қабілетіне, білім деңгейіне қарай жіктеу. Саралап оқыту оқушылардың білімін
жан-жақты дамытуды, оларды қызықтыратын ғылым мен техника саласынан
білім жетілдіруді, сондай-ақ мамандыққа бейімдеуді кӛздейді.
Мұндай оқыту
арнаулы мектепте, сыныпта, сынып ішіндегі топта жүзеге асырылады.
Саралап оқыту білім деңгейі әр түрлі оқушыларды топтарға жіктеп, әр топты ӛз
деңгейіне сай оқытып, білімін одан әрі жетілдіру үшін қолданылады.
Деңгейлік саралау – оқушылардың бір сыныпта бір бағдарлама және бір
оқулықпен оқу материалын түрлі деңгейде меңгеруі.
Оқушылардың
даму
деңгейінің
бірыңғай
болмауына
және
қабілеттеріндегі айырмашылықтар мен басқа да себептерге байланысты оқу
үздіктері мен үлгермеушілердің пайда болатыны белгілі. Осыған орай,
деңгейлеп саралап оқыту технологиясы әр оқушының қабілетіне, мүмкіндігіне,
деңгейіне қарай оқытуды кӛздейді.
Саралап оқытудың тиімділігі оның формаларының жаңа типологиясын жүзеге
асырумен байланысты:
-
Оқушылардың ерекшелігінің типологиясы негізінде тұрақты сынып
немесе топ құру;
-
Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеріп, жан-жақты дайындықты
жүзеге асыру.
Барлық оқушылардың оқуға қабілеттілігінің
дамуы мен дайындық деңгейі
бірдей болмаған жағдайда саралап оқыту технологиясы қолданылады.
Сыныпты топқа бӛлу бір-бірінің жұмысын ӛзара тексеруде және
ұйымдастыруда кӛмектеседі. Сабақта сұрау топ бойынша жүргізілетіндіктен,
тапсырманы орындауда ӛзара жауапкерлішіктері жоғарылайды, тобына
байланысты әрбір оқушының мүмкіндігін ескере отырып жеке тапсырмалар
беріледі.
Осыдан саралап оқыту үлгерімі қабілеті тӛмен оқушыларды жаңа
материалды қабылдауға, дайындауға, білімділігі кемшіліктерді уақытында
жоюға, күшті танымдық мүмкіндіктерін
кең қолдануға, біртіндеп пәнге деген
қызығушылығын кӛтермелеуге мүмкіндік туғызады [1].
Саралап оқыту үдерісі - оқушылардың оқуға қабілетінің, бейімділігінің,
қажеттілігінің, психологиялық-педагогикалық диагностиканың нәтижесінде,
оқу әрекетін ұйымдастыруда әр түрлі формалар мен тәсілдерді кең түрде
қолдану.
Әр мектепте оқу іс-әрекетін саралап ұйымдастырудың негізгі міндеті-
жекелік, даралық қасиетін ашу, оған ӛмірлік жағдайларды таңдауға, іріктеуге,
байқауға, тӛтеп беруге кӛмектесу. Саралап оқыту әрбір оқушының қабілеті мен
талабын дамыту және арттыруға саяды. Осы негізде
ауылдық және қалалық
мектептерінің жалпы білім беру деңгейі барлығы үшін бірдей болу керек.
Саралап оқыту шартына байланысты оқушының дербестігін дамытуда сабақ
мақсаты тұлғаның ӛзіндік ерекшелігін ескере отырып, білімін, іскерлігін,
дағдысын қалыптастыру болып табылады [2].
Оқыту үдерісінің барлық кезеңдерінде оқушыларға «бірдей талаптарды»
олардың ерекшеліктерін, жеке психологиялық дамуын ескермей жүзеге асыру,
оқушылардың ерекшеліктерін, жеке психологиялық дамуын ескермей жүзеге
асыру, оқушылардың нормалды оқуына бӛгет жасайды, оқуға деген
қызығушылықтарын жоғалтады. Оқу қызметін саралап ұйымдастыру, бір
жағынан оқушылардың ақыл-ойының даму деңгейін, психологиялық
ерекшеліктерін, абстрактілі-логикалық ойлауын ескереді.
Екінші жағынан-
тұлғаның жеке мұқтаждығын, нақты білім беру аймағында оның
қызығушылығы мен мүмкіндігін назарға алу.
Саралап оқытуды ұйымдастырудың негізі-барлық мектеп оқушыларының
оқу іс-әрекеттеріне әсер ететін және оқу нәтижесінде тәуелді психологиялық
ерекшеліктерін ескеру. Саралау мүмкіндігі оқушылардың әрекет қабілетінің
болуымен анықталса, қажеттілігі-қабілетін арттыру үшін тиімді жағдайлар
міндетімен белгіленеді.
Жас ұрпақтың ой-ӛрісін жоғарылату, тілдік, шығармашылық,
әлеуметтік,
таным және денсаулық дағдыларын арттыру, рухани байлығын, тапқырлық
тапсырмаларды шешу теориясының негізгі түсініктерімен таныстыру,
проблемалық жағдайдан шығу жолын іздеуде алған білімдерін қолдануға
үйрету, әрбір мұғалімнің міндеті.
Жаңартылған мазмұн жағдайында оқытуды саралаудың маңыздылығы
артуда. Ішкі саралау кезінде оқушылар топқа бӛлінбейді, оқу үрдісінде
мұғалімдер оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық
қолдау кӛрсетеді. Сыртқы саралау кезінде білім алушылар үшін
факультатив
және бейіндік пәндер бойынша қосымша сабақтар ұйымдастырылып,
оқушылар белгілі бір критерийлерге сай бӛлінеді. Сыртқы саралу барысында
белгілі бір мақсатқа сай түзету, жетілдіру, педагогикалық қолдау кӛрсету
шаралары, оның ішінде дарынды балалармен жұмыс, қосымша шығармашылық
тапсырмалар арқылы дамыту, мамандықты игеру жұмыстарыв жүзеге
асырылады.
Сонымен қатар саралап оқыту оқушылардың сабақ ӛткеннен кейін де сол
тапсырмаларда жіберген қателіктеріне, тапсырмаларын орындауда қолданған
тәсілдеріне анализ жасап, қателіктері мен кемшіліктерін орындауда қолданған
тәсілеріне
анализ жасап, қателіктері мен кемшіліктерін анықтай білуге
мүмкіндік береді. Яғни саралап оқыту оқушының ӛз қабілетіне, болашағына
сенуіне, оқушының ынталандыруға, оқушы мен оқытушының ынтымақтастық
қарым-қатынас достығына, оқушының ӛз білімін ӛзі бағалай білуіне, баға
әділдігіне, білім кӛрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: