6.
Баланың дүниетанымының кеңіп, рухани ӛсуіне, әр сабақта жағдай жасау.
7.Жеке тұлға ретінде «мен» деген рӛлін кӛтеру, ӛз пікірін қалыптастыру
Сын тұрғысынан ойлау» сабақтарының алғашқы бӛлігі міндетті түрде
қызығушылықты оятуға арналады / сұрақ қою/, екінші «мағынаны тану»
кезеңінде /жауаптар іздеу, мәселені зерттеу /мәтінді
жан- жақты және әр
тұрғыдан талдау жұмысы жүреді.
Үшінші, білім «ой толғаныс» арқылы жалпылама жүйеленеді/ ойлау
үрдісінің ең жоғарғы сатысында мәселені талқылау
Яғни, мұғалім оқушыларын ойлауға тұрақты түрде үйретеді . Үйрену
процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші
жаңа
ұғымдарды, түсініктерді, ӛзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен
толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да,
сабақ қарастырылғалы тұрған
мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады.
Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына
тітіркенгіш арқылы әсер ету
жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін ―Топтау‖, ―Түртіп алу‖, ―Ойлану‖,
―Жұпта талқылау‖, ―Болжау‖, ―Әлемді шарлау‖ т.б. деген аттары бар әдістер
(стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты –
үйренушінің белсенділігін арттыру. Ӛйткені, үйрену – енжарлықтан гӛрі
белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы ӛз білетінін еске
түсіреді, қағазға жазады, кӛршісімен бӛліседі, тобында талқылайды. Яғни айту,
бӛлісу, ортаға
салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша
шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде
жаңа білім
жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.
Достарыңызбен бөлісу: