Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК



Pdf көрінісі
бет76/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   146
вирус

 
Сабақ жоспарының үлгісі: 1 Білім алушыларға сауалнама жүргізу; 2 
Сабақ тақырыбы бойынша оқытушының түсіндіруі; 3 Материалдарды 
демонстрациялау (жағындыны дайындау әдісі; М.А. Морозов бойынша 
жағындыларды бояу әдісі); 4 Студенттердің өзіндік жұмысы (жағынды 
дайындау; М.А. Морозов бойынша жағындыларды бояу; жағындылардың 
микроскопиясы; микроскопия нәтижелерінің суреттерін салу); 5 Сабақты 
 
2-сурет. «Бабеш-
Негри» денешіктері 
3-сурет. «Гварниери» 
денешіктері 
4-сурет. «Боллингер» 
денешігі 


қорытындылау жүргізіледі; 6 Келесі сабаққа тапсырма беріледі. 
Бақылау сұрақтары: 1 Вирустар жануарлар ағзасында қандай формада 
болады? 2 Вирустардың жасушадан тыс формасы қандай әдіспен анықталады? 
3 Электрондық микрофотография негізінде вирус туралы не білуге болады? 4 
Провирус деген не? 5 АИ-бөлшектер деген не? 6 Денешіктер-қосылыстардың 
қандай түрлері болады, оларды анықтау әдістерінің мәні неде? 
 
4 тақырып. ВИРУСТАРДЫ ӨСІРУ. ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖАНУАРЛАРДЫ 
ВИРУСОЛОГИЯДА ҚОЛДАНУ 
 
Сабақтың мақсаты: вирусологиядағы тірі жүйемен танысу; вирустарды 
зерттеулерге арналған эксперименттік биологиялық модель ретінде 
қолданылатын зертханалық жануарлармен танысу; вирусы бар материалдарды 
ақ тышқандарға жұқтыру әдістерін меңгеру; ақ тышқандарды жарып сою және 
екіншілік патологиялық материалды алу әдістерін зерделеу. 
 
Сабақтың материалдық қамтамасыз етілуі: тышқандар, физиологиялық 
ерітінді, жануарларды жарып союға арналған тақтайшалар немесе парафинді 
үстелшелер, стерильді саймандар (шприцтер, анатомиялық пинцеттер, 
қайшылар) салынған стерилизаторлар, мақта, 70°-ты этил спирті, наркозға 
арналған эфир, эксикатор, стерильді мақта тампондар, зат шынылары, сүзгіш 
қағаздар. 
Ақуыз синтездеу қабілеті мен энергия алмасу жүйесінен айырылған, тек 
сезімтал жасушаларда ғана тоғышарлық ететін вирустар, бактериялар тәрізді 
жасанды қоректік орталарда көбейе алмайды. Олардың көбею (репродукция) 
процесі сезімтал организмнен алынған, белгілі бір шеңбердегі жасушалардың 
метаболизміне байланысты болып келеді. Осыған сүйене отыра, вирустарға 
сезімтал белгілі бір жасушалар болған жағдайда ғана оларды зерттеуге, 
сақтауға, сүйемелдеуге, жинақтауға және т.б. мүмкін болды. Әдетте 
вирустардың мұндай жиынтығы тірі жүйе деп аталады. Вирустарды тірі 
жүйелерде көп мөлшерде жинақтау процесі оларды өсіру деп аталады. 
Вирусологияда қолданылатын тірі жүйенің төрт түрі бар: тірі табиғаттың 
сезімтал өкілдері; зертханалық жануарлар; тауық эмбриондары; жасуша 
өсінділері. 
Тірі 
табиғаттың 
табиғи 
сезімтал 
өкілдеріне 
сүтқоректілердің, 
өсімдіктердің немесе планетадағы барлық тіршілік иелерінің өкілдері жатады. 
Табиғи жағдайда олардың жасушаларында вирустар тоғышарлық етеді. Мұндай 
организмдерді әдетте «вирустың табиғи иелері» деп атайды. Қазіргі уақытта 
т
абиғи сезімтал тірі жүйелер вирусологиялық зерттеу жұмыстарында сирек 
жағдайда ғана қолданылады.
Мысалы, сүтқоректілердің бір түріне әсер ететін 
клиникалық ұқсас вирустық аурулардың дифференциалдық диагностикасында 
ғана пайдаланылады. Бұған мысал ретінде доңыздардың (шошқа) классикалық 
және африкалық обасының дифференциалдық диагностикасын жатқызуға 


болады. Сондай-ақ, вирустың белгілі бір түрінің айналымына қолайлы 
экологиялық ортаны зерттеу үшін де қолданылады.
Қазіргі таңда вирусологияда тірі жүйенің үш түрі пайдаланылады. Оған 
зертханалық жануарлар, тауық эмбриондары мен жасуша өсінділері кіреді. 
Зертханалық жануарлар – бұл медициналық, ветеринарлық және 
биологиялық зерттеулерді жүргізуге арналған, арнайы өсірілген жануарлар. 
Олар 
патологиялық материалдардан вирустарды анықтау және бөліп алу; 
вирустарды көп мөлшерде жинау; зертханадағы вирустардың белсенділігінің 
сақталуын қамтамасыз ету; бейтараптау реакциясында қолданылатын тест-
объектісі ретінде және гипериммунды қан сарысуларын алу үшін 
пайдаланылады.
Ертеден бері зертханалық жануарлар патологиялық материалдардан 
вирустарды анықтау үшін, яғни биосынама қою үшін қолданылып келеді. Онда 
патологиялық материалдардың суспензияларымен зертханалық жануарларды 
жұқтырып, олардың ауруға шалдығу дәрежесін есепке алады. Вирусология 
тәжірибесінде құтырық ауруын балау үшін биосынама тышқан балаларына 
қойылса, инфекциялық бронхитте биосынама тауық балапандарында 
жүргізіледі.
Жиі жағдайда жануарлар организмінде вирустың болу тиімділігі төмен 
болып, қандай вирус екендігін анықтауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан 
вирустардың түрін анықтау үшін қосымша зерттеулер жүргізілуі қажет. Бірақ, 
кейбір жағдайларда биосынама қойылған жануарларда белгілі бір ауру 
қоздырғышына тән клиникалық белгілер анық байқалып, патологиялық 
материалдарда вирустың бар екендігін білдіріп қана қоймай, түрін айқындауға 
да мүмкіндік береді. Мысалы, өлімге ұшыраған торайлардың паренхиматозды 
органдарынан дайындалған суспензияны қояндардың бұлшық етіне еккен 
жағдайда (егілген жерінде) қатты қышыма пайда болады, тіптен қышыған 
жерінің терісі мен бұлшық етін тістелеп тастайды да, өлімге ұшырайды. Бұл 
көрсеткіш қояндардың Ауески ауруына шалдыққандығын көрсетсе, тауық 
немесе көгершін шешегі вирусы бар суспензия егілген тауықтар мен қой 
шешегі жұқтырылған қозыларда аталмыш ауру қоздырғышына тән белгілерді 
анықтай отыра, олардың түрін анықтауға болады.
Биосынама қойылған жануарлардың организмінен құрамында вирусы бар 
материалдарды жинап алған жағдайда, вирус толық бөлініп алынды деп 
есептеледі. 
Эксперименталды жолмен жұқтырылған жануарларды организмінде 
жиналған вирустарды ауруларға қарсы вакциналарды дайындау немесе 
вирустардың қасиеттерін анықтау (идентификациялау) үшін пайдаланады. 
Аусыл ауруына қарсы вакцинаны дайындауға қажетті биомассаны жинап алу 
үшін вирусты жаңа туылған қоян балаларының организмінде өсіреді. 
Зертхана жағдайында қандай да болмасын әдістермен консервацияланған 
вирустар өздерінің белсенділік қасиеттерін жояды. Сондықтан вирустардың 
белсенділік қасиеттерін ұзақ уақыт (көп жылдар) бойы сақтау үшін тірі 
жүйелерде (жануарлар организмі, тауық эмбриондары, жасуша өсінділері) 
кезекпен пассаж жасап отыру қажет. Пассаж деп вирустың жаңа популяциясын 
алу мақсатында, оларды сезімтал келетін тірі жүйелерде өсіруді айтады. 


Жаңадан пассаж жасалған вирустардың белсенділік қасиеттері қайта қалпына 
келеді. 
Вирустармен жұмыс жүргізу кезінде олардың инфекциялық титрін, яғни 
материалдардағы мөлшерін білу қажет. Оны анықтау үшін түрлі 
сұйылтымдардағы вирусы бар материалдарды тірі жүйелерге жұқтырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет