5. Оңтүстік Америка Бразилия:Бразилияда тьюторлық жүйе көбінесе жеке білім беру мен қосымша көмек көрсету мақсатында пайдаланылады. Тьюторлар көбінесе мектеп және университет деңгейінде жеке сабақтар жүргізеді.
Аргентина:Аргентинада да тьюторлық қызмет мектептер мен жоғары оқу орындарында бар. Тьюторлар оқу процесінде қолдау көрсетіп, студенттердің жеке оқу қажеттіліктеріне жауап береді.
Отандық білім берудегі тьюторлық прецеденттер. Тьюторлық прецеденттер — бұл тьюторлық қызметтің нақты мысалдары мен тәжірибелері, олар әр түрлі білім беру жүйелерінде немесе контексттерде қолданылуы мүмкін. Қазақстанда тьюторлық қызметтері білім беру жүйесінің әр түрлі деңгейлерінде және салаларында қолданылады. Жоғары оқу орындары, мектептер, қосымша білім беру мекемелері және онлайн платформалар тьюторлықтың әртүрлі жағдайларды қамтиды. Тьюторлықтың дамуы Қазақстанның білім беру жүйесінің сапасын арттыруға және студенттердің жеке қажеттіліктеріне жауап беруге бағытталған. Қазақстанда тьютор мынадай бағыттарда қарастырылады:
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың көмекшісі, студенттің академиялық кеңесшісі, тьютор белгілі бір пәнді немесе модульді меңгеру бойынша кеңесші ретінде әрекет етеді.
1. Жоғары оқу орындарында тьюторлық Бұл студенттерге оқуға көмек көрсету, зерттеу жұмыстарына жетекшілік ету және кәсіби даму бағытында бағыт-бағдар береуі.
Кәсіби тьюторлар: Тьюторлар, әдетте, оқытушылар немесе ғылыми қызметкерлер болып табылады. Олар студенттердің оқу процесін бақылап, жеке кеңес береді.
Психологиялық көмек: Кейбір университеттерде тьюторлар студенттердің психологиялық және әлеуметтік мәселелерін шешуде көмек көрсетеді. Олар жеке мәселелер мен стресс жағдайларын басқару бойынша кеңестер береді.
2. Мектептерде тьюторлық 2.1. Қосымша сабақтар мен репетиторлар
2.2. Инклюзивті білім беру
Инклюзивті білім беру: Инклюзивті білім беру жүйесінде арнайы қажеттіліктері бар оқушыларға көмек көрсету үшін тьюторлар тағайындалады. Олар оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес оқыту процесін бейімдейді.