Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК


БИ =  Т 1 =  10 7 = 10 5 = 100000,  Т 2 10 2



Pdf көрінісі
бет108/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   146
вирус

 
БИ = 
Т
1

10
7
= 10
5
= 100000, 
Т
2
10
2
 
мұнда Т

– сау мал қан сарысуы бар вирустың титрі
Т

– телімді қан сарысуы бар вирустың титрі. 
 
Бейтараптау индексі 10
2
және одан жоғары немесе сандық есептеуде 100 
және одан жоғары болғанда реакция оң деп есептеледі.
Бейтараптау индексі 10
1
ден 10
2
дейін болған жағдайда реакция күдікті деп 
есептеліп, реакцияны қайта қояды.
Бейтараптау индексі 10
1
ден төмен болғандарын теріс нәтиже деп 
есептейді.
Бейтараптау реакциясында бір сұйылтымдағы вирустар мен әртүрлі 
сұйылтымдағы қан сарысуларын жиі жағдайда зерттеуге алынған 
антиденелерді идентификациялау және олардың құрамында белгілі бір вирусқа 
қарсы антиденелердің бар екендігін, вирустарды бейтараптай алатын титрін 
анықтау үшін қолданады.
БР-да қан сарысуларын зерттеу әдісі. Реакция алдында зерттелетін қан 
сарысуының сынамаларын, жалған оң нәтижелер көрсетпеуі үшін 56 – 62°С 
температура аралығында су моншасында қыздыру әдісімен термолабильді 
телімсіз ингибиторлардан босатып алады. Қан сарысуларды қыздыру 
температуралары жануарлардың түріне байланысты түрліше болады: мүйізді ірі 
қара, жылқы, теңіз шошқасының қан сарысулары – 56°С; әтеш, қаз, үйрек қан 
сарысулары – 58°С; егеуқұйрық, тышқан, қоян қан сарысулары – 60°С; қой мен 
ешкі қан сарысулары – 62°С температурада қыздырылады.
1. Зерттеуге алынған қан сарысуларының екі еселенген сұйылтымдарын 
дайындайды. 
2. Әрбір қан сарысуы сұйылтымдарына инфекциялық титрі 10
2
ТД
50
/мл
немесе 10
3
ТД
50
/мл болатын референс-вирусты (зерттеуге алынған қан 
сарысуына телімді вирус) тең көлемде қосады.
3. Реакция қоспаларын (вирус + қан сарысуы) 1,5 сағат бөлме 
температурасында немесе 1 сағат +37°С температураға реттелген термостатта 
ұстайды.
4. Әрбір реакциялық қоспаны бірдей мөлшердегі жұп санды, бірақ төрттен 


кем емес, тест-нысанамен (тірі жүйе) жұқтырады.
5. Зерттеуге алынған тірі жүйелердің вирус әсерінен қорғалуы оң нәтиже, 
ал тірі жүйелерге вирустың инфекциялық әсері теріс нәтиже деп есептелінеді. 
6. 10
2
ТД
50
/мл (10
3
ТД
50
/мл) инфекциялық титрдегі вирустардың зерттеуге 
алынған тірі жүйелердің 50%-ын қорғай алатын қан сарысуының сұйылтымы 
есепке алынады. Осы алынған нәтижелер вирустарды бейтараптаушы 
антиденелердің титрі болып табылады. 
Есептеу мысалы. Ньюкасл ауруы вирусымен иммунделген қоянның қан 
сарысуындағы вирусты бейтараптаушы антиденелердің титрін БР-да анықтау 
қажет.
Тест-нысаналары ретінде тауық эмбриондарының сегіз тобы (әр топқа 4 
эмбрион) пайдаланылып, оларға 0,2 мл вирус + қан сарысуының қоспасы 
енгізіледі. Қан сарысуы алдын-ала +58°С температурада қыздырылады және 1:2 
ден 1:126 дейін сұйылтылады, ньюкасл ауруы вирусының титрі 10

ТЛД
50
/мл 
(тиімді летальды доза).
Биосынама нәтижесі эмбриондардың өлімге ұшырауы бойынша есепке 
алынады (8-кесте): позитивті – эмбриондар тірі қалады (қан сарысуымен 
қорғалады); негативті – эмбриондар өлімге ұшырайды (қан сарысуымен 
қорғалмайды).
8-кесте. БР-да қан сарысуларын титрлеу нәтижесі 
Қан сарысу 
сұйылтымы
3
Топтағы ТЭ
саны (n) 
Биосынамалар нәтижесі 
«+» ТЭ тірі
қалды (r) 
«–» ТЭ өлімге 
ұшырады 
1:2=10
–0,3



1:4=10
–0,6



1:8=10
–0,9



1:16=10
–1,2



1:32=10
–1,5



1:64=10
–1,8



1:128=10
–2,1



1:256=10
–0,3



Ескерту: 
3
-екі еселенген сұйылту мәндері (1:2, 1:4, 1:8, 1:16, 1:32, 1:64, 
1:128, 1:256) ондық логарифмдерге аударылған. 
Тауық эмбриондарының 50%-ын Ньюкасл ауруы вирусынан (10
2
ТЛД
50
/мл 
ден бастап) қорғайтын сарысу сұйылтымын Кербер формуласымен есептейді: 
IgТД
50
= Ig𝐷 +
Ig𝑑
2
− Ig𝑑 ∙
∑ 𝑟
𝑛

ТД
50
– қан сарысуының қажетті сұйылтымы;
D – вирустардан жасушаларды 100% қорғай алатын қан сарысуларының ең 
жоғарғы сұйылтымы;


d – қан сарысуын сұйылту коэффициенті; 
∑ 𝑟
𝑛
– қан сарысуына (∑ 𝑟 = 𝑟
1
+ 𝑟
2
+ 𝑟
3
+. . . +𝑟
𝑛
) позитивті нәтиже 
көрсететін
тест-нысаналары қосындысының топтағы нысаналар санына (n) қатынасы. 
IgТД
50
= −0,6 +
0,3
2
− 0,3 ∙
(0 + 1 + 1 + 2 + 2 + 3 + 4)
4

IgТД
50
= −0,6 + 0,15 − 0,3 ∙ 0,25 = −0,45 − 0,975 = −1,425. 
Осылайша, зерттеуге алынған қан сарысуының 1:10
1,425
(10
–1,425

сұйылтымы тауық эмбриондарының 50%-ын 10
2
ТД
50
/мл болатын нюкасл 
ауруы вирусынан қорғай алады.
Кестедегі 
10
–1,425
ондық антилогарифмдер 26,5 мәніне сәйкес келеді. 
Қан сарысуының құрамындағы вирустарды бейтараптаушы антиденелердің 
титрі 1:26,5 болады. 
БР артықшылығы оның телімділігінің жоғарылығы мен нәтижелерінің 
дәлділігі болып табылады. Бұл оны серологиялық зерттеу жұмыстарының 
«алтын стандарты» деп санауға мүмкіндік береді.
БР кемшілігіне реакцияның күрделілігін жатқызуға болады. Атап айтқанда, 
стерильді жағдайларды сақтауды, тірі жүйелерді пайдалануды, биологиялық 
сынаманы ұзақ мерзімді бақылауды, сондай-ақ алынған мәліметтерді 
статистикалық өңдеуден өткізуді қажет етеді.
Аталмыш реакция жедел зерттеу әдістер қатарына жатқызылмайды, 
өйткені бұл реакцияны орындамас бұрын патологиялық материалдардың 
құрамынан вирустарды анықтау үшін тірі жүйелерге биосынама жүргізуді 
қажет етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет