Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет11/222
Дата27.04.2024
өлшемі4.1 Mb.
#499953
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   222
Жинак республ docx

Бірінші кезеңде - белсенді оқу әрекеттеріне оқушылардың ынта-ықыласын 
туғызу, қызығушылығын ояту, ӛткен материалды қайталау; жаңа тақырып 
тӛңірегіндегі бастапқы білім деңгейлерін анықтап, ӛзара ұштастыру; белсенді 
ойлау әрекетін ұйымдастырып, жаңа білім жӛнінде болжау жасау;
Екінші кезеңде – тілдік тақырыптың ӛзіндік белгілері мен ерекшеліктерін 
талдау арқылы кӛп деңгейлі ойлауға қол жеткізу; салыстыру, зерттеу, бақылау 


арқылы гипотезаны дәлелдеу; ой түйін жасап, белгісіз сұрақтарға жауап табу, 
анықтаманы айқындау; 
Ҥшінші кезеңде жаңа білімді қолдану, ӛнімді ойлау әрекеттеріне, нәтижеге қол 
жеткізу; тілдік тапсырмалар, жаттығулар, ӛзіндік жұмыстар орындау арқылы ой 
алмасу, ой түйістіру; танылған жаңа түсінік, ой-толғауларының нәтижесін 
байқау мақсаттары белгіленеді. 
Мысалы: сан есімді оқыту үрдісінде жоғарыда аталған әдісті қолдана отырып, 
оқушылардың сыни ойлауын дамыту барысында, сабақты тӛмендегі тәртіппен 
ӛткізуге болады. 
Сабақты ҧйымдастыру барысында топ оқушылары «Санамақ» ретімен тӛрт 
топқа бӛлінеді, топтарға «Бірліктер», «Ондықтар», «Жүздіктер», «Мыңдықтар»
деп ат қойылады. 
Бірінші – ізденіс кезеңінде үйге берілген тапсырманы тексеру мақсатында 4 
топқа да материалдар таратылады, тақырыпқа байланысты әр топқа мәтіндер 
беріледі: «Бірлік» тобына - «Тайқазан», «Ондық» тобына – «Жақсы мен 
жаман», «Жүздіктер» тобына – «Ақсүйек», «Мыңдықтар» тобына «Екі соқа» 
мәтіні. Ұсынылған мәтіндер бойынша келесі тапсырмалар орындалады: 
1. Берілген мәтіндегі сан есімдерді тауып, оларды ӛздері тіркескен сӛздерімен 
кӛшіріп жазып, тапқан сан есімдерді құрамына қарай талдаңыздар. 
2. Мәтіннен сан есімдерді тауып, олардың қалай жасалғандығына қӛңіл бӛліңіз, 
сан есімге фонетикалық талдау жасаңыз. 
3. Мәтіндегі сан есімдердің мағынасын түсіндіріңіздер. 
4. Мәтін бойынша ӛз ойларыңызды қысқаша баяндаңыздар, сан есімдерді 
тауып, жасалу жолына қарай талдаңыздар. 
Тапсырмалар орындалған соң, оқушылар жалпы есеп, сан, рет, реті, реттік 
сӛздерінің мәні айтқызылады. Әр топ ӛз ойын қорытады және қорғайды. 
Оқушылар ӛз болжамдарын айтып, пікір алысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет