7. Білім беруді басқару және кӛшбасшылық
Аталған модуль білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен
ӛзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы
мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі ӛзгерістерден бастау алу керек
деген тұжырымға сияды. Қандай жағдай болмасын, ӛзіңіздің ӛмірлік
ұстанымызды таңдай білу, адамдық кӛшбасшылыққа негізделеді.
Оқытудың ақпараттық технологиясын оқу үрдісінде тиімді қолдану үшін
мүмкіндігі шектеулі оқушыларының оқу іс-әрекеті, психологиялық тұлғалық
әлеуметтік және физиологиялық даму ерекшеліктерін есепке алу керек.
Арнаулы мектеп бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, оның
ӛзіндік оқу-танымдық әрекетін дамытуға бағытталған. Оқушыларының ӛз
мүмкіндігін кӛрсете білу үшін, ақпаратты ӛзіндік іздеу, жоспарлау, біріктіру,
суреттеу, жалғастыру және тиімді пайдалану. Ӛз іс-әрекетінің дұрыстығын
тексеріп, бақылау икемділігін бойына сіңіру әлде қайда маңызды.
Шығармашылық ойлау мен ӛз ойын еркін жеткізе білу икемділіктерінің
дамуы негізінде оқушыларының дүниетанымы мен дарындылығы жетіле түседі.
Мәселен, басқа пәндермен ұштастыра отырып оқушылардың алған білімдерін
ӛмірде қолдана білуге құштарлығы басым екендігі айқын кӛрінеді.
Жаңа технологияларды енгізу барысында мұғалімнің даярлығы мен жаңаша
оқыту мазмұны жайында білген жӛн.
Мұғалім нені білу керек?
Мұғалім не істей алуы керек?
Мұғалім қандай іс-әрекеттерді дұрыс ұйымдастыру керек?
1.Жаңа технология кӛмегімен шешілетін мәселелерді ;
2.Жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәттижелерді;
3. Жаңа технология мәнін,алынатын нәтижелердің теориялық негізін;
4.Жаңа технологияда мұғалім қолданылатын әдіс –тәсілдерді;
5. Оқушыларды жаңа технологияда жұмыс істеуге үйрету әдісін;
1.Оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыру ;
Дамыта оқыту бағытында;
Модульдік курс үшін;
Әлеуметтендіру бағытында;
Ұжымдық жүйеде оқыту;
Басқа технологиялар үшін;
2.Күнтізбелік- тақырыптық жоспарлау.
3. Әр сабақты жоспарлау
4.Жаңа технология бойынша жүргізілетін әртүрлі типтегі сабақ жоспарларын
жасау.
5. Оқу модулін құрастыру.
6. Оқу жобаларының мазмұның анықтау.
1. Жаңа технологияда пайдаланылатын жекелеген әдістер мен тәсілдерді
қолдану.
2. Әртүрлі типтегі сабақтарды ӛткізу.
3. Ӛткізілген сабақтарға талдау жасау.
4.Жаңа технологияда қолданылатын оқу әрекеттерінің әдістерін оқушыларға
үйрету.
Жалпы оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, сабақтың
тиімділігін арттыру. «Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды
мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу-тәрбие процессін
ұйымдастырудың ӛзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің,
мазмұнының, тұрпаттары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда
әрбір құрамның басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына
жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды»
Жаңа технология түрлерін сабақ үрдісінде пайдалану, оқушының
шығармашылык, интеллектік қабілетінің дамуына, ӛз білімін ӛмірде пайдалана
білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі.
Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдер арқылы іске асады:
І кезең: оқып-үйрену;
ІІ кезең: меңгеру;
ІІІ кезең: ӛмірге ендіру;
IV кезең: дамыту.
1. Жаңа педагогикалық технология мақсаты – оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу
құралдары оқушылардың ӛздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай
болуы керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері ӛте кӛп.
2. Ойын технологиясы. Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз
педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен
тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген
жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде
қолданылады.
3. Проблемалы оқыту технологиясы. Проблемалы оқыту – мұғалім басшылығы
мен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде ӛз беттерімен
мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып,
шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды.
4. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Мақсат пен міндеттердің орындалуы мынадай ұзақ жоспарлар арқылы іске
асады:
- ассоциация;
- бірлестік қызмет;
- кӛзқарасын талдау мен дәлелдеу түрінде қорғау. Бұл технология бойынша:
- оқу үрдісінде қызығушылық артады;
- оқушының ӛз бетімен білім алуына мүмкіндік беруі туады;
- оқушының ақпараттық тіл байлығы жетіледі.
5. Деңгейлік саралау технологиясы. Саралап оқыту технологиясы, оқыту
процесінің белгілі бӛлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту
құралдарының жиынтығы түрінде кӛрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға
әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық-
психологиялық және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы ӛзінің даму
деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға ӛз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім
алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс
істеуге мүмкіндік береді.
3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі
қарастырылады: ең тӛменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген
деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
6. Жекелеп оқыту технологиясы. Жекелеп оқыту – оқу процесін
ұйымдастырудың мына түрлері мен үлгілерін қарастырады.
- мұғалім бір ғана оқушымен жұмыс істейді;
- оқушы тек оқу құралдары мен ӛзара қатынаста (оқулықтар, компьютер, т.б)
болады. Жекелік оқудың басты жетістігі баланың қабілетімен оқу қызметінің
желісін әдісі мен мазмұнын ӛз қабілетіне қарай бейімдеуіне мүмкіндік береді.
7. Топтық технология. Бұл сыныпта оқу жұмысын ұйымдастырудың үшінші
және тӛртінші деңгейі. Бұндай жұмыс белгілі-бір тапсырманы бірлесіп шешуі
үшін сыныпты уақытша топтарға бӛлуді қажет етеді. Оқушылардың ӛзіндік
ерекшеліктерін ескеріп, бірлесіп үйренуге мүмкіндік береді.
8. Кезеңдеп оқыту технологиясы
1. Мәдени кезек сӛз – оқу процесінің екі негізгі бӛлігі арасында кезексӛз
түрінде құрылады.
Оқу-негізгі «таңдану нүктесі» айналасына орналасқан ішкі кезексӛзге
негізделіп құрылады.
2. Дидактикалық бірлікті ірілендіру (ДБІ) Әдістемелік құрылымның түзгіші
негізіне мұғалім мен оқушы қызметін байланыстырушы ретінде математикалық
жаттығу ұғымы алынған, әрі тұра, кері ұғымдары мен қағидалары бір кезде
оқытылады. ДБІ технологиясының ашушы түзгіші – жаттығу – үшен
сабақтардың бірінде қаралады:
- қазіргі тапсырма;- кімге арналғандығы;
-
жинақтау. Технология мазмұнының басты ерекшелігі пән оқу
материалдарының дәстүрлі дидактикалық құрылымын қайта құру.
3. Ойлау қызметін кезеңдер бойынша қалыптастыру, мақсаттың бағытталу
технологиясы – бағдарлық білім, шеберлік және дағдыны әсерлі меңгеру. Бұл
технология әрбір оқушының жұмыстарды, әрбір қадамын мұғалімнің
бақылауын қажет етеді. Сабақ меңгерудің барлық кезеңдерінде бақылап отыру
– технологияның ең маңызды құраушыларының бірі болады. Ол оқушыны
қателесуден сақтандыруға бағытталады.
9. Жеке пәндік педагогикалық технология.
1. Ерте және ыждағатты сауаттылыққа оқыту технологиясы. Технология
мазмұны оқу процесі бала миының танымдық қуатын жан-жақты жандандыра
отыра, қызметі мен қатынастары арқылы баланың табиғи ойлауына негізделген.
2. Әсерлі сабақтар жүйесіне негізделген технология.
Мақсаттық бағыттары:
- қалыпты білім, шеберлік дағдыны меңгеру;
- ойлау қызметіне математикалық тәсілдерді меңгеру;
- қабілетті балаларды дамыту;
10. Ӛзіндік дамыту технологиясы (М. Монтессори) Мақсаттық бағыты:
- жан-жақты дамыту;
- жекелікті тәрбиелеу;
- бала санасында ойлау қызметі мен пәндер түзгіштерін біріктіру.
Басты мақсаты – оқыту дағдысы: қолдағы ұсақ моторлар, есті дамыту.
11. Дамыта оқыту технологиялары.
1. Л.В. Занковтың дамыта оқу жүйесі. Оқыту қызметінің негізгі мотивациясы
танымдық қызығушылық. Занков әдісі әртүрлі қызметтерге тарту, дискуссия,
дидактикалық ойындарда оқытуда, пайдалану, сол сияқты есті, ойлауды,
елестетуді, сӛйлеуді байыту бағытындағы оқыту әдісі.
2. Д.Элькони – В.Давыдовтардың дамыта оқыту технологиясы. Элькони –
Давыдов техноло-гияларындағы дамыта оқыту ең алдымен оның мазмұны,
теориялық білімге негізделе отырақұрылған. Білімнің теориялық негізі терең
түрдегі жинақтаудан тұрады. Дәстүрлі технологиялардан ӛзгешелігі дамыта
оқыту оқу қызметін басқаша бағалайды. Оқушының орындаған жұмыстары мен
сапасы оқушыға білімнің жетімділігі мен қабілетінің жететіндігін мұғалімнің
кӛзқарасы бойынша бағаланбай, оқушының ӛз мүмкіндігі тұрғысынан
қаралады.
3. Жеке бас шығармашылығын дамытуға бағытталған дамыта оқыту жүйесі.
Іздену, ойлап табу қызметтері процестері оқытудың негізгі мазмүны болады.
Дамыту мазмұны жақыннан орташаға, сонан кейін қашықтағы мақсаттық
келешекке кӛшуден тұрады.
Бұл технологияда ұжымдық жұмыс әдісі кеңінен қолданылады; ойға шабуыл,
ұйымдастыру – қызмет ойыны, еркін шығармашылық пікірталасы.
12. Модульдік оқыту технологиясы. Модуль дегеніміз – қандайда бір жүйенің,
ұғымның нақтылатын, біршама дербес бӛлігі.
Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бӛліктен
тұрады. кіріспеден, сӛйлесу бӛлімінен және қорытынды бӛлімнен тұрады. Әр
оқушы оқу модулінде сағат саны әртүрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы
бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бӛлінген сағат
санына байланысты. Жаңа технологияны қолдануда оқушылардың пәнге деген
қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа
жетелеуге де болады. Нәтижесінде оқушы:
Оқыту процесінде жаңа технологияларды қолдана отырып білімін шыңдайды;
Жаңа оқыту үрдісін қалыптастырады;
Ӛздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;
Ал ӛзімнің іс-тәжірибеме келер болсам, 7 модулі аясында жаңа әдіс-
тәсілдерді үйрету технологиясын қолдану арқылы мақсатты түрде күткен
нәтижеге жетуге болатындығын, тиімділігін әрекетті зерттеу барысында кӛз
жеткіздім. Ал соның ішіндегі сыни тұрғыдан ойлау кӛбінесе қарсы пікір айтуға,
баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе
түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық
әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды кӛздейді. Бұл
нұсқаулықтағы ғылыми тұжырымдамаға сүйене отырып, нәтижелі сабақта
оқушы жауаптарынан ойындағы айтар сӛзін жүйелеп жеткізуге тырысуынан,
ӛзгелердің жауабынан ой түйіп, басқаша қырынан танылуынан, әрбір
ситуациялық мәселелерді жан-жақты қарастыруға белсенділік танытуынан
кӛрінді.
Сабағымның бірінші күнінен бастап парталарымды топтарға бӛліп
орналастырып қойдым. Оқушыларым сабаққа келген кезде парталардың
ӛзгергенін кӛріп таңқалды. Сол күннен бастап сабақтарым қызғылықты ӛте
бастады. Әсіресе топпен жұмыстанғанда жаңа әдіс-тәсілдерді басшылыққа ала
отыра кӛптеген жұмыс түрлерін ұйымдастырдым. Менің пікірімше сабақтың
тиімділігі: оқушы шығармашылық деңгейге мұғалім арқылы емес, ӛз іс-әрекеті
арқылы жетті. Жаңа әдіс-тәсілдердің ұтымдылығы да осында. Технологияны
пайдалану шығармашылық тұлға қалыптастыруға алып келеді. Біз сабақтың
басында мақсат қойғанда да осындай нәтиже күткен едік. Дәстүрлі ӛткізіп
жүрген сабақтарды салыстыра отырып, жаңаша тәсілде ӛткен сабақтан мынадай
айырмашылықтарды таптым.
Дәстүрлі сабақ үрдісінде - ӛзімнің әдістерім, яғни, мұғалім әрекеті.
1.Тақырыпты түсіндіремін.
2. Кейіпкерлер туралы мінездеме бере отырып меңгертемін.
3. Шығарманың идеясын анықтап беремін, талдаймын.
4. Шығарма жазуды тапсырамын
Оқушының әрекеті :
1.Мазмұнын айтып береді.
2. Кейіпкерлерге мінездеме береді.
3.Тақырып бойынша мұғалімнің түсіндіргенімен байланыстырып айтады.
4. Тақырып бойынша шығарма жазады.
Жаңа оқыту технологиясы негізінде ӛткізілген сабақ үрдісінде ӛзімнің іс-
әрекетім.
1.Топқа бӛліп, ой қозғадым.
2. Тақырыпқа қызықтырып бағыттадым.
3.Шығармаға қатысты мақал-мәтелдер жинақтауды ұсындым.
4.Шығарманы талдауға пікірталас ұйымдастырдым.
5.Оқиғадағы ӛзекті мәселелерге оқушы кӛзқарасын анықтадым.
6.Шынайы ӛмірмен байланыстыру арқылы баға беруге бағыттадым.
Оқушы белсенділігі:
1.Топтарда жұмыс жасады.
2. Мәтінмен ӛздері танысты.
3. Әр түрлі әдістер арқылы шығарманы саралады.
4. Жеке кейіпкерлерді талдады, олардың іс-әрекетін зерттеді.
5. Ой қорытып, оны қағаз бетіне түсірді.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік
стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру ӛте қажет» деп, Елбасы оңтайландыру
мен тиімділігін арттырудың маңызы ӛте зор. Осы технологияларды тиімді
пайдалану арқылы әр мұғалім ӛз тәжірибесін жетілдіре түспек.
К.Д.Ушинскийдің ―Мұғалім - ӛзінің білімін үздіксіз кӛтеріп отырғанда ғана
мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады‖ –
деген. Бұл ―Ұстаз‖ атты ұлы сүрлеуге соқпағын салып жол тартқан кӛкірегі ояу,
кӛзі ашық әрбір адамға берілген елеулі ескерту. Сабақты тартымды ӛткізіп,
оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін әр сабағымызды түрлендіріп
отыру шарт. Ол үшін тек бір технологиямен шектеліп қалмай, әртүрлі
технологияның элементтерін пайдалану қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |