б) жасуша өсінділеріне цитопатогендік әсер (ЦПӘ)
етпеуі мен жасуша
өсінділерінің өлмеуі.
Бұл реакцияда қолданылатын телімді қан сарысулары биофабрикалардан
құрғақ күйінде шығарылады. Кейбір анти қан
сарысуларын зертханаларда
қояндар, теңіз шошқалары мен ақ егеуқұйрықтарды немесе
ересек жануарларды
вирустардың вакциналық штамдарымен иммундеу арқылы алуға да болады.
БР-да вирустарды анықтау (индикация) әдісі. БР қою үшін Зерттелетін
материалдан бөлініп алынған агенттің инфекциялық әсері (цитопатогендік әсері
немесе летальдығы) пайда болғанға дейін сезімтал жүйеде бірнеше рет пассаж
жасау қажет. Реакцияны қоюға қажетті вирустың
дозасын алдын ала сезімтал
жүйеде титрлеу арқылы анықтайды.
Бейтараптау реакциясын екі түрлі жолмен қоюға болады:
а) бір сұйылтымдағы телімді қан сарысулары мен әртүрлі сұйылтымдағы
вирустар;
ә) зерттеуге алынған антиденелерді идентификациялау үшін бір
сұйылтымдағы вирустар мен әртүрлі сұйылтымдағы қан сарысулары.
Зерттеуге алынған вирустарды идентификациялау үшін бір сұйылтымдағы
телімді қан сарысулары мен әр түрлі сұйылтымдағы вирустар (7-кесте).
7-кесте. Вирустарды идентификациялаудағы БР
схемасы
Компоненттер
Вирустардың сұйылтымы
Қан
сарысуы
бақ
ылау
ы
1:10
Вирус тит
рі
Бе
йтарапта
у
ин
дек
сі
10
-1
10
-2
10
-3
10
-4
10
-5
10
-6
10
-7
10
-8
Телімді қан
сарысуы 1:10
+ +
+ +
+ +
Достарыңызбен бөлісу: