Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК


Зертханалық жануарларды жарып сою



Pdf көрінісі
бет84/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   146
вирус

Зертханалық жануарларды жарып сою. Эксперименталды жолмен 
жұқтырылған 
зертханалық 
жануарлардың 
организмінде 
болған 
патологоанатомиялық өзгерістерін анықтау және вирусы бар материалды бөліп 
алу үшін оларды жарып сояды. Өлімге ұшыраған жануарлардың мүшелері мен 
ұлпаларының кілегей қабықша беткейіндегі (әсіресе ішек) микрофлоралармен 
ластануына жол бермеу үшін оларды тез арада жарып сою қажет. Өлімге 
ұшырамаған жануарлардың клиникалық белгілері анық байқалғандарын және 
ешқандай белгілер байқалмағандарын 8-10 күннен соң (жұқтырғаннан кейін) 
эвтаназия жасау арқылы 
жансыздандыруға болады. Ұсақ жануарлардың 
өлекселерін препарат үстеліне, ал ірі жануарлардың өлекселерін арнайы үстел 
немесе тақтай бетіне аяқтары мен басынан бекітеді. Жануарларды жарып сою 
жұмыстарында стерильді саймандар қолданылады.
Жануарлардың құрсақ және көкірек қуыстарын ашу үшін оны арқасымен 
жатқызып, алдыңғы және артқы аяқтарын керу арқылы бекітеді де, терісінің 
кесу сызығын бойлай дезинфекциялаушы ерітінділермен өңдейді. Ұсақ 


жануарларды дезинфекциялаушы ерітіндіге тұтастай батыруға болады. 
Жануарлардың терісін ақ жол сызығының бойымен кесіп, терісін екі жаққа 
кереді де, түйреуішпен бекітеді. Сосын, екінші стерильді қайшымен құрсақ 
қуысын ашады. Ол үшін диафрагма сызығынан төмен қарай құрсақ қуысы мен 
ақ жол сызығының бойымен кесінді жасайды. Үш бұрышты құрсақ қуысының 
қабырғаларын керіп бекітеді (11-сурет).
Патологоанатомиялық белгілері байқалған немесе өлімге ұшырар алдында 
ауру белгілері көрінген жануарлардың құрсақ қуысынан құрамында вирусы бар 
материалдар ретінде бауыр, көк бауыр, бүйрек, шажырқай лимфа бездері мен 
ішек кесінділері алынады. Көкірек қуысындағы мүшелерді алу үшін қабырға 
сүйектерін төс сүйегімен қоса айналдыра кесіп, қақпақша тәрізді ашады.
Бас сүйегін ашу үшін өлексені препарат үстеліне құрсағымен жатқызып
алдыңғы аяқтары мен басын бекітеді (12-сурет). Басы мен мойын терісін 
дезинфекциялаушы ерітіндімен өңдегеннен кейін терісін құлағының артқы 
жағынан бастап көз шарасына дейін айналдыра кеседі де, терісін құлағымен 
бірге алдыға қарай аша отыра бас сүйегін жалаңаштайды. Қайшының ұшын 
желкенің үлкен тесігіне кіргізеді де, оңға және солға қарай көз шарасына дейін, 
сосын көз шарасының арасын айналдыра кескеннен кейін бас сүйегін ашады. 
Жұмсақ консистенциялы мидың жүйке талшықтарын кесіп, бас сүйегінен 
шығарып алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет