мишығын, әр жерінің жұлынын алғаннан кейін, олардан гистологиялық препараттар дайындап,
гемотоксилин-эозинмен бояйды. Көпшілік жағдайда (70-93%) орталық жүйке жүйесінде
лимфоцитарлық энцефаломиелит пен ганглиозды жасушалардың дистрофиясы байқалады.
Лимфа бездерінен, жүрек бұлшық еттері мен бүйректен дайындалған кесінділерде жасушалар
ядросының ішінен ядрошықтардан бірнеше есе кіші, ұсақ ацйдофильді денешіктер көрінеді.
Вирустардың серологиялық идентификациясында иммунды флуоресценция,
жанама
гемагглютинация, диффузиялық преципитация, иммунды электрофорез, пероксидазалық
байланыстарды бейтараптау, полимеразалық тізбекті реакциялар мен иммунды ферменттік
талдау әдістері қолданылады. Шошқалардың африкалық обасының ретроспективті балауында
комплементті байланыстыру, диффузиялық преципитация, иммунды флуоресценция және
бейтараптау реакцияларының көмегімен іске асырылады
АСА ПАТОГЕНДІ ҚҰС ТҰМАУЫ
(Grippus /influenzae/ galli)
Аса патогенді құс тұмауы (құстардың обасы, инфлуэнца) – жіті түрде өтетін,
респираторлы мүшелері, асқазан-ішек жолдары мен орталық жүйке жүйесінің зақымдалуымен
сипатталатын, құстардың өлімге ұшырауымен аяқталатын өте қауіпті және аса жұғымтал індет.
Ауру қоздырушысы
РНҚ-лы бар вирустар тобына,
Ortomyxoviridae тұқымдастығына,
Influenzavirus туысына жатады. Вирус құрамында 10 құрылымды белоктар бар, ортасында 8
фрагменттен тұратын бір жіпшелі РНК орналасқан, сфера пішінді, көлемі 80-120 нм болады.
Құс тұмауының аса патогенді штамдарының барлықтары А типіне, H5 және H7 тип
тармақтарына жататындығы анықталған. Гемагглютинин жағынан 16 түрлі және нераминидаза
ферменті бойынша 9 түрлі серологиялық варианттары белгілі. Үй құстарына қауіпті болып
H7N7 және H5N1 штамдары саналады. Аталмыш вирус штамдарымен зақымдалған құстар
жаппай қырылып қалады. Құс тұмауы вирусының рекомбинациялануына қарай қоздырушының
құрылымы ғана өзгеріске ұшырап қоймай, олардың биологиялық қасиеттері (РНҚ-ның кейбір
учаскелері) де өзгеріске ұшырап отырады. Осыған байланысты организмде түзілген
антиденелер екінші рет енген вирусқа қарсы тұра алмайды. Осындай құс тұмауы вирусының
мутанттары адамдар үшін өте қауіпті болып келеді.
Құстар тұмау вирусының резервуары болып есептеледі. Себебі құстардың организмінде
вирустар рекомбинацияланып, патогенділік қасиеттері өзгеріске ұшыраған әр түрлі
варианттары
пайда болып, құстардың көптеген түрлерінде, сүт қоректілер мен адамдар
арасында әр түрлі клиникалық белгілерімен сипатталатын, түрлі атаулармен аталатын
ауруларды қоздырады. Кейінгі кезде ол аурулардың барлықтарын бір қоздырушының, яғни құс
тұмауы вирусының тудыратындығы дәлелденіп отыр. Оларды бір-бірінен ажырату
қоздырушының қасиеттерін анықтауға, биосынамалар мен иммунитетін тексеру нәтижелеріне
негізделеді.
Тұмау вирусының негізгі компоненттері: вируленттік қасиеттеріне жауапты, А типіне тән,
комплементті байланыстыру реакциясымен анықталатын – S-антигені (РНҚ+полипептид);
қоздырушының серологиялық вариантын анықтайтын, вирустың иммуногендік және антигендік
белсенділіктеріне жауапты, ГАТР, ЖГАР және БР арқылы анықталатын – V-антигені
(гемагглютинин); вирустың нейраминидаза серотипін бейнелейтін, көбеюі кезінде жасушадан
шығуы мен вируленттілік қасиетіне жауапты, нейраминидаза белсенділігін тежеу реакциясымен
анықталатын (НБТР) – нейраминидаза ферменті болады.
Біздің жүргізген зерттеулеріміздің нәтижесінде құс тұмауы вирусының А типінің H5N1
штамы антигенінің құрамында иммунды ферменттік талдау мен диффузиялық преципитация
реакциясында телімді антиденелермен белсенді түрде байланысқа түсе алатын 4
белок
фракцияларының болатындығы анықталды (2007).
Тұмау вирусы құстардың саңғырықтарында, ұлпаларда және суда бір жылға дейін
сақталады. +56
о
С температурада 3 сағат, ал +60
о
С-де 30 минутта инактивацияланады.
Сілтілердің, қышқылдардың, тотықтырғыштар мен құрамында йоды бар ерітінділердің әсерінен
зиянсыздандырылады
Аса патогенді құс тұмауын балау эпизоотологиялық деректерге, клиникалық белгілеріне,
патологоанатомиялық өзгерістеріне, зертхана жағдайында жұқтырылған 9-11 күндік тауық
эмбриондарын гемагглютинация мен диффузиялық преципитация реакцияларының көмегі
арқылы вирустың А типін, тип тармақтарын растауға, вируленттілік дәрежесін бағалау үшін 4-8
күндік балапандарға жұқтыру арқылы анықтауға, вирустарды боліп алуға және оларды
идентификациялауға негізделген.
Клиникалық балауы. Тұмау вирусына шалдыққан құстарда аурудың жасырын кезеңі 3
күннен 5 күнге дейін созылады. Ауру респираторлы, ішекті, нервті және аралас формада өтеді.
Аурудың клиникалық белгілері әр түрлі: дене қызуы қатты жоғарлайды, қысылады, азыққа
тәбеті
болмайды, шөлдейді, құстар тұмсықтарын ашып, қиналып тыныс алғанда шикылдаған,
қырылдаған дыбыс шығарады, мойындарын созып алады, ауызы мен мұрынынан сұйықтық
ағады, қауырсындары үрпиген болады, конъюнктивит, түшкіреді, тұншығады, қозғалыс
координациясы бұзылады, мойындарын 180
о
С-қа бұрап шалқайтады немесе бүгіп алады, бас
аумағы ісінеді, тұмсығы
мен аяқтары гиперемияланады, тұмсығының мүйізді қабаттары
жарылып, қыртыстанған болады, айдарлары мен сырғалары көгеріп кетеді. Ауруға шалдыққан
тауықтардың жұмыртқалауы күрт төмендейді, құстардың 90-100%-ы өлімге ұшырайды. Өлімге
ұшыраған құстарда некроз байқалады және мумияға айналады, шешек ауруындағыдай
бөртпелер мен диарея (іш өту) кездеседі. Құстардың саңғырығы көпіршіктенген, сұйық, жасыл-
сарғылт түсті, қан араласқан болады.
Патологоанатомиялық балауы. Тұмау вирусына шалдыққан құстар кенеттен өлген
жағдайда патологоанатомиялық өзгерістердің байқалмауы мүмкін. Құстардың айдары мен
сырғалары қою-көк түсті, кейде қара түсті некротикалық ошақтар мен бөртпелер болады.
Нүктелі қан құйылған конъюнктивит, геморрагиялық трахеит, катаральды-геморрагиялық
энтерит, нефрит (бүйрек өзектеріне зәр тұздары жиналғандықтан) кездеседі. Көкірек қуысында,
терісінде, кілегейлі қабықшалары мен құрсақ майында петехиялар байқалады. Аналық бездері
қанталаған және дегенерацияланған, асқазан кілегей қабықтарына қан құйылған, клоакасы мен
терісі қабынған болады. Түйе тауықтар мен қаздарда аталмыш өзгерістер нашар байқалады, ал
ауру үйректер вирусты сыртқы ортаға таратқанымен, оларда клиникалық белгілері мен
патологоанатомиялық өзгерістері мүлде байқалмауы мүмкін.
Дифференциалдық балауы. Құстардың
тұмау вирусын пастереллезден, Ньюкасл
ауруынан, жұқпалы ларинготрахеиттен, жұқпалы бронхиттен, респираторлы микоплазмоз бен
гемофилезден ажырату қажет.
Зертханалық балауы.
Зерттеуге қажетті материал ретінде жаңадан өлген немесе
өлтірілген құстарды, клоака шайындысын, бас миын, өкпесін, көк бауырын, трахеясын,
ішектерін алып,
сұйық азотта қатырып, зертханаға жөнелтеді. Сонымен қатар, күдікті
құстардың қан сарысулары да алынады.
Достарыңызбен бөлісу: