Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет37/222
Дата27.04.2024
өлшемі4.1 Mb.
#499953
түріСабақ
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   222
Жинак республ docx

Саралап 
оқытудың 
мақсаты
Әртүрлі 
оқушының 
бейімділіктерінайқындауға, қабілетін дамытуға қолайлы жағдайлар жасау. 
Оқушылардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру, ойлау қабілетін 
жетілдіру жәнеболашақ кәсіби қызметіне бейімдеу. 
Сыртқы саралау бұл оқушыларды анық белгілеріне (қабілеттер, 
қызығушылықтар және т.б.) қарай тұрақты топтарға бӛлу, бұл топтардағы 
біліммазмұны да, оқыту тәсілдері де сондай-ақ ұйымдастыру нысандары да 
әртүрлі.Ішкі саралауда кездейсоқ белгілер бойынша құрылған тұрақты 
топтағыбалалардың ӛзіндік ерекшеліктері ескеріледі. Бұнда топтарға білу 
айқыннемесе еркін болуы мүмкін, қойылған оқу мақсатына қарай топ құрамы 
ӛзгеріпотырады. 
Сыртқы саралаумен қатар оқу үдерісін ұйымдастыру барысында ішкі 
саралаудың қатар жүргені дұрыс. Ӛйткені сыртқы саралау арқылы 
құрылатынсыныптар белгілі-бір белгілері бойынша бір-біріне ұқсас 
болғанымен, басқабелгілері бойынша әр түрлі болып келеді, осы жағдайда 
мұғалімдер ішкісаралауды қолданады. 
Саралау әр түрлі деңгейде жүзеге асуы мүмкін. Мысалы, Рональд Де 
Гроот үш деңгейді анықтап ұсынды. 
Бірінші микро деңгей, сынып ішіндегі балалардың бӛлек топтарында 
жүзеге асырылатын әр түрлі тәсілдер. Саралаудың бұл түрін кейде ішкі 
немесесынып ішілік деп те атайды. 
Екінші мезо деңгей – сынып, сала және бағыттар арасындағы мектеп 
ішінде жүзеге асырылатын саралау деңгейі. 
Ҥшінші макро деңгей – мектептер арасындағы саралау. Әр түрлі типтегі 
мектептерді жасақтау. Алдыңғы екеуі жоғарыдағы ішкі саралауды білдіреді. 
Біз не үшін саралаймыз? 
- Екі бала бірдей емес; 
- Барлық балалар бірдей түрде үйренбейді; 
- Бір бала үшін жақсы орта басқа бала үшін жақсы орта болмауы 
мүмкін. 
Бұл «бес саусақ бірдей емес» деген қазақ мақалына саяды. Сыныптағы 
балалардың қажеттіліктері әр түрлі сондықтан да саралауымыз қажет. 
Бұл ерекшеліктер қайдан шығады? 
- Бұрынғы білімдерінен; 
- Бұрынғы тәжірибелерінен; 
- Нақты мәдени құндылықтар мен нормаларынан; 
- Танымдық дамуындағы биологиялық айырмашылықтарынан; 
- Жетілу деңгейлерінен; 
- Мектепті және оқуды мәдени түрде қабылдауларынан. 
Міне осындай ерекшеліктерді кӛре отыра, ескеріп оқушылардың әр түрлі 
қажеттіліктері, ерекшеліктері, мүмкіндіктеріне қарай саралауды жүзеге 
арсыруқажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет