Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет77/222
Дата27.04.2024
өлшемі4.1 Mb.
#499953
түріСабақ
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   222
Жинак республ docx

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.Республикалық ғылыми-әдістемелік және ақпараттық талдамалық журнал 12 
жылдық білім беру. Астана 2015 жыл №2
2. «Бағдарлы мектеп және кәсіптік білім» журналы, 2017 жыл №3 
3. «Қазақстан мектебі» журналы. № 8 2012 жыл. 
ОҚУШЫЛАРҒА ҦЛТТЫҚ ҚҦНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ 
ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТАРИХИ ТАНЫМДЫҚ СИПАТЫ 
Кусѐва Салтанат Жҧмабекқызы 


Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Антон Макаренко атындағы орта 
мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мҧғалімі, педагогика 
ғылымдарының магистрі 
ernar_kazg@mail.ru
 
Бүгінгі таңда педагогикалық ойлауға орай оқыту мен тәрбие үрдісіне де елеулі 
ӛзгерістер орнығуда. Мұндай ӛзгерістер бастауыш мектеп оқушыларын оқыту 
және тәрбиелеуге жаңа талаптар қоюда. Әсіресе, әсемдікті түсінетін, 
мәдениетті, үйлесімді дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеуде кӛркемдік талғамды 
қалыптастыру жауапкершілікпен қарауды қажет етеді. Қазақстан Республикасы 
мемлекеттік «Мәдение мұра» бағдарламасында маңызды міндеттер ретінде 
рухани және мәдение мұраны, соның ішінде қазіргі заманғы ұлттық мәдениетті, 
дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудің, әлемдік ғылыми ой-сананың, 
мәдениеттің таңдаулы жетістіктерінің негізінде гуманитарлық білім берудің 
толыққанды жүйесін құру мәселелері ретінде: Білім беруді жаңарту үрдісі деп – 
ұлтымыздың салт-дәстүрін, мәдени мұрасын, рухани құндылықтарын, яғни, 
оқу-тәрбие үрдісін біртұтас алып жүретін халықтық педагогика негіздерінен 
құралатын ұлттық идеологиялық бағыттың тұрақты бір жүйесін түсінеміз» - деп 
айқын кӛрсетілген.
Осыған орай, қазіргі кезде жаһандану және қазақ халқының рухани ӛрлеуі 
жағдайында жас ұрпақты ӛз халқының рухани, мәдениетті қазынасымен, оның 
ұлттық мәдени-эстетикалық құндылықтары арқылы тәрбиелеу мәселесін 
ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеп, практикалық жағынан жетілдіре түсу 
қажеттілігі айқындалып отыр. Егеменді елдің болашақ азаматтары – бүгінгі 
оқушылардың қандай құндылықтарға бағытталғандығы, нені қадірлеп
қастерлейтіні, қоғамда қандай әлеуметтік қызметті атқаруға даяр екендігі 
мемлекеттің ӛсіп-ӛркендеуіне әсер етуші факторлардың бірі ретінде маңызды 
орын алады. 
Әрбір ғылым саласы ӛзінің зерттеу бағытына сәйкес құндылықтарды түрліше 
деңгейде қарастырады. Қазіргі кезде құндылық термині философия, 
әлеуметтану, этика, эстетика, психология, педагогика ғылымдарында кеңінен 
қарастырылуда. Біз құндылық мәселесіне арналған еңбектерден ӛз зерттеуімізге 
қатысты 
«құндылық» 
ұғымының 
философиялық, 
мәденитанымдық, 
эстетикалық, педагогикалық мәніне баса назар аудара отырып, оларды ӛз 
зерттеуіміздің алғышарттары ретінде жүйелі түрде талдау жасаймыз. 
Ұлттық 
және 
жалпыадамзаттық 
құндылықтар 
қарым-қатынастардан, 
қоғамдастықтан тыс жеке-дара қалыптаспайды. Ұлттық сезім – ерекше 
әлеуметтік-психологиялық құбылыс, ол сыртқы әсерлерге, тез бой алдырып 
отырады деп дәлелдейді зерттеуші ғалымдар 
Болашақ ұрпақты сан ғасырлар бойы қалыптасқан ӛзіндік тарихы бар 
құндылықтар негізінде тәрбиелейтін мазмұнды ақпараттар ӛте мол. Олар 
ғұлама ойшылдардың, педагогтар мен психологтардың еңбектерінде түрлі 
кӛзқарастарда баяндалып, атадан балаға ұласатын құндылық сезім ниеттер, 
ұмтылыстар, тұлғаның тәрбиелігін анықтайтын ізгі қасиеттерді қамтиды. Бұл ӛз 
кезегінде ғылым әлеміндегі құндылықтар ұғымына байланысты алуан түрлі 
тұжырымдармен айқындалып, нақтыланып отырады. 


Сондықтан ол үнемі тәрбиелеуді және ақыл-парасат тарапынан бақылауды 
қажет етеді. Жеке тұлғаның ұлттық сезімін тәрбиелеу айналасындағы ортада 
қалыптасқан, олар үшін ӛмірлік қағида болып табылатын белгілі-бір 
құндылықтармен толтыру арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Ақыл-ойдың 
бақылауындағы және белгілі бір ортаның ықпалындағы ұлттық сезім ізгі, 
адамгершілікті 
болады. 
Табиғи, 
биологиялық, 
тектік 
нышандармен 
органикалық түрде астарласады. Бірақ ақыл-парасаттың ӛзі адамдардың қандай 
да бір бӛлігінде, ал кейбір едәуір бӛлігінде әртүрлі қоғамға қарсы идеялармен, 
психологиялық тойымсыздықпен, ӛзімшілдікпен, басқа ұлттық құндылықтарды 
қабылдамау арқылы да ластануы мүмкін.
Құндылықтар мәселесін арнайы зерттейтін ғылым саласы аксиология (грек 
тілінде axis – бағалы, құндылық, «logos» - ілім, ғылым). Аксиология 
құндылықтар жаратылысы туралы, оның обьективті орны мен құндылық 
әлемдегі құрылымы туралы, яғни әлеуметтік және мәдени факторлар мен тұлға 
құрылымы арасныдағы әртүрлі құндылықтар байланысы туралы ілім.
Қазақ тіліндегі түсіндірме сӛздігінде: «құндылық» – нарқы жоғарылық, 
қымбаттылық, бағалылық. Құндылық арқылы сол заттың маңызын, мәнділігін, 
пайдалылығын, қажеттілігін білуге болады» - деп сипаттаған.
Философиялық сӛздікте: «құндылық» - бұл, танымның, белгілі бір обьектінің 
адам үшін, топ үшін, қоғам үшін қасиетті деп танылуы. Құндылыққа ешқандай 
күмән келтіруге болмайды, ол барлық адамдар үшін идеал, эталон қызметін 
атқарады» - деген анықтама беріледі.
Психологиялық сӛздікте: «құндылық» түсінігі қоғам үшін әлеуметтік-тарихи 
маңызы бар, жеке адам ӛмірінің болмысын және қоғамдағы моральдық қарым-
қатынасты анықтайтын құбылыс ретінде түсіндіріледі.
Мәселен, психолог А.Н.Леонтьевтің пайымдауы бойынша құндылық» ұғымы 
мынадай үш құбылысқа қатысты қарастырылады: 
1. 
Қоғамдық идеалдар – қоғамдық сана арқылы пайда болған қоғамдық 
ӛмірдің түрлі салаларындағы мүлткісіздік, кемелдік туралы қоғамдық түсінік, 
норма. 
2. 
Осы қоғамдық иедалдардың нақты адамдар іс-әрекетінде заттануы, 
жүзеге асуы. 
3. 
Қоғамдық идеалдарды ӛз іс-әрекетінде нақты пайдалануға түрткі болатын 
тұлғаның мотивациялық құрылымы. 
Ал, Қазақстандық философтар құндылықтар – қасиеттер дей отырып, бұл 
қасиеттердің бала кезден, ана сүтімен бірге ӛзінің ана тілі арқылы, мораль 
негіздері ретінде, ӛз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт-
дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығатындығын ерекше бағалайды. Ол 
құндылық қатынас әрқашан да субьектінің бойында белгілі бір эмоцияларды – 
қуану, сүйсіну, таңдану, табыну туғызатындығын айта келе, мынандай 
құндылықтарды анықтайды: адам ӛмірі, еркіндік, адамгершілік, отбасы, қарым-
қатынас, жеке бақыт, ұрпақ кӛбейту, күнкӛріс кӛзі және әрекет мәні ретіндегі 
жұмыс, игілік, беделділік, заңдылық, мейрімділік, тәуелсіздік.
Әлеуметтанушылар құндылықтарды: адам ӛмірі, бостандық, отбасы, адам 
бақыты, ұрпақ жалғастыру, еңбек ету, табыс, ынтымақтастық, белсенділік, 


мәдениет, әдебиет, тарих, тіл, дін, ар, ұят, намыс, абырой, дәстүр, әдет-ғұрып, 
салт, ұлттық тәлім-тәрбиелік негізінде дамып қалыптасты.
Мәдениетті тұлға қалыптастыру сипатында қарастырған Л.Н.Коганның, пікірі 
бойынша: 
«Мәдениетті 
түсіндірудің 
негізінде 
адамның 
белсенді 
шығармашылық іс-әрекеті және соған сәйкес іс-әрекет субьектісі ретіндегі 
адамның ӛзінің даму жағдайы алынады. Мәдениеттің дамуы осы жағдайда 
қоғамдық тіршілік әрекеттерінің кез-келген ӛрісіндегі тұлғаның дамуымен 
сәйкес келеді». 
Анықтама негізінде материалдық және рухани мәдениетті тұлғалық қасиетті 
қалыптастыру сипатында қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала 
кету қажет. Олардың ішіндегі маңыздылары: мәдени әрекет, мәдени орта, 
мәдени игіліктер, мәдени қажеттіліктер. Егер мәдениетті іс-әрекет тұрғысынан 
қарастырсақ ол қоғамдағы адамның белсенділігін жүзеге асыруға мүмкіндік 
туғызатын қоғамдық ӛмірді реттеуші, мәдени құндылықтарды сақтаушы оны 
қайта ӛңдеуші болып табылады. 
Рухани құндылықтар арқылы адамдар ӛткен дәуірлердегі құндылықтар туралы 
тек біліп қана қоймай, оның маңызды және қажетті деген элементтерін ӛз 
бойына сіңіріп, ӛзінің рухани мұратына, мақсатына айналдырып отырады. 
Осындай жағдайда ғана нағыз рухани сабақтастық болуы мүмкін. Рухани 
дәстүр адамды түлетуі қажет.
Ұлттық тәрбие – сол ұлттың мәдениетін дамытудың қозғаушы күші болып 
табылады. Ӛйткені ол халықтың ұлттық тәлім-тәрбиелік негізінде дамып, 
қалыптасты.
Ақын-жыраулардың толғауларында бүкіл қазақ халқының ой -арманы мен 
эстетикалық түсініктері шынайы бейнеленген. Олардың шығармашылығындағы 
ұлттық кӛркем мәдениет алдымен тұрмыс-салт жырларында, қолӛнерінде 
кӛркем формада баяндалған.
Эстетика кӛркемдік (әсемдік) әдептен, дәстүрден, салттан, санадан айқын 
кӛрініп жеке тұлғаның, топтың, ұжымның, ұлттың эстетикалық мәдениетін 
кӛрсетеді. Эстетикалық әсерленуден қабылдау, қабылданудан тану, талғам, 
эстетикалық сана қалыптасады. Ол туралы «Құлақтан кіріп, бойды алар, әсем 
ән мен тәтті күй, Кӛңілге түрлі ой салар: әнді сүйсең, менще сүй» - деп Абай 
эстетикалық талғам мен сананың ӛзектес ӛрнегін жеткізе бейнелейді, сӛйтсе де, 
ӛлең ӛрнектерімен әсемдік жасайды. 
Мәселен, «Отыз үшінші сӛзінде» Абай қолӛнердің қажеттілігіне тоқталады, 
қолӛнер үйренбек керек, ол ешқашан жұтамайды, ӛнерді үзбей жетілдіріп 
отырса, іскерлік артады деген ұғымды жастарға қазақтардың жалқаулығын, 
салғырттығын, кербездігін, мақтаншақтығын бетке басып, әшкерелей отырып 
қазақ халқына тән психологиялық ерекшелік айнытпай берілген десе болады. 
Этнопедагогика мен психологияда мұндай сезімдер моралдық (адамгершілік) 
интеллектуалдық (танымдық) және эстетикалық болып бӛлінеді. 
Ӛз халқының ұлттық тәрбиесінен хабары жоқ жас ұрпақ, ӛз мәдениетін 
білмейтін азамат болуы мүмкін дегенге келеді. Халел Досмұхамедов: «Ұлттық 
мектептегі оқуға қойған талаптарында бұрынғы ӛткен халықтармен, олардың 
мәдениетімен, салтымен таныстыру, бұрынғыдан қалған тамтұқтарды қалай 


іздеу жайында, қалай пайдалану туралы баяндама беру қажет» - деген пікір 
айтқан. 
Демек, сонау ғасырлардан бастап ұлы ойшылдарымыз бен саясаткерлердің, 
ақын-жыраулардың кӛкейін тескен ұлтымыздың дамуына қатысты мәдени-
рухтық мүдделер жалғасын тауып, бүгінгі ғалымдарымыздың еңбектеріндегі 
зерттеу тақырыбына да арқау болып отырғандығына кӛз жеткіземіз.
Халықтың эстетикалық ой танымының, оның ішінде ұлттық реңктерді 
қабылдай білуде образды поэтикалық талғамның қалыптасуы дегеніміз – ата-
бабамыздың мәдени болмысы біртектес, біртұтас болуы деген сӛзді білдіреді. 
Бұл орайда кең далада еркін ӛскен ата-бабамыздың ой ӛрісі де кең, түйсігі 
ұшқыр, талғамы биік болғанын оның ұлттық қолӛнерде пайдаланған түстерді 
образды сипаттауынан айқын аңғарамыз. 
Аталған ғалымдардың онсыз да ұмыт болып бара жатқан дәстүрлері тезірек 
меңгеріп, құнды, пайдалы деген жағын эстетикалық талғаммен қабылдап, ӛмір 
қажетінен шығара білуге шақыруы қазіргі заман талабымен ұштасып жатыр. 
Егеменді ел болып, еркіндік алған тәуелсіз халқымыздың мәдени негіздері 
жасалып, жаңарып дами бастады. 
Этнопедагогика халық педагогикасына лайықты үндестік құрылымын жасайды, 
отбасы мен мектептегі білім мен тәрбиеге бағыттайды, сӛйтіп, халық 
педагогикасының табиғилығы мен ӛміршеңдігін, әлеуеттілігін нығайта түседі. 
Меткептегі оқу-тәрбие үрдісінде халық педагогикасы дәстүрлерін ізгілендіру 
тек этнопедагогикалық әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асырылады. Ұрпақтан-
ұрпаққа жалғасатын әр алуан дәстүрлердің қайта жаңғыруы тек қана дәстүрлі 
тәрбие жолымен жүзеге асырылуы қажет, ӛйткені, ол ұлттық мәдени 
құндылықтардың ӛзегі.
Халық педагогикасының кӛздеген мақсаты – адами тұлғаны (ұлттық тұлға), 
қалыптастыру десек, оның іргетасын білім, наным, әседікке сену, эстетикалық 
тәрбие жасамақ. Сонымен қатар, халықтық педагогика қағидасы, мектепте 
оқушыларды ұлттық мәдени құндылықтарды игеру арқылы, рухани 
адамгершілікті, мәдени ӛмір салтын ұстануға негіздейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет