Аурудан сау емес мал отарлары мен табындары тұрақты бақылауда болып күніне үш рет
ветеринариялық тексеруден өтеді. Ауру жұқтыру қаупі бар бағалы жануарларды (таланған
немесе ауру жануарлармен жанасқан) егуге рұқсат етіледі. Мұндай жануар 60 күн бойы
оқшауланып, бақылауда болады. Ауру белгісі жоқ малды союға рұқсат етіледі. Оңдай малды
шарушалықтың өзінде сойып, етін жалпы ережеге сәйкес пайдаланады. Клиникалық тұрғыдан
сау сиырдың сүті қайнатқаннан немесе пастерлегеннен соң пайдаланылады. Құтырықтың
шығуына байланысты енгізілген барлық шектеу шаралары ең соңғы ауырған жануар өлгеннен
немесе сауыққаннан соң 2 ай өткеннен кейін алынады.
Достарыңызбен бөлісу: