Сабақ жоспарының үлгілері



бет1/12
Дата25.05.2022
өлшемі146.66 Kb.
#458642
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Бастауыш мектеп оқушыларының адамгершiлiк тәрбиесi


Бастауыш мектеп оқушыларының адамгершiлiк тәрбиесi

Мазмұны


Кіріспе 3
I бөлім. Бастауыш сынып оқушыларымыз ана тілі сабақтарымда кіші мектеп жасындағы оқушылардың тәрбиесіндегі халық педагогикасының озық дәстүрлерін теориялық негіздері.
1.1. Бастауыш мектеп оқуыларының тәрбиелеуде қазақ халық педагогикасының озық дәстүрлерінің ролі мен маңызы. 25
1.2. Бастауыш сынып оқушылары тәрбиелеуде қазақ халқының салт-дәстүрлерін іріктеу және жинақтау. 35
1.3. Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде қазақ халық педагогикасының элементтерін пайдалану жолдары. 50
II бөлім. Бастауыш мектеп оқушыларының тәрбиесіндегі қазақ халық педагогикасының озық дәстүрлерін пайдалану әдістері.
2.1. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ана тілі сабақтарында қолдану.
2.2. Қазақ халық педагогикасының элементтерін сыныптарда ойын түрінде қалыптастыру. 65

    1. Сабақ жоспарының үлгілері. 70

Қорытынды 73
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 75

Кіріспе

Мақсаты
Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеуде халық педагогикасындағы ғылыми мағлұматтар мен халық тәрбиесіне негізделген әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, жас жеткіншектің ұлттық сана-сезімін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін қалыптастыру.
Міндеті
Қазақ халық педагогикасының дәстүрлері туралы түсінік.
Зерттеу обьектісі:


Ана тілі пәнін оқыту барысында кіші мектеп оқушыларын қазақ халық педагогикасының озық дәстүрлерінің үрдісі
Зерттеу әдістері:
Озық педагогикалық тәжірибелерді сұрыптау, ғылыми педагогикалық әдебиеттерге шолу жасау, бақылау, байқау, анкета, тест сұрақ-жауап әдістері қолданылады.
Зерттеу пәні: Ана тілі
Халықтық педагогиканың саласы мол мазмұны бай. Оны халқымыз үзбе тәлім-тәрбие ісіне пайдаланып келеді. Ұлтымыздың ұлағатты дәстүрлерін келешекте де кеңінен пайдаланып, тәрбие ісіне арқау ету-борышымыз. Ол үшін не істеуіміз керек?
Ең әуелі ата-аналар мен жанұя ересектері мектеппен тығыз байланыс жасай отырып, үй ішінде халықтың педагогиканы дамытып, баланың өзіне батырлар жырын оқып, пікірлесіп, аңыз әңгімелерден үзінділер, айтқызып, жаңылтпаштар айтысып, ой өрісін кеңейтіп, тілін ширатып, жұмбақ айтысып, жұмбақты көп айта алғанға ұпай жинатып, не сыйлық ұсынып санамақтар айтып, оны шешеуден мүдірмеген баланы мадақтап, мақал-мәтел жаттаудан озған балаға құрмет көрсетіп, шешендік сөздеді жаттатып, ұлттық дәстүрлерді талап ете білу керек. Халықтық ойындрды, әсіресе қуыршақ ойынын театрландырып, үй ішіне ата-ана ұйымдастыра білсе, үлкен тәрбиелік жұмыстарды атқарған болар еді. Әулет дәстүрлерін қастерлеп, дәстүрлік мұраларды алға аппаруды насихаттап, игілікті істерді ұйымдастырушылар да ата-аналар мен мектеп елге белгілі болып тұрған жанұялық ансамбльдер әлеуметтік дәстүрлер мен мұраларды алға апарудың үлгілері болып табылады. Үй ішінде “Туған күл”, ”ана біздің күніміз”, ”әке қорғанымыз”, ”тазалық күні”, ”меймандоспыз – бәріміз” тағы басқа тақырыптарға жанұялық, той думан, қонақ күту дәстүрлерін өткізуге де ата-ана тәлімдік басшылық жасап, өсиет айтып, өнеге көрсетуге тиіс.
Халық педагогикасын пайдалану ісі одан әрі дамытылып балалар бақшасында ”Ертегілер әлемінде” бөлмесімен қатар, ұлттық-фольклорлық қойылымдар, музыкалық ойындар, тіл ширату, дәрістері ұйымдастырылады. Бәрінде де ертегілер, жұмбақтар, санамақтар, ұлттық ойындар пайдаланылады. Ертегілерден үзілді алынып, қызықты қойылымдарды, даярлап кезінде, өремдер кейіпкерлердің бет бейнесін, тірлік-тіршілігін орнын байқап, сол бейнесін айнытпай көрсетуге тырысады.
Балалар бақшасында ұлттық дәстүрлер мен салт-сананың алғашқы қарапайым, негіздерін өрендеуге өнеге ретінде үйретіп жаттықтырып, оны іс-жүзінде олардан талап ету керек.
Мектеп халық педагогикасының оқу-тәрбие ісіне жан-жақты пайдалану үшін, ол іс-әрекетті кеңінен жосарлап, істеп игілікті болуына әсерін мол тигізетін ата-аналармен, балалар бақшасымен тығыз, байланыс жасап отыру керек. Мектепте өтілетін ”Жанұя этикасы мен психологиясы” деген пән меніңше, күрделеніп, ”Халықтың этика” деген атпен өткізіліп, оның програмасына тек жанұялық этика ғана емес, бүкіл халықтық этика мен эстетика, салт пен дәстүрлер, 3әсімдер халықтық педагогика негіздері ену керек: үлкенді сыйлау, астың алдын үлкенге ұсыну дағдысы, үлкенге сәлем беру 3әсімі, тіпті той өткізу, құда-жекжат сыйлау дәстүріне дейін ұлттық тәлім, сол халықтық этика пәнінде оқу тәрбиелік өзек болуы қажет.
Көпшілік алдында өтетін ”Қыз сыны , ”Жігіт намысы” сияқты дәстүрлік жарыстар өзегін әуелі мектептен бастайды. ”Сабантой”, ”Алғашқы қоңырау”, ”Алтын күз” ”Соңғы қоңырау” сияқты мерекелік кештер күнен, тағы басқа күндерді өткізу кезінде ұлттық дәстүрлер мен салттарды, этика (әдеп) мен 3әсімдер кеңінен пайдаланып, оның тәрбиелік мән-мағнасын ұрпақтарға пайдалану тәлім-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушылардың жан аямас жауапкершілігіне байланысты.
Сөйтіп, халық педагогикасы жанұяда, балалар бақшасында, мектеппе, жоғары оқу орындарында, басқа да тәрбие мекемелерінде барынша пайдаланып, тәлім-тәрбие ісінде өз орнына ие болуға тиіс.
Халықтық педагогика белгілі бір халықтың, тайпаның өзіне тән, ерекшелігі бар дүние танымдық, тәрбиелік мәдени мұрасы. Халық педагогикасында өрнекті ұғым-әде. Әдеп-эстетика ғылымының ”этика” деп аталатын үлкен саласының ұлттық мәдениетке тән қисынды баласы.
Қазақ халық педагогикасының қайнар – бұлағы біздің заманымызға дейінгі дәуірден бастау алады. Ұлттық мәдениеттің тегі сол ұлттың ұлт болып қалыптаспай тұрған кезінен бастап-ақ жеке ұлыстардың ұрпағын тәрбиелеуден туындағаны белгілі.
Қазақтың жазу мәдениеті арқылы белгілі болған ұлттық педагогикалық ойлардың тарихы ертедегі тас жазулардан басталады. Одан кейінгі қолжазба, баспа арқылы бізге жетіп, оқу жазу үрдісімен, этнопедагогиканың арқауы болған тәлімдік ойлар тарихи өзектестігімен ұлттың педагогикаың дамып, ғылым болып қалыптасқанын көрсетеді.
Егеменді еліміздің кердесі ашылмай, іркеуленіп келген ұлттық тәрбиесі жиырмасыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бастап, еркін қолға алынды да, көптеген оқыту бағдарламалары мен оқу құралдары пайда болды. Ғалым оразбекова ”Имам және инабат” деген кітабында имандылық-ұлттық тәрбиенің негізі деп көрсетіп, қазақ халық педагогикасының бір қайнар көзін ашты. М.Оразаев, М.Смайлова сияқты педагогтар ”Қазақ халқының салт-дәстүрлері” деген кітап жазып, қазақ халық педагогикасының салт-дәстүрге байланысты саласын айқындады. Профессорлар Қ.Жарықбаев пен Ә.Табылдиев ”Әдеп және жантану” оқулығын жазып, қазақ этнопсихологиясы мен этнопедагогикасы ғылымының негіздерін айқындады. Ғалым С.Ғаппасв ”Ізгілік әліппесі”, ”Халық педагогикасының негіздері” деген еңбектерінде қазақ этнопедагогикасының ғылыми-медициналық және танымдық ерекшеліктерін дәлелдеді. Ә.Табылдиев ”Қазақ халқының педагогикасы және тәрбие” атты еңбегінде қазақтың ауыз әдебиетімен салт-дәстүрлерінің тәрбиелік мәнін аып берді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет