Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет51/222
Дата27.04.2024
өлшемі4.1 Mb.
#499953
түріСабақ
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   222
Жинак республ docx

Жинақтау парақшасының индексі: Мұғалім білім алушыларға екі жағында 
да кӛрсетілген тапсырмалары бар парақтарды жиі таратып отырады: 
1-беті: Ӛткен тақырып бойынша негізгі идеяларды атап шығыңыз
(бӛлімдер, тақырыптар) және оны қорытып айтыңыз. 
2-беті: Ӛткен тақырыптан тағы нені түсінбегеніңізді анықтаңыз (бӛлімдер, 
тақырыптар) және ӛз сұрақтарыңызды құрастырыңыз. 
Бір минуттық эссе: Білім алушылардың оқу материалын меңгергенін кезең-
кезеңмен қадағалау үшін сабақтың кез келген уақытында қолдануға 
болады.Мҧғалім қоюы мҥмкін сҧрақтар: 
- Ең бастысы (бүгін) сіз не білдіңіз? 
- Есіңізде не қалды?
- Қандай сұрақ сіз үшін түсініксіз болды? 
Ҥш минуттық ҥзіліс: Мұғалім білім алушыларға сабақты түсінуін, идеясын, 
ӛткен тақырыппен байланыстылығын, білімі мен тәжірибесін, сондай-ақ 
түсініксіз тұстарын анықтау үшін ойлануға мүмкіндік беретін үш минуттық 
үзіліс береді.
Мысалы: … туралы кӛп білдім
Мен бұған таң қалдым, себебі … ƒ
Мен … … сездім. 
Мен … … қарадым. 
Температураны ӛлшеу: білім алушының тапсырманы қаншалықты 
орындағанын анықтау үшін қолданылады. Ол үшін мұғалім білім алушыларды 
тоқтатып, сұрақ қояды:
Біз не істеп жатырмыз?
Білім алушы осы сұраққа жауап береді, тапсырманың орындалу жолы, оны 
орындау үдерісі туралы ақпаратты ұсынады. 
Қорытындылай келгенде, кері байланыс- нәтижелі білімнің жоғары 
кӛрсеткіші екенін бүгінгі күндегі оқушылардың жеткен жетістіктері арқылы 
толық сеніммен айта аламыз. Бүгінгі таңда күнделікті сабақтарымда кері 
байланыс жасауды дағдыға айналдырып келемін.Кері байланыс арқылы 
оқушының қажеттіліктерін біліп, оларды жинақылыққа тәрбиелеуге болатынын 
түсіндім. Сабақтағы оқушының ой-пікірін, кӛңіл-күйін біліп қана қоймай, 
сабақ мазмұнын қай деңгейде меңгергенін анықтауға болады. Сонымен, кері 
байланыстың тиімділігіне тоқталар болсақ:
Оқушылар ҥшін:
1.Оқушыны ӛз-ӛзіне есеп беруге баулиды;
2.Оқушының қажеттілігін біле аламыз;
3.Оқушының ӛзіндік кӛзқарасы қалыптасады;
4.Білім беру барысының сапасын жақсартуға болады және кері байланыстың
нәтижесінде оқушының сыни кӛзқарасы қалыптасады, ӛз-ӛзіне баға бере алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет