Сўраєанова сайран ќабдырахманќызы



бет7/15
Дата31.08.2023
өлшемі318 Kb.
#476336
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
кәсіпкерлік

Проблемалық – қолайлы шешімдер іздестіруді талқылау нәтижесінде және дауысқа салу арқылы шешім қабылданады. Жаңа проблема пайда болып, оның күрделілігі мен маңыздылығын талқылау қажет болғанда ұйымдастырылады.
Нұсқаулық мәжіліс – жарлық беру үшін байланыс орнату, оларды жедел орындау мақсатында ұйымдастырылады. Басшы жиналғандарға қабылданған шешімдерді хабарлайды. Оған тікелей орындаушылар шақырылып, мәселелер мұқият талқыланып, түсіндіріледі.
Жедел мәжіліс – күнделікті істің жайы туралы мәлімет алу, пікір алмасу мақсатында ұйымдастырылады.
Әрбір мәжілісте қаралатын мәселердің тізімін көбейту арқылы оны өткізу санын азайтқан жөн. Мәжіліске шақырғанда оның басталуымен қоса, аяқталуы мүмкін уақытын да ескерткен абзал. Мәжілістің табысты өтуі баяндама сапасына байланысты. Проблеманы жақсы білетін, оның маңыздылығын аша білетін, сөйлеу мәдениеті жетік адамға аяндаманы тапсырған жөн. Қатысушылар күн тәртібімен алдын ала таныстырылып, қарастырылатын мәселеге қатысты өз ойларын айтуларына мүмкіндік берілуі керек. Мүмкіндігінше мәжіліс арнайы бөлмеде (мәжіліс залында) өткізілгені дұрыс. Қатысушылардың түгел келмегеніне қарамастан мәжіліс өз уақытында басталып, регламент сақталуы керек, яғни әрбір баяндамашы нақты уақыт аралығында қатысушыларды мәселемен таныстырып, талқылауға салғаннан соң шешім қабылдау кезеңіне өтеді.
Адамдарға әсер ету құралы ретінде менеджер ауызша қарым-қатынас және іс-хаттарын жазуды қолданады. Ойын жазбаша жеткізудегі мақсат - проблеманы анық түсіндіре білу және жаңа идея туралы логикалық тізбек құру. Көзбе-көз әңгімелесу арқылы түсініскен хат жазғаннан едәуір тиімді екендігіне қарамастан әрбір басшы өз ойын жазбаша білдіре алуы керек. Хат жазудың жағымды және жағымсыз тұстары бар. Жағымды тұстарына: хат мазмұны жоспарланады, оқушыға хаттағы сандық мәліметтерді түсіну аңайға түседі, хатты оқушы түсінбеген жерлерін қайта оқиды. Жағымсыз тұстарына: хат жазушы өз ойын мимика, жест арқылы көрсете алмайды, хатты оқушы оны тез қабылдап, жылдам оқымауы мүмкін, хатты жазушы жіберген мәліметтермен нақты кім танысатындығын білмеуі мүмкін.
Хаттағы сөз, әсіресе фразаның мән-мағынасы бар. Сөздерді тек сұрыптап қана емес, оларды сөйлем ішінде байланыстыруға тырысу керек. Қазіргі таңда құрамында 12-14-тен аспайтын сөзі бар сөйлемдер қолданылады. Ал басқару мәселесі жайлы және экономикалық мәселелер жайлы тексттің өзінде 18-ге дейін сөздер қолданылады. 20 сөзден асқан фразаны оқыған кезде оқушы фразаны қайта оқуына тура келеді. Сондықтан құрмалас сөйлемге қарағанда жай сөйлемдерді қолданған ыңғайлы. Әйтсе де құрмалас сөйлемді тексттен алып тастауға болмайды. Хат жазуда мына талаптарды ескеру керек:

  • бір фразада бірнеше мәліметтерді енгізбеу керек;

  • тексттегі барлық мәліметтер ортақ негізге біріктірілуі керек;

  • фраза жинақы шамамен 18 сөзден аспауы керек;

  • «құрғақ» мәліметтердің өзін «жандандыра» білу керек, яғни эмоция байқалуы тиіс;

  • жинақталған барлық фактілерге талдау жасап, артық бөліктерін қысқарту керек;

  • фактілерді топтастыру керек;

  • мазмұндалу реті, жүйелілігі сақталуы керек;

  • кестелер, графиктер, суреттер, т.б. қолдану керек;

  • текст оқуға қолайлы болуы керек.

Аяқталып жазылған хаттың төменгі жағына хат жіберушінің аты-жөні жазылып, мөрі қойылады.
Әдетте телефонға және телефон арқылы байланыс жүргізуге жас мамандар да, басшылар да мән бермейді. Эксперттердің түсініктемесіне назар аударсақ:

  1. Тлефонмен хабарласқанда абоненттер өздерін көзбе-көз әңгімелескенге қарағанда өзгеше ұстайды.Сондықтан, сөздер мен фразалар толық айтылуы керек.

  2. Түрлі интонациямен сөйлей білу керек, яғни жай хабар жеткізу, таңдану, құпия ашу, сұрақ қою.

  3. Дауыс энергияға толы болуы керек, минутына шамамен 125 сөз айтуға болады, монотониядан аулақ болу керек.

  4. Телефон қоңырауына жауап бергенде сәлемдесіп, ұйым атын атап, өзіңізді таныстырып, қай мәселе бойынша телефон шалғандығын анықтау керек. Дауыста ынта, қызығушылық байқалуы тиіс. Абонент сіздің қуанышпен жауап бергеніңізді сезінуі керек. Әңгімеде міндетті түрде «қоңырау шалғаныңызға рахмет», «не көмек бере аламын?», «жағдайыңыз қалай?» деген фразалар болуы шарт.

  5. Әңгімелесіп болған соң да клиентпен байланысты үзбеуге тырысу керек.

  6. «Иә», «жоқ» деген нақты жауап алатын тұйық сұрақ қойған дұрыс, ал толық жауап алғыңыз келсе, «сіздің ойыңызша ...», «бұған қалай қарайсыз?», деген сияқты ашық сұрақ қоюға да болады.

  7. Егер сіз телефон соққан болсаңыз, әңгіме жоспарын айқындап алыңыз, достық ниетпен сәлемдесіңіз,өз атыңызды атап, қай ұйымның атынан хабарласып отырғандығыңызды ескертіңіз, жауап алуға асықпаңыз, тағы да хабарласу жөнінде келісіңіз.

  8. Нашар хабарды жеткізудің екі жолы бар: бірден хабарлау, жақсы хабардан кейін хабарлау.

  9. Әңгімелесуді аяқтауда абоненттің телефон соққаны үшін ризашылығыңызды білдіріңіз, келісілген мәселе бойынша барлығы орындалатындығын айтыңыз, абонент сіз туралы жақсы ойда қалуы керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет