Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК


 тақырып. ВИРУСТАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК



Pdf көрінісі
бет69/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   146
вирус

1 тақырып. ВИРУСТАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК 
ТЕХНИКАСЫ 
 
Сабақтың мақсаты: вирусологиялық зертхананың құрылғысымен 
танысу; құрамында вирусы бар материалмен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздікті 
қамтамасыз ететін талаптар мен негізгі ережелерді меңгеру. 
 
Сабақтың материалдық қамтамасыз етілуі: ламинарлық бокс, 
термостат, тоңазытқыш, центрифуга, зертханалық ыдыстар, микроскоптар, 
қауіпсіздік техникасы журналы. 
 
Құрамында вирусы бар материалмен жұмыс істеуге қойылатын 
талаптар. Құрамында вирусы бар материал үш негізгі талапқа сәйкес 
жүргізілуі керек. Біріншіден, вирустардың қоршаған ортаға таралуына тыйым 
салынады; екіншіден, құрамында вирусы бар материалдың бөгде 
микрофлорамен ластануына (контаминациясына) жол берілмейді; үшіншіден, 
жеке қауіпсіздікті сақтау талап етіледі. 
Вирусологиялық зертхананың құрылымы. Бұл талаптарды орындау 
үшін олар мамандандырылған вирусологиялық зертханаларда (бөлімшелерде) 
вирустармен жұмыс істейді, оларда биологиялық материалдан және қоршаған 
орта объектілерінен вирустарды бөліп алу, вирустық антигендердің түрлерін 
және олардың қасиеттерін анықтау, вирусқа қарсы антиденелерді анықтау үшін 
қан сарысуына және басқа биологиялық сұйықтықтарға зерттеулер жүргізеді. 
Мұндай зертханалардың құрылымы және оларда жүзеге асырылатын қызмет 
түрлері 
микробиологиялық, 
вирусологиялық 
және 
паразитологиялық 
зертханаларды (СанПин) жобалау мен жұмыс жағдайларына қойылатын 
санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келуі және оларға 
жүктелген міндеттермен айқындалуы тиіс. 
Вирусологиялық зертхана (бөлімше) жұмыс істейтін қызметкерлерді, 
тұрғындарды және қоршаған ортаны вирустар мен басқа да патогенді 
биологиялық агенттердің (ПБА) әсерінен қорғауға бағытталған толық 
биологиялық қауіпсіздік қамтамасыз етілетін жеке ғимаратта орналасуы керек. 
Зертханада орталықтандырылған сумен жабдықтау, канализация, электр 
және газбен жабдықтау, орталықтандырылған жылу және ыстық сумен 
жабдықтау, желдету, механикалық ауа алмастырғыш желдеткіші бар бокстар
виварий, автоклав бөлмесінің болуы керек. Зертханада екі кіреберістің болуы 
шарт – біреуі қызметкерлерге арналған, екіншісі зерттеуге келетін материалға 
арналған. Қызметкерлерге кіре берісте санитарлық бақылау пункті 
қарастырылған. 
Зертханалық бөлмелерде табиғи және жасанды жарықтандыру болуы 
керек. Люминесцентті микроскоппен жұмыс жүргізілетін бөлмеде, фото 
кабинетте, душ кабиналарында, санитарлық тораптарда, қойма бөлмелерінде 
табиғи жарықтандыру қарастырылмайды. Бокстардың терезе қаптамалары 
тығыздағыш материалдардан жасалуы керек. Еден, қабырғалар, төбе тегіс, 
тазалауға оңай, дезинфекциялық заттарға төзімді болуы шарт; едендер тайғанақ 
болмауы қажет. Зертхана бөлмелеріне кеміргіштер мен жәндіктер кіре 


алмаулары керек. 
Егер жұмыс I және II патогенді топтарға жататын вирустармен 
жұқтырылған немесе күдікті материалмен жұмыс жүргізуге арналған 
зертханалар үш аймаққа, яғни «инфекциялық», «шартты таза» және «таза» 
аймақтарға бөлінеді. 
«Инфекциялық» аймақта барлық зерттеулер өзара байланысты қауіпсіздік 
бокстар жүйесінде – стерильді жағдайларда зерттеулер жүргізуге арналған 
арнайы герметикалық құрылымдарда жүргізіледі. Бокстар көрінетін (әйнек 
есіктер немесе бүйір қабырғалар арқылы) болуы керек және қол жууға арналған 
раковинасы және дезинфекциялық ерітінділер құйылған ыдыстары бар 
қабылдау бөлмесі болуы керек. «Инфекциялық» аймаққа кіру душ бөлмесі 
немесе шлюзі бар санитарлық бақылау пункті арқылы жүзеге асырылады, онда 
қорғаныс киімдері – мақтадан жасалған маталардан дайындалған пижамалар, 
стерильді халаттар, шарфтар, маскалар киіледі. Жұмыс кезінде шлюзде 
бактерицидтік шамды қосу қажет. «Инфекциялық» аймаққа кіре берісте есіктері 
автоматты түрде бұғатталатын өтпелі (проходной) автоклав орнатылуы қажет. 
Апаттық дыбысты немесе жарықты сигнализация бокс бөлмесінен 
қызметкерлер отыратын бөлмеге шығарылады. Бокс бөлмелерінде зертханалық 
жануарларды жұқтыру және өлекселерді жарып-сойып тексеру жұмыстары 
жүргізіледі; центрифугалау, материалды ультрадыбыстық дезинтергациялау 
және ұсақ дисперсиялы аэрозольдердің түзілуімен жүретін басқа да 
операциялар орындалады; жасуша өсінділері мен тауық эмбриондарын 
жұқтыру; құрамында вирусы бар суспензияны дайындау; тірі вирустармен 
серологиялық зерттеулер жүргізу; вирустардың коллекциялық штамдарымен 
жұмыс жасау, вирустарды лиофилизациялау және басқа да зерттеулерді 
жүргізу. 
Зертханада әртүрлі зертханалық жануарларды ұстауға және оларды 
көбейтуге, зерттеулерді жүргізуге арналған виварий болады. 
Зертханадан шыққан қалдықтарды дезинфекциялық ерітіндіге батыру, 
автоклавтау 
немесе 
өртеу 
арқылы 
залалсыздандырады. 
Залалсыздандырылмаған сұйықтықтарды канализация желісіне ағызуға, ал 
қатты қалдықтарды арнайы контейнерлерге тастауға болмайды. 
«Таза» аймақ зертханасы бірнеше бөлмелерден тұрады. Мұнда вирус 
жұқтырылған және басқа микроорганизмдермен ластанған немесе күдікті 
материалдардың қабылданбауы тиіс. 
Вирусологиялық зертханада жұмыс істеу барысында асептика және 
антисептика ережелерін қатаң сақтау қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет