Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК


Патологоанатомиялық өзгерістер



Pdf көрінісі
бет33/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   146
вирус

Патологоанатомиялық өзгерістер. Ірі қарада аусылға тән патологиялық өзгерістердің ең 
бастысы – ауыз қуысында, желінде және сирақтарда кездесетін күлдіреуіктер. Кейде 
күлдіруіктер мен қызылшақаланған орындар өңештің, таз қарын мен жалбыршақ қарынның 
кілегейлі қабығында кездеседі. Жүрек қабында транссудат жиналып, миокардта өліеттенген 
ақсары нүктелер кездеседі (жолбарыс терісі сипатты немесе "тарлан" жүрек). Жүректегі мұндай 
өзгеріс әсіресе бұзауларда жиі ұшырасады. Сонымен қатар малдың бұл түлігінде 
геморрагиялық аурудың негізгі белгілерінің қатарына жатады. Аусылдың денені жайлаған 
(генерализацияланған) түрінде сірі қабықтар (көкірек пердесі, құрсақ пердесі) қанталап, 
үлпершек ағзаларда дегенеративтік өзгерістер байқалады. 
Балау. Аусылға диагноз қою үшін індеттанулық деректер, клиникалық белгілері және 
зертханалық зерттеулердің нәтижелері пайдаланылады. Аусыл ең алғаш байқалғанда міндетті 


түрде қоздырғыш вирусты бөліп, оның типі мен вариантын анықтайды. Ол үшін кемінде 5 г. 
афтаны тең мөлшерде алған таза глицерин мен рН 7,4-7,6 фосфат буферінің қосындысынан 
даярланған консервантқа салып зертханаға жібереді. 
Аусылдың вирусын айқындау үшін комплемент байланыстыру реакциясы (КБР), 
диффузиялық преципитация реакциясы (ДПР), қосалқы гемаглютинация реакцтясы (ҚГАР), 
комлпемент байланыстыруды тежеу реакциясы (КБТР), торшалар өсіндісінде вирусты 
бейтараптау реакциясы (БР) қолданылады. Бұл реакцияларда аусыл вирусының барлық типтері 
мен варианттарының лапинделген штамдарынан даярланған инфекциялық қасиеті жоқ 
антигендер қолданылады. Ал ҚГАР-да танинденген, формалинденген гипериммунды қан 
сарысуымен сенсибизацияланған қойдың эритроциті (антиденелік диагностикум) қолданылады. 
Аусыл вирусының типтері мен варианттарын айқындау үшін биосынама да қолданылады. 
Қазіргі уақытта бұл мақсатта ірі қара өте сирек пайдаланылады да, әдетте 4-6 күндік бала 
тышқандарды, салмағы 500 г. кем емес теңіз тышқанын немесе ұлпа өсіндерін жұқтырады. 
Жұқтырған кезде тәжірибе екі бағытта жүргізіледі: бірінде вируспен қатар өзіне тән қан 
сарысуын жіберіп, екіншісіне қан сарысуы жіберілмейді. Қан сарысуымен қорғау деп аталатын 
бұл әдіс вирусты айқындау және вирусқа қарсы иммунитетті зерттеу үшін қолданылады. 
Ажыратып балау. Сиырда жұқпайтын стоматиттен, шешектен, зілді катарлы қызбадан
обадан, везикулярлық стоматиттен, вирустық диареядан, қойда некробактериоздан (сарып), 
шошқада везикулярлық аурудан ажырату керек. 
Кей елдерде кездесетін везикулярлық стоматит аусылға өте ұқсас, ауырған малдың сирағы 
зақымдалады. Бұл аурумен сиырмен қатар жылқы мен есек те ауырады. Оның вирусына ересек 
тышқан сезімтал, ал аусылдың вирусына жаңа туған тышқан сезімтал келеді. Шошқаның 
везикулярлық ауруы кезінде басқа мал түліктері ауырмайды. Жұқпайтын везикулярлық 
стоматит бұзылған жем-шөптен болады да, ауырған малдан сау малға тарамайды. Шешек 
кезінде күлдіреуік желінде ғана болады, ал вирустық диарея, зілді катарлы қызба мен сиырдың 
обасы кезінде тұяқтың көбесі мен тұяқ ашасы зақымданбайды. 
Емі. Ауырған малды жедел оқшаулап, жақсы жағдай жасайды. Ұмсақ жемшөп береді. 
Құнарлы жемді, шырын тамырлы және түйін тамырлы мал азығын қайнатып береді. Аузын 2 % 
сірке қышқылының, 1 % бор қышқылының, 1:1 000 калий перманганатының, 1:5 000 фурацилин 
ерітінділерінің бірімен оқтын-оқтын шаяды. Күлдіреуіктің орнына 2,5 г. новакаин, 2,5 г 
анестезин, 5 г тотыяйын, 20 г балық майы және 70 г вазелиннен тұратын қоспа жағады. Болмаса 
ол үшін иод глицерин, 2 %-ы алюминий ашудасын (квасцы) пайдаланады. Тұяқтарын мұқият 
тазалап, зақымданған көбесіне қара май мен балық майының тең қоспасын, Вишневский 
линиментін, 10 % креолин, 5-10 % ихтиол майларын жағады. 10-20 % формалин ерітіндісімен 
күйдіруге де болады. Егер аяғы ақсаған мал көп болса оларды 1 % тотыяйын, 5 % формалин, 2 
% хлорамин ерітінділерінің бірінен даярланған аяқ ваннасы арқылы жүргізіп өткізеді. Ауру 
сепсис болып асқынса вена ішіне 0,5 % новокаин ерітіндісін, 0,5 мл/кг есебінен жібереді, 
антибиотиктер тағайындайды. 
Сауын сиырлардың желінін мұқият күтіп, зақымданған терісіне синтомицин эмульсиясын, 
новокаинді май жағады. Қатты ауырған малды, әсіресе бұзауларды реконвалесценттердің 
(аусылмен ауырып жазылған) қаны не қан сарысуымен емдеу жақсы нәтиже береді. Бұл 
мақсатпен ауырып жазылған немесе иммунденген сиырдың сүтінен даярланған иммунолактон 
қолданылады. Дұрыс күту, күлдіреуікпен зақымданған жерлерін дезинфекциялаушы ерітінділер 
мен майлар арқылы домдау, бүкіл организмніңқуатын арттыру үшін иммундік және басқа да 
дәрмектерді қолдану ауырған малдың сауығуына кепіл бола алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет