бөлігі таңбаланғаны – 2, сол жақ жамбасы таңбаланғаны – 3, желкесі – 4,
арқасы – 5, құйымшақ аумағы таңбаланғаны – 6,
оң жақ жауырыны
таңбаланғаны – 7, оң жағының орта бөлігі таңбаланғаны – 8, оң жағының
жамбасы таңбаланған жануардың реттік саны сәйкесінше 9 санын білдіреді.
Екі түсті бояуды қолдана отыра, олардың бір бояудың түсін – бірлік, ал
екіншісін ондық сан деп белгі салуға болады.
Зертханалық
жануарлармен
жұмыс
істеу
кезіндегі техника
қауіпсіздігі. Зертханалық жануарлармен жұмыс істеу барысында адам мен
жануарға жұғу мүмкіндігінің болатындығын ескерген жөн. Мұндай
жағдайларға жол бермеу үшін жеке қауіпсіздік ережелерін қатаң түрде
сақтау
қажет.
1 Жануарлармен зертханалық сабақтар өткізілетін оқу аудиторияларында
тиісті шығыс материалдары,
реактивтер, дезинфекциялық ерітінділер
дайындалуы тиіс.
2 Оқу сабақтарын бастамас бұрын студенттерді алдағы жұмыс
жоспарымен және оны орындау кезіндегі қауіпсіздік
пен жеке гигиена
талаптарымен таныстыру қажет.
3 Жануарлармен жұмыс тек арнайы киімде (халат, қалпақ), резеңке
қолғапта, маскада жүргізіледі.
4 Шамадан тыс мазасыздық пен агрессивтілік көрсеткен жануар
тынышталғанға дейін манипуляцияны тоқтату керек.
Мұндай жағдайда
тыныштандыратын препараттарды қолдануға болады.
5 Жануарларды оқытушы көмекшісінің қатысуымен жұқтырады, көмекші
жарақат алу мүмкіндіктерді (тістеу, тырнау, т.б.) болдырмау үшін
жануарды
жалпы қабылданған әдістермен бекітеді.
6 Алдын ала таңдалып алынған және жарамдылығы тексерілген зерттеуге
алынған материалдар зертханалық жануарларға стерильді шприцпен енгізіледі.
7 Барлық жазатайым болған оқиғаларды сабақты жүргізіп отырған
оқытушыға немесе еңбекті қорғау жөніндегі инженерге хабарлау қажет.
8 Жануарлар жұмыс жүргізіп жатқан адамды жарақаттаған жағдайда қан
кетуді
тоқтатып, жарақатты дезинфекциялап, таңып қояды. Қажет болған
жағдайда медициналық көмекке жүгінуі керек.
9 Жануарларға жүргізілген жұмыс аяқталғаннан кейін құралдар-саймандар
мұқият жуылып, зарарсыздандыру үшін стерилизаторларға салынады. Үстел
және зерттеуге алынған материалдармен жанасқан
заттар дезинфекциялық
ерітінділермен өңделеді. Қолды сабынмен және құбыр суларымен жақсылап
жуады.
Достарыңызбен бөлісу: