылай отырып, жауап берер алдында ойларын
жинақтауға
мүмкіндік береді; білімдерін нығайтып, не үйренгендері туралы айтуға 
мүмкіндік береді;
• жазбаша нұсқаны дайындауға кіріспес бұрын идеяға қатысты жылдам жауап 
алады;
• проблеманы бірлесе шешуге мүмкіндік береді.
Мектептердегі қазақ тілінің оқу бағдарламасында оқушылардың тыңдалым 
дағдыларын дамытуға ерекше мән берілген, бұны оқу жоспарындағы 
оқушыларға телехабар, кинофильм, ән және ересек адамдарды тыңдау және 
оларға жауап беруді кӛздейтін жаттығулардан кӛруге болады. Аталған
жаттығулар тізбектелген сабақтар топтамасында қамтыла отырып, сабақтың


басында қолданылатын ынталандырушы материал ретінде немесе басқа 
дағдыларды шыңдардың алдында идея жинақтауға арналған мүмкіндік ретінде 
ұсынылады. Осылайша, оқылым, жазылым, тыңдалым және айтылым
дағдыларының әрқайсысын жеке шыңдай отырып, оларды бір-бірімен ӛзара 
тығыз байланыста кешенді түрде оқытылады. Үйренушілер білім алудың 
бірізділігі аясында грамматиканы белгілеп, саралай алуы керек. Оқу кезеңінде 
олар сӛз тіркестеріне, құрылымға сӛздердің орын тәртібіне, сӛйлем 
құрылысына және сӛйлеуге басты назар аударады.
Негізгі ойды анықтау кезеңінде оқушылар тілдің тиімді құрылымы мен
пайдалы лексикасын қолдануы керек. Олар бақылау жұмыстарында, 
тәжірибелік сабақтарда және ӛз бетінше орындалатын жазба жұмыстарда 
байқалады. 
Жаңартылған бағдарлама негізінде «Қысқа мерзімді жоспар құрған кезде 
мұғалімге тӛмендегі ұсыныстарды басшылыққа алуына болады:
– сабақты ұйымдастыру кезінде оқу бағдарламасында және оқу жоспарында 
кӛрсетілген мақсаттарды басшылыққа алу қажет
– орта мерзімді жоспарда ұсынылған барлық іс-әрекеттерді ұйымдастыру 
ұсынылады; 
– мұғалімнің қалауы бойынша іс-әрекет түрі қажеттілігіне қарай 
толықтырылып отырады. 
Жаңа форматты сабақ балаларды оқыту процесіне белсенді тартуды, 
олардың талқылауларға қатысуын, ӛткен материалды талдау және қорытуын, 
зерттеу жүргізуін, бағалау пікірлерін айту, ӛзін-ӛзі бағалау және т. б. кӛздейді. 
Сабақтың міндетті элементі ретінде оқушыны қолдауға бағытталған мұғалімнің 
әрекеттерін түзетуге мүмкіндік беретін кері байланыс болуы тиіс. 
Қысқа мерзімді жоспарлау кезінде мұғалім міндетті түрде мыналарды анықтап, 
әзірлеуі қажет: 
– тілдік оқу мақсаттары
– терминдермен жұмыс және т.б.; 
– саралау:
білім алушыларға қолдау кӛрсету қалай жоспарланады? Қабілетті білім 
алушылардың алдына қандай міндеттер қою жоспарлануда? Білім 
алушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруге болады? 
– метапәндік байланыстар; 
–денсаулығы мен қауіпсіздігін, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының 
құндылықтарымен және АКТ-мен байланысын қамтамасыз ету. 
Мұғалім тек білім кӛзі ретінде ғана емес, білім алушылардың ӛздерінің 
оқу-танымдық әрекеттерінің белсенді ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуі 
тиіс» (2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім 
беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: 
Әдістемелік нұсқау хат. - Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім 
академиясы, 2021, 211 б.). 
Байқап отырғандарыңыздай, мұнда тілдік мақсаттар, сабақ мақсаттарын 
саралау, пәнаралық байланыстар, денсаулық пен қауіпсіздік, құндылықтар, 
АКТ құзіреттілігін дамыту сабақ жоспарының міндетті компоненті ретінде 
ұсынылады. Бұл мынаны білдіреді: «оқу бағдарламаларының тек пәндік білім 


мен білікке ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына 
бағыттылғаны оның ерекше ӛзгешелігі болып табылады.
Әрбір мұғалімнің алдына қойған мақсаты - оқушыларға ұлттық 
педагогикалық тәрбие мен білім берумен қатар олардың шығармашылық 
қабілеттерін арттыру. Сабақты идеялық жағынан ғылыми негізде, ӛмірмен 
байланысты ұйымдастыру оқушының қызығуын, білім құмарлығын таныту, әр 
сабақта оқушыларды ойлануға, ӛздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша, 
жазбаша жинақтап баяндай білуге, мәдениетті сӛйлеуге үйрету арқылы ұлттық 
әдет - ғұрыпты бойына сіңіруге дағдыландыру - әрбір ұстаздың абыройлы 
борышы. Бұл ретте ғасырлар бойы қолданылып, сұрыпталып, тұрмыс пен ӛмір 
тәжірибесі сынынан ӛткен салт - дәстүріміз педагогикалық әдіс - тәсіл ретінде 
пайдаланылады. 
Сол себепті оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп 
тәжірибесіне енгізілуде. Жан - жақты ізденістің нәтижесінде білім беру 
саласында жаңа педагогикалық технологиялардың саны да, сапасы да ӛсіп 
келеді. Технология – белгілі бір істегі адамның әдісі, шеберлігі. Осы шеберлік 
арқылы мұғалімнің ӛз сабағын оқушыға жоғары сатыда жеткізуіне мүмкіндік 
береді. Мұғалім үнемі шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасап отырса 
жаңашылдыққа жақын болғаны. Ӛзгелердің үлгісін ӛз ісінде пайдалана білсе, 
оған ӛзіндік қолтаңбасын қосып отырса - оқушы тәрбиелеу мен білім берудегі 
жетістігі сол болмақ. Мұғалімдер пайдаланатын оқыту әдісі (яғни,
педагогикалық әдістемелер) оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын 
қамтамасыз ету үшін маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет