БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ТЬЮТОРЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУДЕГІ ТАЛАПТАР
Қазақстан Республикасында бастауыш білім берудегі тьюторлық сүйемелдеудегі талаптар
Қазақстан Республикасында бастауыш білім берудегі тьюторлық сүйемелдеуге қатысты негізгі талаптарды атап көрсеткенде:
1. Негізгі қызметтік талаптар: Белсенділік, тіл тапқыштық, аңғарымпаздық, жоғары ұйымдастырушылық және талдау қабілеті; Кәсіби дағдылар мен қызметін атқаруға қажетті білімінің болуы; Қарым-қатынастағы ұстамдылық, сенімділік, сыпайылық;
2. Педагогикалық білімнің қажеттілігі;
3. Білім беру туралы заңы туралы білімнің болуы;
4. Жас ерекшелік педагогикасынан хабары болуы;
5. Инклюзивтік оқыту курстарына қатысуы;
6. Заман талабына сай дамып отыруы;
7. Жеке жұмыс жасау барысында оқушының жеке басынан өтпеуі;
8. Бастауыш сынып оқушысы болғандықтан, әрбір жаңа әрекет ата-ана рұқсатымен орындауы керек;
Тьюторлық сүйемелдеу түсінігі мен мәні.
Тьюторлық сүйемелдеу-бұл білім беруді дараландыруға бағытталған педагогикалық қызмет. Оқушының білім беру мотивтері мен мүдделерін анықтау және дамыту; жеке білім беру бағдарламасын құру үшін білім беру ресурстарын іздеу;
білім беру тапсырысымен жұмыс; оқушының оқу және білім беру рефлексиясын қалыптастыру.
Тьюторлық сүйемелдеудің мәні мыналар үшін жағдай жасау болып табылады: білім беру кеңістігінде оқушыны дербес сүйемелдеу; оның ішкі әлеуетін ашу; қоршаған қоғамда сәтті бейімделу.
Тьютор оқу және әдістемелік материалды сауатты таңдайтын, білім беру бағдарламасын игерудің жеке жоспарын жасайтын тәлімгер ретінде әрекет етеді.
Педагогикалық қолдау және тьюторлық сүйемелдеу.
Бұл өмірде әр адам қолдау сөздерін, қол ұжын беретін жандарға мұқтаж. Адамға адам керек. Дәл солай оқушы да сабақ барысында, даму барысында мотивация мен қолдауды қажет етеді. Бала қолдауды әлеуметтен алады. Яғни, ата-атадан, достарынан, ұстаздармен т.б. Мектеп жасындағы балалар өз алдына үлгі ретінде ұстазын қояды. Ол кісіден жаңаны біліп, уақыт өткізеді.
Енді, қолдау жайлы нақты айтатын болсақ, қолдаудың өзінің де ережері, мәнері болады. Педагогикалық қолдау – бұл мұғалімнің баланың әлеуетін ашу үшін жағдай жасауы, оқушының өтініші бойынша немесе мұғалім оқушының өз проблемасын шеше алмайтынын көрген жағдайда жүзеге асырылатын педагогикалық іс-әрекет.
Тьюторлық сүйемелдеу- білім алушының білім беру мотивтері мен мүдделерін анықтауға және дамытуға, жеке білім беру бағдарламасын құру үшін білім беру ресурстарын іздеуге, отбасының білім беру тапсырысымен жұмыс істеуге, білім алушының оқу және білім беру рефлексиясын қалыптастыруға бағытталған білім беруді дараландыру бойынша педагогикалық қызмет.
Тьюторлық сүйемелдеу принциптері.
Олар:
Кәсіптік білім беру және қызметкерді оқыту. "Білім берудегі тьюторлық сүйемелдеу"бағыты бойынша қосымша кәсіптік білімі бар жоғары (негізінен педагогикалық, психологиялық-педагогикалық) білім қажет.
Практикалық жұмыс тәжірибесі. Білім алушылар мен олардың отбасыларының тиісті контингентімен жұмыс тәжірибесінің болуы ұсынылады.
Инновациялық білім беру және коммуникативтік технологияларды пайдалану. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен цифрлық білім беру ресурстарын қолдануды қамтиды.
Тұрақты кәсіби және жеке өсу, біліктілікті арттыру.
Құжаттаманы жүргізу. Білім алушылардың жеке білім беру бағдарламасын қалыптастыруын және іске асыруын тьюторлық сүйемелдеу процесін қамтамасыз етеді
Тьюторлық сүйемелдеу кезеңдері.
Тьюторлық сүйемелдеу кезеңдері мыналарды қамтуы мүмкін:
Дайындық кезеңі. Баламен және отбасымен танысу, мектептің білім беру ресурстарын ұсыну.
Диагностикалық кезең. Бала туралы деректерді жинау және ілеспе құжаттарды зерделеу, ата-аналарға білім беру сұранысын қалыптастыруға көмектесу.
Жобалау кезеңі. Жеке білім беру бағытын әзірлеу.
Іске асыру кезеңі. Жеке білім беру бағытын іске асыруды сүйемелдеу, қажет болған жағдайда-маршрутты түзету.
Аналитикалық кезең. Қорытындылау: баламен және ата-аналармен кездесу, мамандармен кездесу, бала мен ата-аналардың мамандармен кездесуі.
Достарыңызбен бөлісу: |