Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК



Pdf көрінісі
бет105/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   146
вирус

 
Сабақ жоспарының үлгісі: 1 Білім алушыларға сауалнама жүргізу; 2 
Сабақ тақырыбы бойынша оқытушының түсіндіруі; 3 Вирустың инфекциялық 
титрін анықтау бойынша диагностикалық тапсырмаларды орындау; 4 Сабақты 
қорытындылау; 5 Келесі сабаққа тапсырма. 
 
Бақылау сұрақтары: 1 Вирустардың титрі деген не? 2 Вирустар-дың 
титрін ТТБ және ШТБ бойынша анықтау принципі қандай? 3 Вирустың 
инфекциялық белсенділігін қандай бірліктермен бағалайды? 4 Вирустардың 
титрін 50% инфекциялық әсер ету бірлігі бойынша анықтаудың басты міндеті 
қандай? 5 Жұқтырылған жануарлардың 50%-ын өлімге ұшырататын вирус 
дозасын қандай әдістермен анықтайды? 


10 тақырып. ВИРУСТАРДЫ БЕЙТАРАПТАУ РЕАКЦИЯСЫ
Сабақтың мақсаты: Вирустарды бейтараптау реакциясының мәнімен 
және нәтижесін бағалаумен танысу; вирустарды бейтараптау реакциясында 
антиденелердің титрін анықтау әдісін меңгеру; Вирустарды бейтараптау 
реакциясының қойылым жолдарын үйрену.
 
Сабақтың материалдық қамтамасыз етілуі: зақымдалмаған жасуша 
өсінділері бар арнайы ыдыстар, формалиннің спирттегі ерітіндісімен бекітілген 
ЦПӘ белгілері байқалған жасуша өсінділері, микроскоптар, микроскопияға 
арналған демонстрациялық препараттар мен т.б. материалдар. 
Бейтараптау реакциясы (БР) патологиялық материалдардан бөліп алған 
вирустарды идентификациялауда немесе оларды анықтауда, сонымен қатар 
аурудан сауыққан немесе вакцина егілген жануарлардың қан сарысуларының 
құрамындағы антиденелерді титрлеуде қолданылады. БР принципі вирус пен 
оған телімді антиденелері бар қан сарысуын араластырған жағдайда вирустың 
инфекциялық белсенділігі жойылып, репродукциялануы тоқтайды (23, 24-
суреттер).
Вирустың инфекциялық белсенділігінің көрсеткіші (индикаторы) болып 
сезімтал тірі жүйелер – зертханалық жануарлар, тауық эмбриондары (ТЭ), 
жасуша өсінділері саналады. 
Вирустарды БР нәтижелерін келесі көрсеткіштер арқылы анықтайды:
а) жануарлардың өлімге ұшырауының немесе патологоанатомиялық 
өзгерістерінің байқалмауы;
ә) тауық эмбриондарының экстраэмбрионалды сұйықтықтарында 
гемагглютининдердің болмауы;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет