Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК



Pdf көрінісі
бет34/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   146
вирус

Иммунитет. Аусыл вирусы жұққаннан кейін екі күн өткен соң орны шектелген торшалық 
иммунитет пайда болады да, ол бойды жайлаған күлдіруіктер шыққан сәтте әбден күшейеді. 
Ауру жұққан соң 5 күн өткенде гуморалдық антиденелер пайда болады, олардың қорғаныс 
қасиеті бар. Иммунитеттің ұзақтығы 1 жылдан 4-5 жылға дейін, ол бейтараптаушы антиденелер 
жойылғаннан кейін де сақталады. Иммунитет жұққан вирустың қасиеттеріне және мал 
организмінің иммунологиялық икемділігіне байланысты. Ол әрқашан да себепкер вирустың 
нақтылы типіне қарсы бағытталады, ал бір типтің әртүрлі варианттарына қарсы айқыш 
иммунитет пайда болады. Бір типке қарсы қалыптасқан иммунитет вирустың басқа типтерінен 
қорғай алмайды, тек иммунитет өте күшті болса ғана вирустың басқа типтерінен қорғай алады. 
Бірақ іс жүзінде мұндай иммунитеттің практикалық маңызы шамалы. 
Уыз арқылы берілетін колостральдік иммунитет жақсы дамыған. Жас бұзауларда мұндай 


иммунитет 2-3 аптадан кейін әлсірей бастайды да, 2-3 айлық кезеңге дейін сақталады. 
Реконвалесцентердің қаны мен қан сарысуы арқылы қалыптасқан енжарт иммунитеттің 
ұзақтығы 10-12 күннен аспайды. 
Қазіргі уақытта аусылға қарсы лапинденген моновалентті алюминий су тотықты 
формалвакцинасы қолданылады. Оны вирусты 2-3 күндік көжектің денесінде өсіру арқылы 
даярлайды. Сонымен қатар үш валентті ірі қара тілінің эпителийінде Френкельдің әдісімен 
өсірілген А, О, С типтерінің вакцинасы пайдаланылады. Қой мен сиырдың аусылын дауалау 
үшін екі валентті өсіндік вирустан даярланған вакцина, шошқа үшін – лапинденген вирустан 
май қосып даярланған вакцина бар. Егілген малда иммунитет 2-3 апта өткен соң қалыптасып, 
бір рет еккенде 4-6 ай, екі рет еккенде 6айдан артық уақыт сақталады. 
Дауалау және күресу шаралары. Аусылға қарсы шараларды үнемі жетілдіріп, жүйелі 
түрде жүргізудің нәтижесінде үлкен территориялардың бұл аурудан тұрақты түрде сау болуы 
қамтамасыз етіледі. Бұған қарамастан кейбір өлкелерде аусылдың індет ошақтары сақталып, 
тиісті шаралар қолданылмаса аурудың тарап кету қаупі орын алуда. 
Аусылмен күрес бұл аурудан таза, ветеринариялық қызмет жоғары дәрежеде қойылған 
елдерде (АҚШ, Канада, Жапония, Австралия) аусылмен ауырған немесе ауру жұқты деп 
күдіктенген сау емес ферма немесе шаруашылықтағы барлық ауруға бейім малдарды сойып 
(стемпинг-аут), мұқият дезинфекция жүргізіп, індет ошағын толық зарарсыздандыру арқылы 
іске асырылады. Басқа елдерде, негізінен Еуропада бұл шаралармен қоса ауруға бейім 
жануарларды вакциналау қолданылады. Азия, Африка, Оңтүстік Американың бірқатар 
елдерінде бейім жануарларды егіп, шектеу – карантин, ветеринариялық-санитариялық шаралар 
іске асырылады да, ауырған және ауырып жазылған малды сою сирек қолданылады. 
Біздің елде аусылға қарсы күрес шараларына шекаралас бұл аурудан сау емес 
мемлекеттерден ауру мал әкелуге жол бермеуге бағытталған. Ол үшін әкелінетін мал, мал 
өнімдері мен шикізатқа қатаң бақылау жүргізіп, айнала иммунді аймақ қалыптастырылады. 
Аусылдың мүмкін болатын табиғи қопламалары (мысалы, киіктер арасында) есепке алынып, 
одан ауруды үй жануарларына жұқтырмау шаралары қарастырылады. 
Аусыл байқалған сәтте сау емес шаруашылыққа не елді мекенге карантин енгізіліп, қатер 
төнген территорияны анықтайды. Ауданның, облыстың шаруашылық әрекеттеріне шектеу 
қойылады. Бұл шектеу бойынша малды, мал өнімдерін шетке шығаруға тиым салынып, оларды 
дайындау мен пайдаланудың ерекше тәртібін белгілеп, жеке және қоғамдық көліктің 
қозғалысына уақытша тиым салынуы мүмкін. 
Індет ошағын шектеп, оған тәулік бойы кезекшілік тағайындайды. Жолдарды жауып
шлагбаум орнатады. Барлық ауырған малдарды оқшаулап, емдейді. Ауру мал тұрған қораны 
күн сайын, басқаларын үш күнде бір рет 2% күйдіргіш натрий ерітіндісімен дезинфекциялайды. 
Аусылдан сау өлкеде ең алғаш ауруға шалдыққан малдарды сол жердің өзінде тиісті 
ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтай отырып сояды. Етті шаруашылықтың өзінде 
пайдаланылады, оны шикідей шетке әкетуге тиым салынады. Сүтті қайнатқан немесе 
пастерлеген соң ғана әкетуге болады. 
Аусылға қойылған карантин ең соңғы ауырған мал жазылған немесе сойылған соң 26 күн 
өткенде алынады. Карантин аларда барлық қораларды, аулаларды, саймандар мен көлікті 
мұқият қорытынды дезинфекциялайды. Карантин алынған соң да шектеу сақталынады. Шектеу 
шаралары бойынша бір жылға дейін ауырып жазылған малды шетке шығаруға болмайды. 
Ауырып 
жазылған бұқаның шәуетін үш айға дейін пайдалануға болмайды. Ауырған мал жайылған 
жайылым бір жылға дейін пайдаланылмайды. Шаруашылыққа аусылға қарсы егілген малды 
ғана, егілген соң 23 күн өткенде әкелуге рұқсат етіледі. 
Атаулар мен ұғымдар 
Аусыл, ящур, Aphtae epizooticae, FMD (ефемди) – foot an mouth disease, автоирус және 
оның типтері: О, А, С, САТ-1, САТ-2, САТ-3, Азия-1, афта, күлдіреуік. Аусылға қарсы 
вакциналар: ламинденген, өсіндік, Френкельдің, бір валентті, екі валентті. Стемпинг-аут әдісі. 
Бақылау сұрақтары 
1.Ауруға қатысты өзекті мәселелер саналатын негізгі мәліметтер: аурудың атауы мен 
анықтамасы, тарихи деректер, қоздырушысы, індеттік ерекшеліктері, дерттенуі, өтуі мен 


симптомдары, патологоанатомиялық өзгерістер, балау, емі, иммунитет, дауалау және күресу 
шаралары. 
2.Аусылдың вирусын айқындау үшін қандай серологиялық реакциялар қолданылады? 
3.Аусылға қарсы қандай жағдайда вакцина қолдану, қандай жағдайда стемпинг-аут 
қолдану тиімді? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет