ұсынылған жаңа сабақты жоспарлаудың ерекшелігі мен үлгісі оқушылардың
оқу танымдық қажеттілігін ұйымдастыруда қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін дамытумен қоса жаңаша кӛзқараспен
жұмыс жасауға бағыттайды.
Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқаулық,
оқушылардың оқу танымдық
қажеттілігін ұйымдастыруда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің
дүниетанымын кеңейтіп, құзіреттілігін жетілдіріп, перспективті мүмкіндіктерін
аша түседі. Яғни, пән мұғалімдері тиімді білім беру әлеуетін қалыптастыруды
қажет ететін ортаға түсіп, оқушылар алған білімдерін, іс-әрекет тәсілдерін іс
жүзінде қолданып, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесін жинақтап,
эмоционалды құндылықты қарым-қатынас пен әлеуметтік қасиеттерге ие
болады.
Сонымен қатар, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне біртұтас үрдіс
ретінде қарап, педагогикалық тәжірибе барысында мұғалімдердің білім берудегі
тек әдістемелік дағдысын қалыптастыруға кӛңіл бӛліп
қана қоймай, олардың
теориялық білімін кӛтеру, кәсіби құзіреттілігін дамыту, оқушылардың оқу
танымдық қажеттілігін ұйымдастыру, тәрбие мен оқытудың дидактикалық
жүйесін меңгеру мүмкіндігін жетілдіру керектігін кӛрсетеді.
Психологтардың зерттеулеріне қарасақ, оқу-танымдық
құзіреттіліктің
қалыптасуы әлеуметтік ортамен және жеке тұлғаның танымдық қажеттілігін
оятуға ынталандыратын оқу және тәрбие үрдісі, сондай-ақ оның жеке басының
белсенділігімен, ұжымдық ісәрекет рӛлімен, оның ұстанған мақсат-мүддесімен
үндесе жүретін күрделі үрдіс. Ал, таным дегеніміз не? Таным - бір-бірінен
ажырамас, тығыз байланыстағы екі компоненттің қатынасын кӛрсететін күрделі
үрдіс. Танымдық құзіреттілік - бұл жеке басына маңызы бар және әлеуметті
қажетті танымдық мәселелерді шешудегі оқушының ӛзі басқара алатын, сол
мәселені шешу барысында оқушы белгілі бір білім, білік дағдыларға ие болу.
Оқушы оқу-танымдық іс-әрекеттің субьектісі болады, себебі оқушы үшін
бұл іс-әрекет маңызды, оның қажеттілігін және әлеуметтік маңызды танымдық
мәселелерін шешеді. Мұғалім мен оқушы арасындағы байланысын, қызметтік-
тұлғалық деп айту артық, ӛйткені мұғалім үшін ең бастысы баланың тұлғалық
қасиеттері, тұлғаның ӛзін-ӛзі ұйымдастыруы емес,
олардың жетістігі болып
табылады. Қазіргі білім берудегі басты мақсат жас ұрпақтың білім деңгейін
кӛтеру және жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Ӛз тәжірибемде
оқыту барысында алға қойған мақсатым – баланы субьект ретінде оқу ісіне
ӛзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның
бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс әрекеті
арқылы
ойлау дағдыларын жетілдіру, ӛз бетінше білім алу үдерісінде бірлесе
әрекет ету.
Мемлекетіміздің дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы
еліміздің жаңа сапалық деңгейге жылдам ӛту қажеттілігін туындатуда. Осыған
орай қазіргі кезде жасалып жатқан реформалар даму институттарының
қалыптасуына немесе ӛсуден тұрақты даму кезеңіне ӛтуге және саяси
бағыттардағы осындай ӛзгерістер ӛмірдің барлық саласындағы шығармашыл
тұлғаның мәртебесін кӛтеріп, мерейін үстем етуде.
Білім - адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың
бірі,
прогрестік, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды
факторы. Қазіргі білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып,
әр адамның ӛзінің «Менін» сезінуге, толықтыруға кӛмектесетіндей, сыртқы
әлеммен
әлеуметтік
қарым-қатынастарда
ӛз
орнын
табуға,
ӛзін
шығармашылықпен ӛзгертуге белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс. Бүгінгі
таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды
талап етеді.
Білікті ұстаз, білімді маман болу үшін - әрбір мұғалім ӛз білімін
үздіксіз кӛтеріп отыруы тиіс. Білімін тұрақты кӛтеріп отыру - мұғалімдердің
құқықтары әрі міндеттері. Білім беру жүйесінің тұрақты дамуының кепілі,
Мемлекеттің дамуының құралы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: