Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК


Патологиялық материалдарды зерттеуге дайындау



Pdf көрінісі
бет73/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   146
вирус

Патологиялық материалдарды зерттеуге дайындау. Зертханада 
патологиялық материалдардан (о бастапқы материал болып есептеледі) 
құрамында вирусы бар суспензия дайындалады. Алайда әрбір материалдың 
аздаған бөліктерін қосымша зерттеуге арналған материал ретінде алынып, 
мұздатылады да сараптама аяқталғанға дейін сақтауға қойылады (қажет болған 
жағдайда).
1 Органдардың ұлпаларынан құрамында вирусы бар суспензияларды 
дайындау: 
- ұлпалар ұсақталып фарфордан жасалған үккіште ұнтақталады; 


- Хэнкс ертіндісінде немесе фосфатты тұз ерітіндісінде 10% суспензия 
дайындалады; 
- 1500-3000 айналым/мин 15-20 минут бойы центрифугаланады; 
- тұнба сұйықтығы алынып, оған кең спектрлі әсері бар антибиотиктер 
қосылады; 
- бакетриологиялық бақылау жүргізу үшін ЕПА, ЕПС, ЕПБС, Сабуро 
орталарына себінді жасалады
- бактериологиялық бақылау жүргізу барысында теріс нәтиже көрсеткен 
жағдайда құрамында вирусы бар суспензияға зерттеулер жүргізіледі; ал 
бактериологиялық бақылауда оң нәтиже көрсеткен суспензия қосымша 
антибиотиктермен өңделіп, қайта бақылауға қойылады. 
Зерттеу жұмыстарын жүргізгенге дейін суспензиялар минус 20-70°С 
температурада сақталады. 
2 
Шайындылар 
мен 
қырындылардан 
құрамында 
вирусы 
бар 
суспензияларды дайындау: 
- тампон тасымалдауға арналған ортада шайылып, сығылады; 
- 1500-3000 айналым/мин 15-20 минут бойы центрифугаланады; 
- тұнба сұйықтығы алынып, кең спектрлі әсері бар антибиотиктердің 
көмегімен контаминанттардан босатылады; 
- бакетриологиялық бақылау жүргізу үшін ЕПА, ЕПС, ЕПБС, Сабуро 
орталарына себінді жасалады; 
- бактериологиялық бақылау жүргізу барысында теріс нәтиже көрсеткен 
жағдайда құрамында вирусы бар суспензияға зерттеулер жүргізіледі; ал 
бактериологиялық бақылауда оң нәтиже көрсеткен суспензия қосымша 
антибиотиктермен өңделіп, қайта бақылауға қойылады
- тұнбаларды ИФТ, ИФР және т.б. серологиялық реакциялармен зерттеуге 
болады. 
Зерттеу жұмыстарын жүргізгенге дейін суспензиялар минус 20-70°С 
температурада сақталады. 
3 Нәжістен құрамында вирусы бар суспензияларды дайындау: 
- нәжісті фосфатты тұз ерітіндісінде гомогенизациялайды; 
- 1500-3000 айналым/мин 15-20 минут бойы центрифугалайды; 
- тұнба сұйықтығы алынып, кең спектрлі әсері бар антибиотиктердің 
көмегімен контаминанттардан босатылады; 
- бакетриологиялық бақылау жүргізу үшін ЕПА, ЕПС, ЕПБС, Сабуро 
орталарына себінді жасалады; 
- бактериологиялық бақылау жүргізу барысында теріс нәтиже көрсеткен 
жағдайда құрамында вирусы бар суспензияға зерттеулер жүргізіледі; ал 
бактериологиялық бақылауда оң нәтиже көрсеткен суспензия қосымша 
антибиотиктермен өңделіп, қайта бақылауға қойылады; 
Зерттеу жұмыстарын жүргізгенге дейін суспензиялар минус 20-70°С 
температурада сақталады. 
4 Тері жарақаттарынан құрамында вирусы бар суспензияларды 
дайындау: 
- папула қабырғалары, қабыршықтар фосфатты тұз ерітіндісінде езіледі; 
- 1500-3000 айналым/мин 15-20 минут бойы центрифугаланады; 


- тұнба сұйықтығы алынып, кең спектрлі әсері бар антибиотиктердің 
көмегімен контаминанттардан босатылады; 
- бакетриологиялық бақылау жүргізу үшін ЕПА, ЕПС, ЕПБС, Сабуро 
орталарына себінді жасалады; 
- бактериологиялық бақылау жүргізу барысында теріс нәтиже көрсеткен 
жағдайда құрамында вирусы бар суспензияға зерттеулер жүргізіледі; ал 
бактериологиялық бақылауда оң нәтиже көрсеткен суспензия қосымша 
антибиотиктермен өңделіп, қайта бақылауға қойылады; 
Зерттеу жұмыстарын жүргізгенге дейін суспензиялар минус 20-70°С 
температурада сақталады. 
5 Антикоагулянт қосылған қан төменгі температурада қатырылады. 
Ерітілгеннен кейін гомогенизацияланған қан 1500-3000 айналым/мин 15-20 
минут бойы центрифугаланады, кең спектрлі әсері бар антибиотиктердің 
көмегімен контаминанттардан босатылады және бактериологиялық бақылау 
жүргізіледі. 
Қан сарысуын алу үшін антикаогулянт қосылмаған қан ұйығанша бөлме 
температурасында немесе термостатта ұсталады, ұйыған қан түтік 
қабырғасынан таяқша көмегімен ажыратылады да 18-20 сағатқа тоңазытқышқа 
қойылады, сонан соң бөлінген қан сарусулар стерильді жағдайда алынып, кең 
спектрлі әсері бар антибиотиктер қосылады. Қан сарысулары +4°С 
температурада сақталады немесе мұздатылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет