Сүректі ағаш селекциясы орман екпелері жұмыстарының негізі болып саналады және көптеген сұрақтарды қамтамасыз етеді: орманды тұқымдандыруды аудандастыру; өте жақсы ағаш формаларын сұрыптау



бет5/7
Дата29.06.2016
өлшемі0.52 Mb.
#165609
1   2   3   4   5   6   7

2. Кресттеп бөлу тәсілі бұрын айтылып кеткен бастапқы үлгіден орташа үлгі алуындағыдай жасалынады, тек шаршыдағы тұқымдардың қабат қалыңдығы 5 см-ден аспауы керек.

3. Өлшемені тұқым-бөлгіш құралы арқылы алу орташа үлгі алған сияқты істелінеді.

Өлшеме алудың барлық тәсілдерін оқытушы түсіндірген соң, әрбір студенттер звеносы орташа тұқым үлгісінен оймалар тәсілімен өлшеме бөліп алуға кіріседі.Өлшеменің нақты мөлшері тұқым түріне байланысты тұқымдардың тазалығын анықтау үшін 2-кестеде көрсетілген.



2 кесте - Тұқымдардың тазалығын анықтау үшін өлшемелердің салмағы


Тұқым түрінің атауы


Өлшеме

салмағы, г


Кәдімгі пісте, тармақты қараөрік

500

Шие (кәдімгі және барлық мәдени сорттары), кәдімгі гледичия

200


Жиде (боз,тікенді),

кәдімгі мойыл,кәдімгі шаған




100


Алма (мәдени сорттары),үйеңкі (Семянов,татар, ағанжапырақты),

ұсақ жапырақты жөке ағашы


50


Итмұрын, кәдімгі арша

25

Бөріқарақат, шырғанақ

20

Балқарағай (сібір, Сукачев),

қарағай (шайырлы, тау)


15


Шегіршін (кәдімгі,бұтақты),

шырша (сібір,

кәдімгі,шығыс,Шренк)

10


Сексеуіл (ақ,қара),

кәдімгі шетен,үшқат (кәдімгі,

татар)

5


Қарақат (қара,сары),тұт (ақ,қара)

3

Тобылғы (сұр, талжапырақты)

2

Қайың (қотыр,үлпек,Шмидт),

тал, терек



1


Тұқым тазалығы деп, зерттелетін тұқым түрі партиясының тек таза тұқымдар құрамын айтамыз.Оны таза тұқымдар салмағының өлшеме салмағына қатынасы арқылы анықтаймыз.

Стратификациядан өткізілген және сыртқы қоршаған орта жағдайында сақталған, сондай-ақ кептірілген шырынды және құрғақ көптұқымды жемістердің тұқымдарының тазалығы анықталмайды.

Тұқым тазалығы МСТ 13056.2-67 бойынша тексеріледі.Тексеру мынадай жолмен іске асырылады. Қарастырылатын өлшеме тұқымдарын сұрыптау тақтаға төгеміз де, шпатель қалақша көмегімен 3 топқа: таза тұқымдар, тұқым қалдықтары және қоспаларға бөлеміз.

1. Таза тұқымдарға жататындар:

а) бүтін, жақсы дамығандары, өң-түстері ескерілмейді;

б) өне бастамағандары, бірақ мұрттары қабығын тескенмен әлі өсіп үлгермеген;

в) қабығы шытынаған сау тұқымдар;

г) үйеңкі, шаған, қараған тұқымдарының қанат сынықтары, сол сияқты қылқан жапырақты ағаштардың тұқымдары қанат қалдықтарымен бірге.

2. Тұқым қалдықтары фракциясына жататындар:

а) мұрт жарып, өніп кеткен тұқымдар (тек емен жаңғағы емес);

б) өте ұсақ тұқымдар,ұзындығы мен көлденеңі орташалардың жартысына да жетпейді;

в) дәні жоқ бос және қабысып қалған тұқымдар;

г) езіліп, кесіліп, немесе дән ұрықтары жартылай ашылып кеткендері және мүлдем қабықсыз қалғандары;

д) анық шіріген тұқымдар;

е) ауруға шалдыққандары;

ж) энтомозиянкестермен бүлінгендер;

з) кеміргіштерден бүлінген тұқымдар.

3.Қоспаларға келесі фракциялар жатады:

а) арамшөп өсімдіктер мен ауылшаруашылық дақылдарының тұқымдары;

б) басқа ағаш пен бұта түрлерінің тұқымдары;

в) тұқым зиянкестері және олардың личинкалары мен қуыршақтары;

е) топырақ түйірлері, ұсақ тастар, құм, жәндіктер менкеміргіштердің нәжістері, тұқым сынықтары, жапырақтар, қабық сынықтары, қабыршықтар, өлген зиянкестер, тағы басқа да қосындылар

Өлшемені жоғары келтірілгендегідей ажыратып алғаннан кейін таза тұқымдары таразыланып өлшенеді, содан кейін тұқым қалдықтары мен қоспалар әрқайсысы көрсетілген фракциялары бойынша жеке-жеке өлшенеді.Қорытындылары тұқым тексеру құжатына жазылады.

Өлшеу дәлдігі төмендегідей:

- өлшеме салмағы 99 грамға дейін – 0,01 г;

- өлшеме салмағы 100-ден 999 г дейін – 0,1 г;

- өлшеме салмағы 1000 г не одан да көп – 1 г дейін.

Таза тұқымдардың және жеке фракциялардың таразылау нәтижесі алғашқы өлшеме салмағына тең немесе төмен келтірілген (3 кесте) ауытқу мөшерінен аспауы керек.

Егер іс жүзіндегі ауытқулар келтірілген шектеп аспаған жағдайда, олардың салмағы таза тұқымдар салмағына қосылады. Ауытқу көрсетілген шектен асып кетсе, онда орташа үлгіден жаңа өлшеме алынып, оның талдауы

қайталанады.

Таза тұқымдардың және қалдықтар мен қоспалардың абсолюттік салмағынан басқа олардың проценттік мағыналары да есептелінеді. Есептеу дәлдігі 0,1% дейін, өлшеме салмағы 100% тең деп алынады.

Таза тұқымдар бұдан кеінгі тұқым сапасын анықтайтын зертханалық жұмыстарға қажет.
3 кесте - Тұқым тазалығын таразылаудағы ауытқу шегі (г)

Өлшеме салмағы, г

Ауытқу шегі, г


5 г дейін

0,02 г дейін


10 г дейін


0,05 г дейін

50 г дейін


0,10 г дейін


150 г дейін


0,5 г дейін


300 г дейін


1,0 г дейін


1000 г дейін


5,0 г дейін


1000 г дейін


10,0 г дейін



Жұмыстың орындау тәртібі
1. Студенттер орташа тұқым үлгілерін алғаннан кейін, оларды алдымен тұқым- бақылау станциясының кітабына тіркейді, сосын талдау қағазының бірінші бетін толтырады.

2. Орташа үлгінің тұқымдары аныктап қаралынады, керек болған жағдайда оның ірі қоспалары бөлек алынады.

3. Жоғарыда көрсетілген тәсілдердің бірін қолданып қажетті салмақтағы өлшеме бөліп алу.

4. Өлшемеден таза тұқымдарды, тұқым қалдықтарын және фракциялары бойынша бөліп, таразылап өлшеу.Жасалынған талдаудың дұрыстығын тексеру. Талдау нәтижелерін карточкаға жазу.



5. Бөлініп алынған таза тұқымдар бөлек бір пакетке салынады, оған, тұқым үлгісінің нөмірі жазылады. Тұқым қалдықтары мен қосындылар жалпы қоқыс ыдысына тасталынады.

Құралдар мен материалдар:

- Таразы

- Қалақша (шпатель) немесе ланцет

- Сұрыптау тақтасы

- Талдау карточкасы

- Орташа тұқым үлгісі

- Зертханалық күрекше (совок)

- Қоқыс салатын ыдыс.
4 – 5 Зертханалық жұмыстар. Тұқым ылғалдылығы мен 1000 дӘннің салмағын анықтау
1. 1000 дәннің салмағын анықтау

Ұсақ дәнді тұқымдарға қарағанда ірі дәнді тұқымдарда қоректік заттар көбірек болады, сондықтан тұқымдардың 1000 данасының салмағы шаруашылықта ең қажетті тұқым сапасының бірі болып табылады. Ірі дәнді тұқымдардың өсіп-дамуы зор болады. 1000 дәннің салмағы тұқымның географиялық шыққан жеріне байланысты, ал іс жүзінде көшеттіктерде тұқым сепкенде себу мөлшерінің есебінде ескеріледі.Сондай ақ бір тұқым түрінің 1000 дәнәнәң салмағы климаттық жағдайларға, топырақ құнарлығына,орманның жасына, т.б. факторларға байланысты өзгеріп тұрады.

1000 дәннің салмағы тұқымдардың ылғалдылығымен өте тығыз байланысты болады. Тұқым ылғалдылығы неғұрлым жоғары болса, оның салмағы да жоғары болады. Сондықтан тұқым партиясын тек қана 1000 данасының салмағымен бағалауға болмайды.Ол үшін міндетті түрде тұқым ылғалдылығы ескерілуі қажет.Ыңғайлы болу үшін 1000 дана тұқымның салмағын олардағы құрғақ зат қатынасы есптеледі. Бұл салмақты абсолюттік салмақ деп атаймыз, оны мына формуламен есептейміз



(100 - в) х а

К= ------------------

100
Бұл жерде К – 1000 дәннің абсолюттік салмағы, г;

в - тұқым ылғалдылығы, %;

а - 1000 дәннің ауақұрғақтығындағы салмағы, г.

1000 дәннің салмағы төмендегідей анықталады:

1) таза тұқымды сұрыптау-құрама тақтасына төгіп, әбден араластырамыз;

2) тұқымдардың ірілігіне, түсіне қарамастан, таңдамай 2 рет 500 дәннен жеке-жеке санап аламыз;

3) 500 дәннен сынама тұқымның әрқайсысын тарзыда өлшеп, нәтижелерін талдау карточкасына жазамыз; екі рет өлшегеніміздің қосындысы 1000 дәннің салмағын көрсетеді.

Тұқымның 1000 данасының өлшеу дәлдігі олардың салмағына байланысты.Егер 1000 дәннің салмағы 50 граммнан аспаса, өлшеу дәлдігі 0,01 г; оның салмағы 51 граммнан 150 грамм аралығында болса - өлшеу дәлдігі 0,1 г; ал 1000 дәннің салмағы 150 граммнан көп болса - өлшеу дәлдігі 1,0 г.1000 дәннің салмағы 150 граммнан асып кетсе, өлшеуге 250 дана тұқымнан 2 рет алынып, олардың қортындысы екіге көбейтіледі.

Егер әр бір тұқым өлшеу салмақтарының айырмашылығы 5 проценттен асып кетсе, үшінші сынама алынып, өлшенеді.Содан бір-бірінен айырмашылығы аз екі өлшеу бойынша 1000 дәннің салмағы есептеледі. Қорытындылары талдау қағазына жазылады.



2. Тұқым ылғалдылығын анықтау

Тұқым ылғалдылығы деп тұқым құрамындағы ылғалдың бастапқы өлшемедегі проценттік қатынасын айтады.

Тұқымдардың ылғалдылығы жоғары болған жағдайда, олардың дем алу процесі тез жүріп, түрлі ауру туғызатын микроорганизмдердің дамуына жақсы жағдай туындайды.Сондықтан тұқым шығымдылығы төмендейді.

Тұқымдар қоймада сақтау кезінде кептірілген, құрғақ болуы керек. Мысалға, қарағай, балқарағай, шырша тұқымдарының сақтау кезіндегі ең қолайлы ылғалдылығы 6,5-7,4%, кәдімгі шаған, сүйіржапырақты үйеңкі, жөке ағашы тұқымдары -10-12 %, ал емен жаңғағының ылғалдылығы -70-90% болуға тиіс.

Тұқым ылғалдылығын арнайы кептіргіштерде немесе электрылғалөлшегіштер көмегімен анықталады.

Орман тұқымдары бақылау станциясына түскеннен кейін ылғалдылығы 2 күннің ішінде анықталуы қажет. Қыс кезінде өте қатты тоңзыған тұқым үлгілерін зертханаларға түскен соң 2 сағаттан кейін ғана тексеруге болады.

Тұқым ылғалдылығын анықтауға арналған үлгіні тек тексеру басталар алдында ғана алады.Одан оймалар немесе крес тәсілімен керекті өлшемдегі тұқым сынамасы алынады.Керек болған жағдайда тұқымдарды ұнтақтайды, жаңғақтарды жарып дәндерін кеседі немесе үгеді (4 кесте).

Тұқым ылғалдылығы кептіру арқылы анықтауы келесі тәртіппен жүзеге асырылады:

а) орташа үлгі тұқымдары құрама тақтасына төгіледі, сосын барлық ірі коспалар – топырақ түйірлері, бұтақ сынықтары, бүрлері тағы басқалары бөлек алынады;

б) оймалар алу немесе крест тәсілімен тұқым сынамасы алынады, одан 2 өлшемежасалынады, қалған артық тұқымдарды ыдысқа салып, аузын мықтап тығындайды.Бұл тұқым 1 тәулік сақталуға тиісті, керек болған жағдайда пайдалануға;

в) алынған өлшемелер алдын – ала таразыланған және нөмірлері қойылған бюкстерге салынады;

г) алдын – ала температурасы 130 жеткізілген кептіргіш шкафына тұқым салынған бюкстердің ауыздарын ашып саламыз. Бюкстерді қойған кезде шкафтағы қызу төмендейді, сондықтан кептіргіштегі температура 130 градусқа жеткен кезден бастап кептіру уақыты есепке алынады. Кептіру уақыты тұқым түріне байланысты 1 -3 сағатқа созылады (4-кесте).
4 кесте - Ағаш пен бұта түрлерінің тұқым ылғалдылығын анықтауының техникалық шарттары



Тұқым түрі

Салмағы, г

Тұқым

сынама-сын дайын-дау

тәсілі

Кепті-ру

температу-расы, С

Кепті-ру уақыты,

сағат

Үлгі-нің

Сына-ма-ның

Өлше-менің

1

2

3

4

5

6

7

Кәдімгі өрік

500

100

15

Д

130

2

Кәдімгі бөрі қарақат

150

50

10

Б

130

2

Қайың (барлық түрлері)

25

10

2

Б

130

1

4 кестенің жалғасы




1

2

3

4

5

6

7

Бересклет

150

50

10

Д

130

2

Долана (барлық түрлері)

150

50

10

Д

130

2

Кәдімгі бузина

25

10

2

Б

130

1

Кәдімгі шие

150

50

10

Д

130

2

Кәдімгі бұтақты шегіршін (қарағаш)

25

10

2

Б

130

1

Кәдімгі алмұрт

150

50

10

Д

130

2

Тал

25

30

5

Б

130

1

Емен (барлық түрлері)

500

100

15

Д

130

2

Шырша (барлық түрлері)

50

30

5

Б

130

1

Ұшқат (барлық түрлері)

50

30

5

Б

130

1

Сары қараған

150

50

10

Б

130

3

Ат каштан

500

100

15

Д

130

2

Боз жиде

150

50

10

Д

130

2

Үйеңкі (барлық түрлері)

150

50

10

Д

130

1

4 кестенің жалғасы




1

2

3

4

5

6

7

Балқарағай (барлық түрлері)

50

30

5

Б

130

3

Шырғанақ

150

50

10

Б

130

3

Грек қара жаңғақтары

500

100

15

С

130

2

Терек

25

10

2

Б

130

1

Майқарағай

50

30

5

Б

130

3

Итмұрын

150

50

10

Д

130

2

Шетен

25

10

2

Б

130

1

Сексеуіл

25

10

2

Б

130

1

Қарақат

25

10

2

Б

130

1

Самырсын

150

50

10

Б

130

3

Қарағай

50

30

5

Б

130

1

Пісте

300

100

15

С

130

2

Мойыл

150

50

10

Д

130

2

Тұт

25

10

2

Б

130

1

Алма (барлық түрлері)

150

50

10

Д

130

2

Шаған (барлық түрлері)

150

50

10

Д

130

1

Тұқым сынамаларын кептіруге дайындау тәсілдерінің белгілері:

Б - тұқымдар бүтіндей кептіріледі;

Д - тұқымдар зертханалық диірменде үгіледі. Өрік сүйектерін алдын-ала жарады, ал емен мен каштан ұрықтарын үгу алдында кескілеп 3-4 бөледі.

С – жаңғақтарын жарып, алынған ұрықтарын 6-8 бөлшекке кескеннен кейін, езгіште үгітіледі.
Тұқым салынған бюкстер кептіріліп болған соң кептіргіштен алысымен эксикаторға салынады, өйткені ол жерде сұйды. Эксикатордың түбіне кальций хлориды қойылады, эксикатордың қақпағының жағалаулары вазелинмен майланады. 15-20 минут өткен соң суыған бюкстер эксикатордан алынады, оның әр қайсысы таразыда өлшенеді.

Тұқым ылғалдылығы әр өлшемге бөлек-бөлек процентпен формула бойынша есептеледі


(С – С1)х 100

Ы = ---------------------, бұл жерде

С – С2

Ы – тұқым ылғалдылығы, %;



С – тұқым салынған бюкстердің кептірілмеген салмағы, г;

С1- тұқым салынған бюкстердің кептірілгеннен кейінгі салмағы, г;

С2- бос бюкстердің салмағы, г.

Қарағай, балқарағай және шырша тұқым түрлері үшін тексеріс дұрыс деп есептелінеді, егер 2 өлшеменің де ылғалдылығы орташа ылғалдылық нәтижесінен айырмашылығы 0,3 проценттен аспаса,ал басқа ағаш-бұта түрлеріне бұл көрсеткіш 0,5 проценттен аспауы қажет.

Тұқым ылғалдылығын анықтағанда таразылау дәлдігі 0,01 граммға дейін өлшенеді, ал ылғалдылық проценінің дәлдігі 0,1 процентке дейін есептелінеді.

Егер ылғалдылықты анықтағанда 2 өлшеме нәтижелері шектелген ауытқулардан асып кеткен жағдайда, тексеру қайтадан жүргізіледі. Ылғалдылық проценті қайталанған тексеріс бойынша алынады. Егер бұл жағдайда да 2 өлшеменің көрсеткіштері шектеуден асып кетсе, ылғалдылық проценті 4 өлшеме қосындысының орташа арифметикалық көрсеткіші бойынша есептелінеді.

Құрал- саймандар мен материалдар:

1) Таразы;

2) Сұрыпталған таза тұқымдар;

3) Құрама тақтасы;

4) Қақпақты бюкстер;

5) Қалақша немесе ланцет;

6) Кептіргіш шкаф;

7) Эксикатор;

8) Талдау қағазы.
6 – зертхангалық жұмыс. Тұқым Өнгіштігін анықтау



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет