мейлінше дәлірек мәлімет береді.
Серологиялық зерттеу. Жұқпалы ауруларды балауға серологиялық
реакциялар кеңінен пайдаланылады. Серологиялық реакциялар антиген мен
антиденелердің организмнен тыс
іп vitro
өзара әрекеттесуінің нәтижесінен
туындайды. Антиген мен антидененің қатысуынсыз ешбір серологиялық реакция
жүрмейді. Сондықтан оларды серологиялық реакциялардың
негізгі факторлары
деп атайды. Көптеген серологиялық реакцияларда антиген мен антиденеден басқа
қосымша факторлар деп аталған комплемент, аконглютинин, антиглобулин, т.б.
пайдаланылады. Серологиялық реакциялардың компоненттері өзгермеген (табиғи
қалпындағы), алып жүруші негізге (эритроцит, латекс, декстран, т.б.)
жабыстырылған және радиоактивті изотоп, люминисцентті
бояу немесе тағы
басқалармен таңбаланған болуы мүмкін.
Антиген мен антидене қосылғанда
белгілі бір құбылыс байқалады. Мысалы, антигендер жабысып ірімшіктенеді
(агглютинация, преципитация) немесе ериді (лизис). Осы құбылыстарды тікелей
бақылаумен қатар, бір тектес қос компонентті жарыстырып, бірінің әсерін
екіншісі тежеуі арқылы да серологиялық реакцияның
нәтижесін бақылауға
болады. Мұндай реакциялардың бірінші түрі – тікелей жүретін реакциялар да,
екінші түрі – тежелінген реакциялар. Сонымен біздің пайымдауымызша
(Т.Сайдулдин, 1982) серологиялық реакциялар негізгі екі жікке бөлінеді: қосымша
факторлары жоқ реакциялар және қосымша факторлары бар реакциялар.
Бұлардың
әрқайсысы
компонентерінің
ерекшеліктеріне
байланысты
компоненттері өзгермеген, компоненттері жабыстырылған және компоненттері
таңбаланған деп аталатын үш
топқа бөлінеді. Реакциялардың әрбір тобы қойылу
ерекшеліктеріне қарай тікелей және тежелінген түрлерге бөлінеді.
Серологиялық реакцияларда антигенді, не болмаса антиденені айқыңдауға
болады. Антигенді айқындау үшін
алдын
ала белгілі, құрамында сол антигенге
қарсы антиденелер бар қан сарысу немесе иммунологлобулиндер пайдаланылады.
Керісінше антиденелерді айқындау үшін
алдын ала белгілі стандартты антиген
қажет.
Антигенді айқындау мақсатымен серологиялық зерттеу үшін
қоздырушы
микроб немесе оның антигені бар-ау деген патматериалды пайдаланады. Мысалы,
бұл мақсатпен құтырыққа ауырған жануардың миын, топалаңға малдың терісін
тексереді. Патматериалда антигеннің табылуы диагностикалық маңызы жағынан
сол аурудың қоздырушысының табылуымен пара-пар болып есептеледі.
Серологиялық
реакциялардың
көмегімен
бөлініп
алынған
ауру
қоздырушысын да тексеріп, оның түрін, тіпті серологиялық вариант (серовар) деп
аталатын қоздырушының айрықша топтарын айқындауға болады.
Сондықтан
серологиялық реакциялар бактериологиялық және вирусологиялық зерттеулердің
басым көпшілігінің диаграма бөлігі болып табылады.
Серологиялық әдіспен ауру қоздырушысына қарсы антиденелерді айқындау
үшін негізінен
қан сарысуы тексеріледі. Бұл
жолмен жұқпалы ауруларға диагноз
қойғанда мынандай жайттарды ескеру қажет. Антидене жануарлардың қанында
ауру нәтижесінде ғана емес вакцинамен иммундеу себепті болуы да мүмкін.
Денесінде әртүрлі микробтардың ортақ антигендері болуы нәтижесінде
ауырмаған және вакцинамен егілмеген организмде қалыпты (нормадағы)
мөлшерде антиденелер кездеседі. Соңдықтан антиденелердің диагностикалық
деген ұғым қалыптасқан. Мысалы сиырдың қан сарысуында бруцеллезге қарсы
антидененің агглютинация реакциясындағы титрі 1:100-ден
жоғары болғанда
зерттеудің нәтижесі оң, яғни мал ауру деп есептеледі. Титрі 1:50 болса, зерттеудің
нәтижесі дүдәмал, ал 1:25 және одан төмен болса реакцияның нәтижесі теріс, яғни
мал сау деп есептеледі.
Антиденелерді айқындау арқылы жұқпалы ауруларға серологиялық диагноз
қойғанда кей жағдайда жұп сарысу әдісі қолданылады. Бұл әдісті қолдану үшін
тексеретін малдан арасына екі аптадай үзіліс салып екі мәрте қан алады. Егер
соңғы зерттеу кезіңде алдыңғысымен салыстырғанда, антидененің титрі 4 есе
немесе одан да жоғары артса, диагноз қойылады деп есептелінеді. Егер титрі
бұрынғы мөлшерде сақталса немесе 2 есе ғана артса, зерттеудің нәтижесі дүдәмал
болып есептеледі. Ал
титрдің төмендеуі, оның бұрынғы аурудан, әлде вакцина
егуден немесе айқыш иммунитеттен қалған анемнездік жадылық реакция ретінде
бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: