Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК


Тауық эмбрионының эмбрионалды даму кезеңдері



Pdf көрінісі
бет87/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   146
вирус

Тауық эмбрионының эмбрионалды даму кезеңдері. Тауық эмбрионы – 
инкубация мерзімі 21 күн болатын ұрықтандырылған тауық жұмыртқасы. Ол 
тауықтардан бластула немесе ерте гаструла сатысында алынады. Осындай 
жұмыртқаны тауықтың дене қызуының температурасына дейін қыздырғанда 
ұрықтың ары қарай дамуы байқалады. 
Эмбрион дамып жатқан жұмыртқаның сырты ұсақ саңылаулары бар 
қауызбен қапталған, қауыздың ішкі жағында жанаса қабықша (қауызының 
астыңғы қабықшасы) орналасқан (13-сурет).
Қауыз бен қауыздың астыңғы қабықшасы эмбрионды қоршаған ортаның 
қолайсыз факторларынан қорғап тұрады. Жұмыртқаның доғал жағында ауа 
камерасы болады. Ұрық (зародыш) денесі қауызға жақын, ал ұрықтың басы ауа 
камерасына қарай бағыттала орналасқан. Ұрық сұйықтыққа толы амнион 
қуысының ортасында орналасады, оның кіндігі сарыуызға жалғасып жатады. 
Қауыздың астыңғы қабықшасының ішкі жағында амнион мен сарыуыз 


қапшығын қоршап тұратын аллантальды қуыс бар. Ұрықтың дамуы кезінде 
аллантоис қабықшасы хорионмен қосылып, хорион-аллантоис қабықшасын 
(ХАҚ) құрайды.
5 күн мен 12 күн аралығында инкубацияланған тауық эмбрионын 
вирустарды жұқтыру жұмыстарында пайдалануға болады. Вирустарды 
эмбрионның максималды дамуы кезінде, яғни сезімтал жасушалардың саны көп 
болған жағдайда, вирустың тропизмін ескере отыра, эмбрионның белгілі бір 
құрылымдарына жұқтырады (3-кесте).
Тауық эмбриондарында өсірілген вирустардың көпшілігі аллантоис және 
амнион сұйықтықтарында жиналып, дайын вирустық суспензияны құрайды. 
Инкубацияның бастапқы кезінде сарыуыз қапшығында ұрықтың дамуына 
қажетті қоректік заттар көп жиналып, эмбриогенездің 12 күндерінде ондағы 
қоректік заттар азаяды. Сондықтан вирусы бар материалдармен сарыуыз 
қапшығын жұқтыру инкубацияның 5-7 күндерінде жүргізіледі.
Амнион қуысы ұрықтардың дамуына қажетті буферлік орта болып 
есептеледі. Инкубация кезеңінің ортасына қарай бұл жерге 1 мл-ге дейін 
сұйықтық жиналады. Амнион қуысына жұқтыру үшін 8-10 күндік эмбриондар 
пайдаланылады.
Аллантоис қуысында зәр қышқылды тұздар, фосфорлы және азотты 
қосылыстар жиналады. Ұрықтардың дамуы, өсуі кездерінде аллантоис 
сұйықтығында қышқылды реакция жүреді. Аллантоис қуысы көлемінің 
максималды ұлғаюы эмбриондар дамуының 9-12-күндері байқалады. Осыған 
байланысты аллантоис қуысына жұқтыру үшін 9-11 күндік эмбриондарды 
алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет