стратегияларын қолдану оқушылардың мотивациясын оятып, ынталандыра
түсері сӛзсіз. Сонымен қатар бұл стратегиялар оқушының қӛзқарасын, түсінігін
дамыта түседі, жалықтырмайды.
Бір сыныпта отырған балалардың деңгейі,
оқу ынтасына қарай саралау,
тапсырманы қабылдау дәрежесі де әртүрлі болып келеді. Сол себепті де нақты
нәтижеге жету үшін модульдік оқыту технологиясының тиімді екенін
күнделікті іс- тәжірибемнен кӛріп келемін. М. Жанпейісованың модульдік
оқыту технологиясының негізі баланың тұлғасын алға қояды, бұл жаңа білім
парадигмасына сай келіп отыр. Модульдік технологиясының басты ерекшелігі -
оның тек қана білімді меңгеруге емес, тұлғаның
танымдық қабілеттерін және
танымдық процестерді, яғни жадының алуан түрлерін ойлауды, ынтаны,
қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы
дамытуға, сондай- ақ тұлғаның қауіпсіздігін, ӛзін- ӛзі ӛзентілендіру, ӛзін - ӛзі
бекіту, қарым- қатынас, ойын танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін
қанағаттануға белсенді сӛздік қорын дамытуға бағытталады.
Сондай-ақ, профессор Ж. Караевтың «Деңгейлеп оқыту»
технологиясының маңыздылығы зор. Деңгейлеп оқытуда күтілетін нәтиже:
Алдына қойған мақсатына жете алатын оқушы тәрбиелеу;
Әр оқушы ӛз білім деңгейін, мүмкіндігін, іскерлігін біліп қана қоймай, оны
дамыту;
Ӛз бетімен ізденіс дағдыларын, іскерлік қабілетін жетілдіретін
шығармашылық
тұлға қалыптастыру;
Деңгеймен оқытудың ерекшелігі:
1.Таланттылар ӛздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі,
әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады.
2. Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады.
3. Білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі жеңілдейді.
Қазақ тілін үйретуде іскерлік, рӛлдік ойын түрлерін қолдану, диалог,
монолог, сұхбат, сұрақ - жауап, кӛрініс қою, тақпақ оқу, ән айту, мәнерлеп оқу,
жұмбақ, сӛзжұмбақ шешу, пікір айту, пікірсайыс, тірек схемасын пайдаланып,
жүйелі түрде әңгімелеу, т.б. әдіс-тәсілдерді сабақта пайдалану, оқушының
басқа тілді үйрене алмаймын
деген сенімсіздігін сейілтіп, тілді үйренуге
ынтасын арттыратынын ӛз іс–тәжірибемнен күнделікті жұмыс барысында
байқаймын.
Достарыңызбен бөлісу: