Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Бабанский Ю.К.. Методы обучения в современной общеобразовательной
школе. - Москва: Просвещение, 1985. - 208 с.
2.Білім берудегі менеджмент - Менеджмент в образовании 2007-№2.
3.Бақзыбекова.Н. Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы
оқушылардың білім деңгейін арттыру.-А: Қазақ тілі, №4, 2007.16 б.
4.Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі мен технологиясы. Алматы: Мектеп,
ОҚУШЫЛАРДЫҢ АУЫЗЕКІ ТІЛДЕ СӚЙЛЕУ
ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Кадирбаева Кулсара Аманқҧлқызы
№75 мектеп-гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мҧғалімі
Шымкент қаласы.
Мектепте қазақ тілін оқытудағы басты мақсат- оқушылардың сӛздік
қорын молайту, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс оқып, айта білуге, сауатты
жазуға, бір-бірімен сӛйлесе білуге, оқығанын, кӛргенін, естігенін қысқаша
әңгімелеп бере білуге дағдыландыру, ойын қазақша жеткізе алатындай
дәрежеге жеткізу, сабаққа деген ынталылығын арттыру, әр тақырыпты олардың
санасына жете түсіндіру.
Оқу-тәрбие жұмысының негізі-сабақ. Сабақ-оқытудың барлық кезеңінде
мұғалім мен баланың бірлесіп істейтін тиімді әдістерінің жүйесі. Оқушылардың
пәнге деген қызығушылығын арттыру, ӛз бетінше білімін толықтыруға
дағдыландыру сияқты жұмыстар сабақ барысында жүзеге асырылады.
Оқушылардың тіл байлығын молайту үшін сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдерді
тиімді қолдана отырып, жаңа технологиялардың элементтерін қолдану. Сабақта
қолданылатын мәтін мен жаттығулар балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес
келуінің маңызы зор. Пәнаралық байланыс болуына, сабақтың ӛмірмен
байланыстылығына мән беру қажет. Оқушылардың ойлау, сӛйлеу дағдыларын
қалыптастыру, сӛздік қорын молайту- әр сабақтың міндеті.
Ауызекі тілде сӛйлеу дағдыларын қалыптастыруда грамматикалық ережелерді
меңгеріп, оларды түсініп, дұрыс қолдана білудің маңызы ӛте зор. Орыс
мектептерінде қазақ тілін үйрену, лексикалық және грамматикалық тақырыпты
меңгеру- күрделі жұмыс. Грамматикалық ережелерді дұрыс түсініп, меңгеріп,
орынды қолдана білу дағдыларын дамыту мақсатында сурет бойынша сӛз
тіркестері мен сӛйлемдер құрастыру, әңгімелеу жұмыстарын жүргіземін.
Мәтінмен жұмыс істегенде, оқушыларды жаңа сӛздермен таныстырып, ойын
дұрыс айта білуге, сұрақтар қоя білуге, берілген сұрақты түсініп, нақты жауап
беруді үйретуге тырысамын. Мәтінде кездесетін таныс сӛздермен, сӛз
тіркестермен және меңгерілген жаңа сӛздермен сӛйлем құрастыруға, әңгімелей
білуге дағдыландырамыз. Әр сыныпта тақырыптар бойынша тест сауалдарын
қолданып, жарыс, саяхат, ойын сабақтарын ӛткіземіз.
Жаңа заман сабағы дәстүрлі тақта мен бор арқылы емес, электрондық
құралдардың кӛмегімен, интерактивті тақтамен оқушылардың белсенділіктерін
арттыра отырып ӛткізіледі. Ӛз тәжірибемде интерактивті тақтаны қолдана
отырып «Білімпаздар сайысы» атты сыныптан тыс шара ӛткіздік.
Мультимедиялық мәтін жазылған бейне материалдар, слайд, суреттер,
сызбалар, кестелер қолдандым. Оқушылар күнделікті жүз рет сӛзбен айтқан
ұғымдарды бір рет кӛру арқылы естеріңде сақтайды. Бастауыш сынып
оқушыларының ауызекі сӛйлеу тіл байлықтарын ақпараттық қатынастық
технология арқылы дамыту оқушының ӛзіндік білім алу іс-әрекетін
компьютерлік бағдарламалық және техникалық жабдықтардың кӛмегімен іске
асырылады.
Оқушылар «Жыл мезгілдері», «Құстар», «Үй жануарлары және аңдар»
атты кітапшалар дайындап келеді, ол жұмыстарын оқушылар алдында оқып
қорғайды.
«Қай ауыл жеңді?», «Кім кӛбірек біледі?», «Қатені тап» тағы басқа түрлі сӛздік
ойындарын жиі ӛткіземін. Оқушылардың пәнге, қазақ тіліне ынталылығын
арттыру үшін мынадай ойындарды ӛткізуге болады; біріншісі: «Кім кӛбірек сӛз
табады?» Мысалы: саңырауқұлақ-ақ, қара, су, құлақ, уық. Екіншісі:бір оқушы
сӛзді айтады, екінші оқушы сӛздің соңғы әрпіне жаңа сӛзді ойлап табады.
Мысалы: қарға, алма, ат, тауық.
«Сӛз жарысы» ойыны. Ойынның мақсаты - сӛздік жұмысын қайталау. Бұл
ойында үш оқушы тақтаға шығады. Сыныптағы оқушылар сӛздерді орыс
тілінде айтады. Үш оқушы қазақ тіліне аударады. Үш оқушының қайсысы кӛп
айтса, сол жеңеді. Ойынды тақтаға сауатты жазу қабілетін молайту мақсатында
жазбаша түрде де ӛткізуге болады."Иә - жоқ" - ойыны сұраулық шылауларды
дұрыс қолдану дағдыларын, қисынды ойлау қабілеттерін арттырады . Бір
оқушы затты ( жануар, тағам, ӛсімдік ....) жұмбақтайды.
Қалғандары сұрақ қойып отырып, оны табу керек. Бір ерекшелігі: шыққан бала
тек "иә" не "жоқ" деп жауап бере алады. Екінші ерекшелігі: оқушылардың
сұрақтары тізбектеліп логика жолымен құрылу керек.
Мысалы:
-Ол жануар ма?- Жоқ.
-Ол балық па?- Жоқ.
-Ол құс па? -Иә.
-Ол үлкен бе?- Жоқ.
-Ол суда жүзе ме?- Иә.
-Ол үйрек пе?- Иә.
Деңгейлік тапсырмалар беруде нормативтік, нормативсіз варианттар
салыстырылады. Соның нәтижесінде деңгейлік тапсырмаларды орындау
негізінде оқушылардың лексикалық сӛздік қоры кеңейеді, грамматикалық сӛз
тіркесінің активтік қоры байиды, тілдік тұлғаларды, оралымды қолдануға
жаттығады. Бұл тұлғада деңгейлік тапсырмаларды таңдай мәселесі
практикалық мағынаға ие болады да, оқу процесінің проблемалық
ситуациясына айналады. Байланыстырып сӛйлеуге оқыту үшін деңгейлік
тапсырмада әңгіме, мазмұндама жазу ұсынылады.
Оқушысы сӛйлеу процесін енгізу үшін, оны тілдік ситуациялға кіргізіп, сол
ситуацияда ӛзін ұстай білуге үйрету керек, яғни оқушы ӛзінің әңгімелесушін,
әңгіме процесінің мақсаты мен шарттарын меңгеруі тиіс. Деңгейлік
тапсырмалар оқушыны сӛйлете білудің шарттарына бағынышты болады.
Тапсырма түрлері оқушының ой желісін жетілдіріп, тілді сезіну қабілеттерін
арттырады, тілдік грамматикалық тұлғаларды қолдануға кӛмектеседі. Деңгейлік
тапсырмалардағы жаттығулар оқушылардың мәдениетін қалыптастырады.
Сӛйлесу тілін дамыту үшін баланың психологиялық жағдайын ескеру қажет.
Бала жақсы сӛйлеу үшін оның шабытын оятып, құлшыңдырып сабақты
қызықты ӛткізу қажет. Сӛйлемді жақсы құра білсе, сӛйлесіп үйреніп қазақ тілін
игерсе, онда: сенің қолыңнан бәрі келеді, сен қабілеттісің деп баланы мадақтап
қойған жӛн. Сонымен бірге «жаз үйрен» деп сенім білдірген дұрыс. Оқушының
кішкентай жетістігі болса да, жоғары бағалап, мадақтап, кӛтермелеу, оқушылар
басылымына, ӛлең, әңгімелерінің жарық кӛруіне кӛмектесу, шығармашылық
сәтте оқушыға құптаушылық кӛзқарас білдіру, сезім күйін бақылау, қамқорлық
таныту; ақын-жазушылардың, ӛнер адамдарының шығармашылық дәстүрінен
қызғылтқы оқиғаларды әңгіме ету; оқушылар үшін педагог ӛзін қарапайым жан
есебін де таныта білу; олардың психологиялық еркіндігін қаматамасыз ету
сияқты әрекеттерді мұғалім білуі тиіс.
Сонымен сӛйлеу тілін дамытудағы психикалық жағдайға байланысты
оқушының сапалық және сандық ӛзгерістері:
-
нерв жүйесінің жетілуі
-
білімнің артуы,
-
сезім мен мӛральдық ұғымдардың пайда болуы
-
анатомиялық-физиологиялық есеюі және мінез-құлқының қалыптасуы.
Дамыта оқытуда тӛмендегі психологиялық жағдайлар ескеріледі.
-
сезімі, түйсігі
-
қабылдауы, ынтасы
-
зейіні, еске ұстауы
-
ұғынуы, еркін билеуі
-
ойлауы, қиялдауы, болжауы
-
сӛйлеу қабілеті
-
оқу іс-әрекеті, дағдысы
-
жауапкершілігі, ізденісі, дербестігі.
Оқушыларды сӛйлеуге үйретуде психологияға сүйенбей болмайды.
Сӛйлеу тілін дамыту процесінде адамның еркі, есте сақтау қабілеті, ой-ӛрісінің
дамуы, сезімі, қиялдай білу ерекшеліктері негізгі рол атқарады. Олардың
барлығы ӛзара диалектикалық байланыста. Адамның кӛру, есту сезімдерінің
дамуы, ойлау қабілетінің артуы сыртқы объективтік шындықтық әсерінен
болады.
Психолог Р.Қ.Кӛшімбаев «Табыс психологиясы» атты еңбегінде әртүрлі
психологиялық жаттығулар мен ойындар арқылы мектеп ӛмірінде оқу
процесіне қажеттілік туғызу, оқушының ойлау қызметін жетілдіру және
мұғалім мен оқушыға қиындықтарды жеңу, оқушылардың жеке қабілеттерін
дамыту жолдарын үйретеді. Мысалы: Оқушы сабақты дұрыс қабылдамаса,
оның зейіні сабаққа ауыспаса, сабақтың ұйымдастырылуы ойдағыдай шықпаса,
сіз тез ӛзіңізді мұғалім рӛлінен шығарып, оқушы болыңыз.
Оқушыдан қандай ойынды жақсы кӛретіндігін сұраңыз. Сол ойынды бастап
ойнаңыз. Оқушылар кӛңілденіп ойынға ұйымшылдықпен кірісе бастаған кезде,
сабақ бағытын ойынға бұрыңыз да, ӛзіңіздің мақсатыңызды іске асыруға
кірісіңіз -дейді.
Міне, осы сияқты психологиялық пікірлерді ұсынады. Оқушыға реніш туғызған
мұғалымге ӛзін сол оқушының орнына қойып, оқушыны мұғалім тұлғасында
қарап ойлануды ұсынады. Мұндай жаттығулар мен ойындардың ұстаз
творчествосына тигізер жәрдемі мол. Қазіргі кезде мектептегі сабаққа
пайдаланылатын ойын түрлері, тренинг тәсілдері, ролдік, іскерлік ойын түрлері
ӛте кӛп. Сӛйлеу арқылы тіл жетіледі, дамиды.
Деңгейлік тапсырмаларды құру жеңіл шаруа емес. Бағдарламаға сай
тапсырмалар түрін сараптап, зерттеп, оқушылардың оқу дағдысын
қалыптасытру талаптарыны басшылыққа ала отырып, ғылыми-әдістемелік
түрде оқушы деңгейіне сай құрылуы тиіс. Деңгейлік тапсырмалар оқушы
сұранысын қамтамасыз ететіндей, ықшам, әсерлі, жүйелі, түсінікті сипатта
болуы қажет. Тапсырмаларда мәтін жұмысы, ситуациялық әңгіме т.б. кӛркемдік
жағы ескерілуі тиіс.
Тапсырмалардың тартымды, қызықты болуын қадағалау қажет, оған қойылатын
талаптардың толық сақталуы тапсырманың сапасын арттырып, оқушының
сӛйлеу тілін дамытуға қолайлы жағдай туғызады. Сондықтан оқулықта, сабақта
кездейсоқ алынған жаттығулар болмағаны тиімді.
Репродуктивті тапсырмалардың құрамына ойлауға, есте сақтауға, елстетуге,
еске түсіруге арналған жұмыстар, ал рецептивті тапсырмалардың құрамына
ойлауға, есте сақтауға, танып-білуге арналған жұмыстар енгізілді.
Оқушыларының сӛйлеу тілін дамыту үшін жүргізілетін деңгейлік тапсырмалар-
бір жағынан, оқушының ӛз бетімен білім алуына жәрдемін тигізсе, екіншіден
оның қиялын, ойлауын дамытады.
Оқушының сӛйлеу тілі әрқашан тілдік ортада қалыптасады. Баршамызға
белгілі қазақ балаларымен ойнаған орыс баласы қазақ тілін ешқандай
грамматикалық ережені оқымай-ақ қатысым арқылы үйреніп алады. Сондықтан
сӛйлеу тілін дамытудың тағы біртиімді жолы-жағдайлық ойындарды
ұйымдастыру.
«Сен дәріханаға келдің» деген тақырыпқа ситуациялық жағдай туғызып,
тірек-сызба арқылы сұрақ - жауап әдісімен әңгіме жүргізу.Сӛйлеу тілін дамыту
кезінде сӛздік ойын жаттығулар, оқушыларды ӛздігінен сӛйлеуге мәжбүр
етерлік арнайы ұйымдастырылған ситуациялар (жағдаяттар) грамматикалық
жаттығулар, әдеби текстер, әңгімелеу, сахналандыру, әңгіме құрастыру, жұмбақ
жасыру, мақал, мақал-мәтелдерді пайдаланып оқыту жұмыстары жүргізіледі.
Оқушылардың сӛйлеу дағдылары ауызекі сӛйлеу жүйесінен, сұраққа қысқа да
толық жауап құрастыра алуынан, оқығандарын ауызша да, жазбаша да
мазмұндап, беретіндей дағды-машықтарынан, шығарма, хат жазу дағдыларынан
құралады. Қазақ тілін оқытуда ең алдымен тәжірибелік мақсат қойылады, оған
оқушылардың сӛздік қорын байыту, қазақша ауызекі сӛйлесуге, сауатты жазуға
үйрету, кӛргендерін, естігендерін әңгімелеп беруге үйрету қажет.Оқушы тілін
дамыту үшін әр түрлі әдістер, жұмыстар ӛткізу керек. Оқушылардың сӛйлеу
қабілетін дамыту, мәтін бойынша сұхбат құрастыруда, мәтіннің мазмұнын
айтқызуда тірек сызбалардың берері кӛп. Бұл тәсіл жаңа сабақты жылдам
түсінуге, есте сақтауға кӛмектеседі. Тірек- сызба сұхбат құрғыза отырып,
оқушылардың қазақша сӛйлеу дағдысын қалыптастыруға, сӛйлем құрастыруға
мүмкіндік береді. Грамматикалық материалды және лексикалық тақырыптарды
оқытуда тірек-сызбалардың қолданылуы тілді дамытуға, сӛздік қорды
молайтуға, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, ойлау қабілетін дамытуға, ойын
қазақша жеткізе білуге жаттықтырады. Тірек-сызбалар арқылы оқушылар кез
келген тақырыпқа әңгіме құрастырып, ӛз ойларын оңай жеткізеді, ауызша тіл
дамытып, сӛздік қорын молайтып, ауызекі сӛйлеуге дағдыланады. Тірек-сызба
арқылы сұрақ-жауап әдісі бойынша оқушыларға тақырыпқа байланысты
сұрақтар қойып, жауап аламын. Балалар тірек сӛздер берілген сызбаны
пайдалана отырып әңгіме құрастырады.
Мұғалім әр сабақта оқушыға жағдай жасап түрлі технологияларды жүйелі
қолданып, оларды шығармашылықпен пайдалана білсе, жақсы нәтижелерге қол
жеткізуге болады, қазақ тіліне қызығушылық артады, ауызекі сӛйлеуі дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |