Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК



Pdf көрінісі
бет31/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   146
вирус

Індеттік ерекшеліктері. Аусылға бейім жануарлар: сиыр, шошқа, қой, ешкі, буйвол, 
қодас, түйе, бұғы және көптеген тағы ашатұяқтылар (сайғақ, бұлан, елік). Бірлі-жарым бұл 
ауруға ит пен мысық, қоян мен егеуқұйрық, тіпті кірпі де шалдығатыны туралы хабарлар бар. 
Ең сезімтал жанурларға сиыр мен шошқа жатады. Кей жағдайда, ауру малды бағып күткенде, 
аусылмен адам да ауырады. Жас малдың бейімділігі ересек малдан гөрі жоғары және оларда 


ауру ауыр түрінде өтеді. 
Аусылдың қоздырушысының бастауы – ауырған, оның ішінде аурудың жасырын 
кезеңіндегі және вирус тасымалдаушы мал. Мұндай жануарлар вирусты сыртқы ортаға сүтімен, 
сілекейімен, несебі және нәжісімен бөліп шығарады. Бұның нәтижесінде қора-жай, әртүрлі 
құрал-саймандар, жайылым, жем-шөп, суат, көлік жабдықтары, т.б. ластанады. 
Вирус жанурлардың денесіне негізінен жемшөп және сумен бірге, әртүрлі ластанған 
заттарды жалаған кезде ауыздың кілегей қабығы, желін мен сирақтың зақымданған терісі 
арқылы немесе ауру малмен бірге тұрғанда аэрогендік жолмен енеді. 
Аусылдың таралуына көп жағдайда шаруашылық экономикалық байланыстар, малды 
өсіру ерекшеліктері, мал басының тығыздығы, халықтың жүріп-тұруы, мал азығын дайындау, 
мал өнімдерін сақтау, тасымалдау, өңдеу және т.б. жағдайлар әсер етеді. Алыстағы 
жайылымдарға малды айдау кезінде аурудың таралуы жылдамдайды. Ет және сүт өңдейтін 
мекемелер аусылдың таралуына көп әсер етеді. 
Аусылдың вирусын тасымалдауда адамның атқаратын ролі зор. Ол малмен жанасады және 
бір жерден екінші жерге жүріп-тұру, жол жүру арқылы үлкен қашықтықтарға ауру таратады. 
Вирусты механикалық жолмен әртүрлі көлік, құс пен басқа да оған бейім емес жануарлар, оның 
ішінде тағы жануарлар мен әртүрлі жәндіктер тасымалдайды. Таралу жолдарының көптігі 
аусылдың әрбір білінген кездерінде мұқият талдау жасап, одан ары тарамауы үшін шұғыл 
шаралар жүргізуді талап етеді. 
Аусыл кең жайылған індет ретінде жылдың әр мезгілінде, оның ішінде күздің аяғы, 
қыстың басында жиірек байқалады. Әдетте індет 5-8 жылда, кей жерлерде 2-3 жылда 
қайталанады. 
Дерттенуі. Вирус денеге ауыз бен тыныс жолдарының кілегейлі қабығы арқылы енеді. 
Вирустың алғашқы репродукциясы 18 сағат өткеннен соң-ақ жұтқыншақтың кілегей 
қабығында, бас пен мойынның сөл түйіндерінде байқалады. Вирустың енген жерінде алғашқы 
күлдіреуік пайда болады. Бастапқы орын тепкен жерінен вирус сөл жолдары арқылы қанға, 
одан кейін лимфоидты-макрофагтық жүйенің ағзаларына өтеді. Онда вирустың мол мөлшерде 
шоғырланып, инфекция ошағын түзуіне қолайлы жағдай болғандықтан бұл сәт қайтадан 
өрбитін виремияның алғы кезеңі болып табылады да, клиникалық тұрғыдан дененің ыстығының 
көтерілуімен, жүні жоқ жерлерде (қаңсар, мұрын тесігі, желін), кілегейлі қабықтарда (ауызда, 
өңеште, таз қарында, қынапта) және тұяқ көбесі мен тұяқ ашасының терісінде күлдіреуіктер 
пайда болуымен ерекшеленеді. Әдетте бұның бәрі қағынғаннан соң 48 сағат өткенде, немесе 
одан сәл кешірек байқалады. 
Миотроптық (етке бейімділік) қасиетіне байланысты вирус жүрек және борша еттеріне 
бекініп, оларды түрлі зақымға ұшыратады. Кейде дертке орталық жүйке жүйесі де шалдығады. 
Ауру жайлы өткенде шамамен денені жайлағанына төрт күн толғанда антиденелер түзіле 
бастайды да, дененің ыстығы қайтып, вирустың бөлінуі азайып, жануар жазыла бастайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет