Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК



Pdf көрінісі
бет65/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   146
вирус

Жітілеу ағымы 2-3 аптаға созылып, негізінен тыныс алу (кеуде түрі) және азық қорыту 
(ішек түрі) жүйелері зақымдалады. Өкпе зақымдалған жағдайда қрупозды қабыну өрбиді, 
шошқа қиналып тыныс алады, жөтеледі, кеудесін басқанда ауырсынады. Аурудың ішек түрінде 
тоқ ішек кілегейлі қабатының крупозды-дифтериялық қабынуы байқалады, іші өтеді, дене 
қызуы мезгіл-мезгіл көтеріледі, жануарлар арықтайды, әлсірейді, әзер қозғалады, көбіне бір 
орында жатып, шошқаның өлуімен аяқталады. Аман қалған шошқалардың іші өтуі тоқтап, 
бірте-бірте сауыға бастайды, бірақ олар 10 айға дейін вирус алып жүруші болады.
Аурудың созылмалы ағымы екі айға немесе одан да ұзақ уақытқа созылады. Бұл кезде 
шошқалардың оқтын-оқтын іші өтеді, мезгімезгіл қызуы көтеріледі, жөтеледі, арықтайды, терісі 
қыртыстанып, қабыршықтанады. Кейде құлақтары мен құйрығының ұштары өліеттенеді. 
Мұндай жануарлар толық сауықпай, бірнеше айлар бойы вирус алып жүруші болып, 
айналасындағы сау малдарға қауіп төндіреді.
Патологоанатомиялық балауы. Өлекседегі өзгерістер ауру ағымына, асқыну дәрежесіне, 
шошқаның жасына қарай әртүрлі болады.
Аурудың жіті ағымында ересек шошқалардың терісінде, сір және кілегейлі 
қабықтарында, лимфа бездерінде, ішкі органдарында қан құйылулар байқалады. Әсіресе 
көмекей, азық қорыту жүйесінің, қуықтың кілегейлі қабықтарында, көкірек пердесі мен бүйрек 


қабықшаларының астында қан құйылулар жиі кездеседі. Көкірек және құрсақ қуысының, бас 
аумағының лимфа бездері 2-3 есе ұлғайып, геморрагиялық қабынады, оларды кесіп қарағанда 
шұбарланған мәрмәр тасқа ұқсас болады. Көк бауыр ұлғаймайды, ұлпасы түйіршіктенген, шет 
жақтарынан қара-қызыл түсті ошақтар байқалады. Өкпе қанға толаған, крупозды қабынған 
болып келеді. Жүрек, бауыр, бүйрек бозғылт тартып, қан аздық байқалып, дистрофиялық 
өзгерістерге ұшырайды. Жас торайларда геморрагиялық өзгерістер бәсеңдеу болады, негізгі 
өзгерістер азық қорыту жүйесі мен бүйректе кездеседі.
Аурудың жітілеу және созылмалы ағымдарында негізгі өзгерістер ас қорыту және тыныс 
алу жүйелерінде байқалады. Кеуде түрінде өкпенің геморрагиялық өзгерістермен қатар 
крупозды қабыну, көкірек пердесінің серозды фибринді қабынуы және жүрек қабықшасының 
қабынуы болады. Өкпеде бауыр тәрізденіп өзгерген некротикалық ошақтар кездеседі. Жітілеу 
ағымының ішек түрінде крупозды-геморрагиялық гастрит пен энтерит, ал созылмалы түрінде 
тоқ ішекте крупозды-дифтериялық қабыну немесе некротикалық ошақтар (жаралар) байқалады. 
Жиі жағдайда ішекте обаға тән «бутондар» немесе олардың орындарында дөңгеленген шеттері 
томпайып, қатпарланған фоликулалы ойық жаралар пайда болады. Әдетте осындай қабынған 
ішек қалыңдап, көлденең орналасқан қыртыстар пайда болады. Торайлардың терісінде терісінде 
бөртпелер кездеседі.
Дифференциалдық балауы. Шошқалардың классикалық обасын шошқаның африкалық 
обасынан (үлгілерді міндетті түрде зертханаға жібереді), дизентериядан, сальмонеллезден, 
шошқа тілмесінен, пастереллезден, Ауески ауруынан, тұмаудан (инфлюэнца), вирусты 
гастроэнтериттен, энзоотикалық пневмониядан, стрептококкоздан және кумарин, госсипол, т.б. 
уланулардан ажырату қажет. 
Зертханалық балауы. Зерттеуге қажетті материал ретінде өлгеннен кейін 2 сағат 
аралығында немесе агональды жағдайда жатқан 2-3 жануардың миндалиналары, көмей мен 
шажырқай бездері, көк бауыр, бүйрек, мықын ішек кесінділері, қанын, аурудан сауыққан және 
күдіктілерінің қан сарысуларын стерильді ыдыстарға алады да, сыртын 5%-ды хлорамин 
ерітіндісімен өңдегеннен кейін дезинфекциялаушы ерітіндімен ылғалдандырылған дәкемен 
орап, полиэтиленді қалтаға, сосын ішінде мұзы бар термостарға салып зертханаға жөнелтіледі.
Вирустарды өсіру. Шошқалардың классикалық оба вирусы өкпе, көк бауыр, бүйрек 
жасушалары мен лейкоциттерден (цитопатогендік әсері анық байқалмайды), торайлардың 
тестикуласынан (цитопатогендік әсері байқалады) дайындалған алғашқы және торайлардың 
бүйрегінен алынған тұрақты (РК-15) жасуша өсінділерінде репродукцияланады. Жасуша 
өсінділеріндегі вирустардың максимальды титрі 4-8 күннен кейін байқалады. Сонымен қатар, 
бұл вирусты зертхана жағдайында иммунделмеген шошқалардың организмінде шексіз өсіре 
беруге болады. Бірақ бұл әдіс өте қымбат және қауіпті болып саналатындықтан арнайы 
рұқсатты қажет етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет