Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК


Емі. Құтырған жануарды емдемейді, тез арада өлтіреді, өйткені оның адамға ауру  жұқтыру қаупі зор.  Иммунитет



Pdf көрінісі
бет39/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   146
вирус

Емі. Құтырған жануарды емдемейді, тез арада өлтіреді, өйткені оның адамға ауру 
жұқтыру қаупі зор. 
Иммунитет. Құтырған жануар іс жүзіңде қайта қатарға қосылмайды, ауруға қарсы 
жасанды белсенді иммунитет тудырудың практикалық маңызы аса зор. Сонымен қатар иммунді 
қан сарысуы арқылы құтырық вирусіне қарсы енжар иммунитет қалыптастыруға да болады. 
Ит пен мысықты құтырыққа қарсы егу үшін қойдың миынан даярланған құрғақ 
антирабикалық фенол вакцинаны қолданады (В.П. Назаров, 1957). Бірақ бұл вакцинаның 
иммуногендік күші басқа жануарлар үшін әлсіз. Ауыл шаруашылық малдарын, әсіресе сиырды 
егу үшін осы препараттың біршама жетілдірілген түрі АЗВИ антирабикалық тірі вакцинасы 
пайдаланылады. Соңғы кезде өлтірілген өсінді вакциналар шығарыла бастады. 
Дауалау және күресу шаралары. Құтырықтың алдын алу үшін бірнеше мамандық 
иелерінің, тұрғыңдар мен әкімшіліктің үйлестірілген іс әрекеттері қажет. Барлық иттерді есепке 
алып, иесіз жануарларды жою керек. Иттер жыл сайын егіліп, егілмеген иттерді аң аулауға
күзетке, мал бағуға пайдалануға тиым салынады. Аңшылық және орман шаруашьшығының 
қызметкерлері жабайы аңдардың арасында құтырыққа күдік тудыратын жағдай болса, 
ветеринария мекемелеріне хабарлауы, өлген жыртқыштардың өлексесін лабораторияға 
тексеруге жеткізуі керек. Жабайы жыртқыштардың санын реттеп, шектен тыс көбеюіне жол 
бермей, артығын атып отыру қажет. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне 
қарағанда түлкінің орналасу тығыздығы 10 км
2
жерге 1-2-ден асырмай шектегенде құтырықтың 
таралуы тоқталады. 
Үй жануарларын құтырықтан сақтандыру шаралары оларға жабайы жыртқыштардың 
шабуына жол бермеу, күзет үшін егілген иттерді ғана пайдалану болып табылады. Құтырықтың 
табиғи ошақтары бар жерде жайылымда бағылатын ірі қараны бұл ауруға қарсы егу керек. 
Құтырық шыға қалған жағдайда сол жердегі елді мекен, жайылым, орман-тоғай, немесе 
басқа табиғи қорық осы аурудан сау емес деп жарияланады. Итті далаға шығаруға, көрмесін 
ұйымдастыруға, ит пен мысықты басқа жаққа әкетуге, жабайы ет қоректілерді ұстап алуға және 
басқа жаққа әкетуге тиым салынады. Елді мекендегі үйлер мен қора-жайды түгелдей аралап, 
егілуге мұқтаж адамдарды анықтап, барлық жануарлардың есебін қайта алып, оларды бағып-
күтудің ережелерін түсіндіру керек. Табиғи құтырық байқалғанда жылдың қай мезгілі 
болмасын жабайы жыртқыштарды атып, санын шектеу үшін шаралар қолданады. Құтырған 
жануарларды жедел өлтіріп, өлекселерін өртейді немесе тиісті ережелерге сәйкес жояды. 
Құтырғаны дүдәмәл жануарларды да жояды. Тек қана кісіні қапқан ит пен мысықты 
өлтірмей, оқшаулап 10 күн бойы ветеринариялық бақылауда ұстайды. Егер бұл уақытта кісіні 
тістеген жануарда құтырықтың белгісі білінбесе, оның тісі тиген адам сау деп есептелінеді. 
Ауырған жануар тұрған қора-жай 10 % күйдіргіш натриймен, немесе 4 % 
формальдегидпен дезинфекцияланады. Арзанқол күту жабдықтары, жемшөп қалдықтары, көң 
өртелінеді. Жануарлардың бөлінділерімен ластанған топырақ құрғақ хлорлы әкпен 
араластырып, қопсытылады да, дезинфекциялаушы ерітінді құйылады. 


Аурудан сау емес мал отарлары мен табындары тұрақты бақылауда болып күніне үш рет 
ветеринариялық тексеруден өтеді. Ауру жұқтыру қаупі бар бағалы жануарларды (таланған 
немесе ауру жануарлармен жанасқан) егуге рұқсат етіледі. Мұндай жануар 60 күн бойы 
оқшауланып, бақылауда болады. Ауру белгісі жоқ малды союға рұқсат етіледі. Оңдай малды 
шарушалықтың өзінде сойып, етін жалпы ережеге сәйкес пайдаланады. Клиникалық тұрғыдан 
сау сиырдың сүті қайнатқаннан немесе пастерлегеннен соң пайдаланылады. Құтырықтың 
шығуына байланысты енгізілген барлық шектеу шаралары ең соңғы ауырған жануар өлгеннен 
немесе сауыққаннан соң 2 ай өткеннен кейін алынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет